Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық оқу қызметі "Теңіз асты патшалығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру аймағы: «Таным», «Қатынас»

Бөлімдер: «Қоршаған ортамен таныстыру», «Экология», «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Теңіз астына саяхат»

Бағдарлама мазмұны: балаларды теңіз астындағы жәндіктермен және олардың түрін, су астында қалай тіршілік ететінін таныстыру;

теңіз астындағы ерекше жәндік түрлерімен таныстырып білімін көтеру; шығармышылық жұмыс барысында балалардың ой- өрісін және сөздік қорын дамыту. Табиғаттың бір бөлігі теңіз жәндіктеріне қызығушылығын арттырып оларды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Балдыр, сегізаяқ.

Билингвалдық компонент: Осминог-сегізаяқ, жұлдызша- морская звезда.

Құрал жабдықтар: Кеме, глобус, теңіз түбі бейнеленген слайд, пазлы, гуашь, қылқалам, ақ қағаз.


Әрекеттер кезеңі

Педагогтың әрекеті

Баланың әрекеті



Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер:

Күн анадан, жер анадан қуат аламыз.

Оны өзіміздің денемізге беріп, күннің жылуын жүрегімізге сыйлаймыз. Табиғат егіз адаммен

Ұқсастық табам содан мен

Мәңгілік болсын егіздер

Жер- ана, көл теңіздер.

- Балалар, саяхатқа шығып әлемді шарлағанды ұнатасыңдар ма?


Балалар жер анадан, күн анадан қуат алып, бір-біріне жүрек жылуын беріп сәттілік тілейді.




- Иә

Іздену ұйымдастырушы



















































































































































- Мен сіздерді бүгін теңізге саяхатқа шақырамын. - Қараңдаршы, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?

- Анықтап қараңдаршы, егер оны мен айналдыратын болсам, оның түсі қандай болады?


- Ал егерде қаттырақ айналдырсам, онда глобустың түсі көкпеңбек түске айналады.


- Қане кім жауап береді, неге бұлай болды?



- Глобустағы көк түс нені білдіреді?

- Теңіздер мұқиттар барлық жерде бірдей боялған ба?

- Неге?


- Дұрыс айтасыңдар! Сонда да теңіздер мен мұқиттар өте терең. Тіптен биік таулардың өзі де теңіз шыңыраудың биігінен көрінбейді. Теңіздің ұшы – қиыры жоқ кең, онда апталап жүзе беруге болады. Қай жағыңа қарасаң да мыңдаған километрге дейін созылып жатқан суды көресің.

- Олай болса бәріміз кемеге отырып саяхатқа шығуға дайындалайық.


- Балалар, біз қандай жерге саяхатқа шығатынымызды көріп алайық. Мен кеме капитаны боламын, ал сендер зерттеуші боласыңдар. Қане, өз орындарыңа жайғасыңдар.Ал балалар көңілімізді көтеріп ән салып барайық.

Алыс – алыс елдерге,

Орман, тоғай көлдерге

Саяхаттап барамыз

Теңіз түбін көруге


- Балалар қараңдаршы! Белгісіз аралға келіппіз, жан-жағымызға қарайықшы, аралды толқыған су қоршап жатыр, енді осы аралға түсіп көрейік.



- Бұл неғылған сандықша екен , бұл сандықтың ішінде не бар екен, ашып көрейік. Қараңдар, балалар, сандықта кітап бар екен. Кітаптың ішінде жұмбақтар жазылыпты, мен оқиын сендер жауабын тауып көріңдер.



Жұмбақты шешу:

1. Суда өседі, өнеді,

Сыртқа шықса өледі.

Орыс тілінде балықты қалай айтамыз?


2.Өзі алып кемедей,

Дауылдан ықпайды.

Су малып

Телегей,

Мұхиттан шықпайды.


Орыс тілінде китті қалай айтамыз?


3. Асты тас, үсті тас,

Ортасында жанды бас.


Орыс тілінде тасбақа қалай айтамыз?



4. Басы дәу, аяғы көп,

Су асты оның мекені.


Орыс тілінде сегізаяқты қалай айтамыз?



5. Су астында жүзеді,

Терең суды сүйеді,

Отыз жыл өмір сүреді.


Орыс тілінде жұлдызшаны қалай айтамыз?


6. Адамдардың досы,

Сүйкімді де өзі.

Балыққа өзі жатпайды,

Бірақ сумен ойнайды.


Орыс тілінде делфинді қалай айтамыз?


Музыка Н. Римского – Корсакова «Садко».

- Әуенді естіп тұрсыңдар ма? - Мынау ненің даусы?

- Дұрыс балалар, теңіз жануарлары, жәндіктері туралы сендер білесіңдер, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар, ал енді сол теңіз түбіндегі жәндіктер туралы толық біліп, олардың теңіз түбінде қалай тіршілік етіп немен қоректенетіні жайлы білгілерің келеді ма?

- Ендеше көзімізді жұмып, теңіздің түбіне түсіп, көз алдымызға теңіз түбін елестетіп көрейік.

- Балалар, қараңдаршы, мынау кай теңіз жануары?

- Ия, дельфиндер кейде тұмсығымен соғып, акуланы да өлтіріп қоятын кездері болады. Аккуланың өзі де дельфиннен қорқатын сәттері жиі кездеседі.

- Делфин туралы не білесіңдер?






- Ал аккула туралы не білесіңдер?











- Аккуланың салмағы 14 тоннаға дейін барады, ал денесінің ұзындығы 15 -20 м дейін болады екен.



- Су патшалығындағы ен үлкен қандай жануар?




- Мынау теңізді мекендейтін қай жәндік?


