Ашық оқу қызметі "Тіл - асыл қазынам" Ересек топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Тіл - асыл қазынам" Ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдық қабілетін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы «Ақбота»

бөбекжайы

Авторы: Жағалбаева Нұрсұлу Саматовна


Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Тіл – асыл қазынам»

Мақсаты: балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдық қабілетін арттыру.



Тәрбиеші: - Балалар бүгін ерекше күн. Біздің ашық оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса балалар, қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты!

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Жарайсыңдар, балалар! Ендеше бүгінгі тіл мерекесіне арналған оқу қызметімізді «Әнұранмен» бастайық.

Өткенді пысықтау: - Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі неше айдан тұрады, ата?

- Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан Республикасы.

- Бұл мемлекеттің астанасы қай қала?

- НұрСұлтан қаласы.

- Біздің елбасымыз кім?

- Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев.

- Біз қай тілде сөйлейміз?

- Қазақ тілінде.

Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. 1997 ж. 11 шілдеде – Тіл туралы заңымыз қабылданды. Қазақстан көпұлтты мемлекет. Елімізде әр түрлі ұлт өкілдері орыс, қазақ, өзбек, ұйғыр, татар және т.б. ұлттар өмір сүреді. Әр ұлттың өзінің ана тілі бар. Қазақстан халықтарының ортақ ана тілі - мемлекеттік қазақ тілі болып табылады. Ендеше ана тіліміз туралы тақпақтар кім айтады?

Қуанышбек: Ана тілім, бал тілім,

Өзің барда шалқыдым.

Өз тілімде ән шырқап,

Термелетіп балқадым.

Малика: Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

Ақбаян: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Нұршат: Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің елдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

Жарайсыңдар балалар! Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың жауабын табуға дайынсыңдар ма?

Жұмбақ шешу: 1. Тілден ұшып, құлаққа қонады. Ол не? (Сөз)

2. Жағалай, жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл мен тіс)

3. Оттан да ыстық, ол не? (Отан)

Балалар, шаршаған шығарсыңдар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Тәрбиеші: Балалар, халқымыз қашанда тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Олай болса тіл туралы шағын бейнежазбаға назар аударайық.

(Бейнежазба көрсетіледі)

«Мақал – сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты, тіл өнеріне байланысты мақал - мәтелдер кім айтады?

Қайрат: Тіл- достықтың алтын көпірі.

Мади: Тіл – тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Айбын: Тіл – ақылдың өлшемі.

Ақжүрек: Тіл – қылыштан өткір.

Қорытынды: - Біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Астанамыз қай қала?

- Елбасымыз кім?

- Біз қай тілде сөйлейміз?

Жарайсыңдар балалар! Ендеше орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық. Қол ұстасып тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2021
412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі