400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Тауық және оның балапандары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Түсі әртүрлі заттардың белгісі болып табылатынына және олардың сипатын білдіру үшін қолданылуы мүмкін екендігіне балалардың назарын аудару; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды үй құстарымен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика

Тақырыбы: Тауық және оның балапандары

Мақсаты: Түсі әртүрлі заттардың белгісі болып табылатынына және олардың сипатын білдіру үшін қолданылуы мүмкін екендігіне балалардың назарын аудару; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды үй құстарымен таныстыру.

Көрнекіліктер:Ақ және сары түсті қатты қағаздан дөңгелектер, балапандар мен тауықтардың суреттері.

Шаттық шеңбер

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз.

Жоғары-төммен қараймыз,

Топылдатып басамыз.

Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Топтың ішіне көз салыңдаршы, біздің топ бүгін ерекше. Өйткені, бүгін біз сендермен ашық оқу қызметін өткелі тұрмыз. Олай болса, қонақтармен амандасып алайық.

Үлкенге де «Сіз»,

Күшіге де «Сіз».

Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз!

-Балалар,біз үй жануарларын білеміз бе?

-Үй жануарларын атайықшы.

-Балалар,тауық қандай болады?

-Тауықтан не шығады?

-Жұмыртқадан не шығады?

-Балапанның түсі қандай?

-Балапан сүйкімді ме?

Балалардың жауаптары

- Балалар, біз сендермен енді тауық және оның балапандары туралы сурет көреміз.

 - Міне, мынау тауық. Ол үй құсына жатады. Өйткені оның еті, қауырсыны, жұмыртқасы адамға пайдалы. Балалар,тауықтардың саны нешеу?

-Олардың түстері қандай?

-Қызыл тауық нешеу?

-Ақ тауық нешеу?

Балалардың жауаптары.

 Ал, мынау оның балапандары. Олардың түсі сары, олар жұмыртқалардан шығады.





Үлестірмелі материалдармен жұмыс

- Балалар, біздің тауығымыз мынандай ақ түсті болады.

 Педагог ақ дөңгелекті көрсетеді


Shape1








- Ал, мынандай басқа түстен біздің балапандарымыз болады, олар - сары. Педагог ақ дөңгелектің артынан сары дөңгелекті қояды. Педагог тағы бір рет тауықтың түрлі түстен болатынын,ал басқа сары түстен балапандары болатынын түсіндіреді.



- Балалар, енді сендер қораптан тағы бір балапанды табыңдар және оны тауықтың соңына қойыңдар.(қорапшаға көк және сары дөңгелектер салынады. Балалар ішінен сары дөңгелекті алып,тауықтың қасына тіркейді.

 Балапандар тауықтың артында тізіліп тұрады.


Сергіту сәті:

Ертіп сары балапандарын,

  Айдалы әсем шықты тауық.

«Кетпеңдер ұзап, балапандарым»,

  Қыт-қыт,- дейді ауық-ауық.


Тыныс алу жаттығулары

Ысқырғышты үрлеу


Дидактикалық ойын «Сиқырлы қапшық»

Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.


Қорытынды

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау. Сұрақ қою,жауап алу.Балаларды мадақтау


Күтілетін нәтиже: Біледі: Тауық пен балапанды;

Игереді: Тауық пен балапанды ажыратуды;

Меңгереді: Түстің әр түрлі заттар сипатын білдіру үшін қолданылатынын;







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
2373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі