Қызылорда облысы, Қызылорда
қаласы білім бөлімінің «Сыр бөбегі» балабақшасы
КМКҚ
Ашық оқу
қызметі
Тақырыбы: «Түрлі-түсті
гүлдер»
Тобы: «Құралай» ІІ кіші
тобы
Тәрбиеші: Бижанова Мира
Байжанқызы
Қызылорда 2018 оқу
жылы
Білім беру
саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Сенсорика
Тақырыбы:
«Түрлі –түсті
гүлдер»
Мақсаты: Фланелеграфта түрлі-түсті
гүлдерді орналастыру барысында «жоғары - төмен»,кеңістіктік
ұғымдарын үйрете отырып жұмыс жасауға дағдыландыру.Түстерді ажырата
білуге, көктем туралы білімдерін толықтырып,гүлдердің түрлерімен
таныстыру.Гүлдердің атауларын сырт келбетін,жеке бөлшек атауларын
айтуын оларды ,күту ережелерімен таныстыру.Табиғатты
қорғауға,адамгершілікке,ұқыптылыққа бастаған ісін аяқтай білуге
тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс
тәсілдер: Воскобович дидактикалық
материалы, ойын,түсіндіру,көрсету.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: Гүл салуға арналған себет,
гүлдердің суреттері,Воскобович
материалы
Билингвалды
компанент: Гулдер-цветы
Шаттық
шеңбері:
Кел балалар
күлейік,
Күлкіменен
түлейік.
Күлкі көңіл
ажары
Куліп өмір
сүрейік.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар енді
орнымызға отырамыз.
-Қазір жылдың қай
мезгілі?
Балалар:Көктем
Тәрбиеші:Көктем айларын
атайықшы...
Балалар:
Наурыз, сәуір,
мамыр.
Тәрбиеші:
Көктем мезгілі несімен
ерекше?
Балалар:Көктемде қар еріп жер жаңарады, жерге гүлдер
шығып, ағаштар бүршік
жарады.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасындар, ендеше
бүгінгі ұйымдстырылған ашық оқу қызметімізде түрлі-түсті гүлдермен
танысамыз.
Балалар айтыңдаршы гүл
дегеніміз не?
-өсімдік, олар өмір
сәні,табиғаттың көркі.
-Көктем мезгіліндегі қандай
алғашқы гүлдерді білесіңдер?
-Балалардың жауабы
тыңдалады.
(Слайд
көрсетіледі)
-Гүлдер сонымен қатар бөлменің
ауасын тазартады. Адамға таза ауа
сыйлайды.
Балалар сендер білесіңдерме
гүлдер түрлі-түсті болады.
Олардың түстері қандай
болады?
-Олар қызыл,сары,көк болады
және олардың сабағы мен жапырықтары жасыл
болады.
Ғажайып сәт:
(Музыка әуенімен) Гүл ханшайымы топқа кіріп
келеді.
-Сәлеметсіздерме балалар
!
-Балалар мен гүл теруге шығып едім маған гүл
теруге көмектесесіңдерме?
-Я
көмектесеміз.
Дидактикалық ойын:
«Гүлдерді терейік»
Барысы:Тақтада тұрған гүлдерді бір-бірден себетке жинайды.Қандай
гүлді алса тура сол гүлдің түсін атап
көрсетеді, атап болған соң, тақтаға
іледі.
Тәрбиеші: Ендеше біз гүл ханшайымына
көмектесіп гүлдерді тақтада тұрған себетке
жинайық.
Гүл
ханшайымы:
Жарайсындар балалар сендерге
көп рахмет менің себетімді гүлге толтырып
бердіңдер.
-Сау
болыңдар!
Сергіту сәті
:
Тербеледі
ағаштар,
Алдымыздан жел
еседі.
Кіп-кішкентай
ағаштар,
Үлкен болып
өседі.
Дидактикалық
ойын: Ендше
балалар «Гүлдерді
толықтыр»ойнайық
Барысы: Әр балаға түйме тағылған мата
және гүлдер таратылып беріледі сол гүлдерді балалар өз қолдарымен
түймелейді.
Қорытындылау,
бағалау.
Балалар бүгінгі оқу
іс-әрекетінде не істедіңдер? бізге қонаққа кім
келді?
Күтілетін
нәтиже:
Қайталай
алады: Балалар гүлдердің құрылымы
атауларын топтастырып
орналастыруды;
Түсінеді: Жоғары төмен ұғымдарын
түсінеді.