- Балалар сегізаяқ су астында баяу қозғалады. Бір қызығы сегізаяқтың аузын жоғары қаратып, қармалауыштарын төмен салбыратса, ол дереу ұйқыға батады.

- Сегізаяқтар немен қоректенеді?








- Мынау теңізді мекендейтін қай жәндік?


- Теңіз жұлдызшаларының денесі былқылдақ, бірақ ұстаған кезде қап-қатты болып қалады. Олардың үстіңгі жағын төмпешіктер, тікенектер, қысқа қылтанақтар жапқан.

- Теңіз жұлдызшасы туралы не білісіндер?









- Балалар, сендер өздеріңе таныс жануарлар мен жәндіктерді танып, атын атадыңдар.

- Су астында тағы да көптеген жәндіктер кездеседі - теңіз тасбақасы, теңіз аты, медуза, теңіз шаяны. Олар туралы келесі жолы танысамыз.

- Ал, балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар, бойларымызды сергітіп, жаттығу жасап алайық.




Сергіту сәті:

Балық жүзді таза суда,

Бір керіліп, бір жиырылып.

Жүзіп, жүзіп шаршағанда,

Тығылады тасты құмға.


Проблемалық сұрақ.

- Балалар, ластанған суда тіршілік болады ма?

- Неге?

- Сен қалай ойлайсын? - деп бірнеше балаларға сұрақ қояды.








Ал, олар сөйлей алса, бізге не айтады екен?













Су патшасы келеді:

- Сәлеметсіздер ме балалар!

Сендер су астындағы жануарлар, жәндіктер туралы көп біледі екенсіндер.

- Ендеше, сіздер алдыңыздағы турған заттармен су астындағы тіршілік туралы не жасай аласындар?

Тәрбиеші: Иә, Су патшасы біздің балалар алдарындағы әр түрлі заттармен жұмыс жасайды.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.


Су патшасы: Балалар жарайсыңдар, сендер біздің теңіз жәндіктері туралы білетіндеріңді көрсеттіндер. Маған өте ұнады.

Тәрбиеші: Су патшасы біздің балалар өз жұмыстарын сізге сыйға тартықысы келеді.

Су патшасы: Маған өте ұнады. Менің де сендерге беретін сыйлығым бар.

(балаларға сыйлығын береді, қоштасып кетеді).




- Глобус


- Әртүрлі






- Өйткені көк бояу қоңыр мен жасылға қарағанда көбірек


- Теңіздер мен мұхиттар

- Жоқ

- Біреулері терең, біреулері онша терең емес.




Педагогтың сөзін мұқият тыңдайды





Кемеге отырады.









Қимыл-қозғалыспен әндетіп айтады.




Толқыған теңіз слайдты көреді



Бала сандықты көреді - мұнда бір сандық бар екен.







Балық

Рыба,







Кит

Кит



Тасбақа

Черепаха



Сегізаяқ



Осьминог




Жұлдызша



Морская звезда






Делфин


Дельфин




Иә

Судың, теңіздің даусы








Иә


Балалар көздерін жұмып, теңіз түбін елестетеді.



- Делфин








- Дельфин эмоцияға толы көңілді, әзілкеш, топтасып өмір сүретін тіршілік иесі және өте ақылды, адамдардың досы.


- Аккуланың түрлері өте көп. Барлық теңіздер мен мұхиттарда кең тараған, оның көру қабілеті жақсы жетілмеген,ал иіс сезу қабілеті өте жақсы.





- Кит


- Ол өте ірі жануар.





- Сегізаяқ






- Сегіз аяқ майда балықтармен, ұлулармен, балдырлармен қоректенеді.

Ал, балдырлар өсіп, олар су астында өттегі бөледі.

- Жұлдызша.







- Теңіз жұлдыздарының көпшілігі жыртқыштар.

- Олар молюскалармен, шаян тәрізділермен, теңіз кірпілерімен, майда балықтармен қоректенеді.














Балалар қимыл-қозғалыспен жаттығуды орындайды




- Жоқ


-Су астында оттегі таусылады.

-Балықтар өледі

-Дельфин, кит, акулалар да өмір сүрмейді

- Таза су болмаса адамда өмір сүре алмайды.


- Суды ластамаңдаршы.

- Суға қоқыс тастамаңдаршы.

- Машиналарды келіп судың жағасына жумаңдаршы.

- Ау-қармақ дегенді бейберекет сала бермеңдерші.

- Бізге жиі қамқор болыңдаршы.

- Табиғатты үнемі аялап күтіңіздерші.



Сәлеметсіз бе.




-Пазлы құрастыру, мүсіндеу, сурет салады





Балалар жасаған жұмыстарын қуанып, Су патшасына береді.




Балалар рахметін айтып, қоштасады


Рефлексивті түзетуші




  • Жарайсыңдар балалар! Енді осы саяхаттан қандай әсер алдыңдар?









-Тамаша ондай болса, кемеге отырып балалабақшаға қайтайық.

- Саяхатымыз ұнады ма?


-Маған дельфиндер үнады, олар адамның досы екен.

- Су астындағы көп жәндіктер бар екен

-Маған қағаздан жасаған балық үнады

- табиғатты аялап күту керектігін білдік.


Балалар кемеге отырады.


Ия



Күтілетін нәтиже:

Не білді: Теңіз астындағы жәндіктер, су жануарлары , су астындағы тіршілік туралы;


Не алды: Сурет бойынша әңгімелеу, тыйым сөздерді, өз ойларын жеткізе алды;


Не істей алды: Тапсырмаларды дұрыс орындау, өз құрбыларының жауабын тыңдай алды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
6742
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12