Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Түрлі-түсті көңіл күй"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Түрлі- түсті көңіл күй» тренинг

Мақсаты: Ұжымда бірауыздылықты, ашықтықты, сенімділік деңгейін, эмоционалды еркіндікті орнатуға жағдай жасау.

Міндеті:

Қатысушылардың бірін – бірі туралы көптеген мағлұматтар алу.

Әр қатысушыға өзін бір үлкеннің кішкене бөлшегі ретінде, ұжымның бір мүшесі ретінде сезінуі үшін ұжым ішінде жағымды ахуал орнату

Топтың бірігуіне әсер ету.


Өтетін жері: жарық, кең, қарапайым бөлме.

Керекті құралдар: Тренинг ережесі, арнайы әуен. Ақ парақ, плакат, маркер.

Алтын ереже: Ойымызды ашық айтамыз; Бір-бірімізді тыңдаймыз; Бір-бірлеп сөйлейміз; Белсенді қатысу; Бір-бірімізге сый көрсету.

Тренинг эпиграфы: «.....Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса»

Уақыт: 30 минут.

Кіріспе:

Сәлеметсіздер ме әріптестер?

Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңізге қызықты әрі қажет болады деген сенімдемін. Сіздерге қызықты әрі қажет болады деген сенімдемін. Сіздер бір ұжымсыздар. Бір ұжымда бірін – бірі білетін, алдына қандай мақсат қойғанын білетін, бойынды қандай қасиеттер бар екенін білетін адамдар жұмыс істесе оңайырақ болады. Мүмкін сіздер де осы ойыммен толық келісесіздер.

Сол үшін бүгінгі кездесуімізді бір – бірімізді тануға арнағым келіп отыр. Олай болса тренингімізді сергіту сәтінен бастасақ.

Сергіту – жаттығуы «Мейірімді жануар»

Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын.Шеңбер жасап бір – бірімізге иық тіресіп, қолдарыңыздан ұстаңыздар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап дем аламыз. Бір қадам артқа аттап дем шығарамыз. Жануарлардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа қадымда. Рахмет.

Екі топқа бөлініп, бір қатарға сап түзеп тұрыңыздар. 1- топ таңғы ауысым, 2- топ түскі ауысым. Жарыс ретінде өтеді. Барлық тапсырманы біз үнсіз, жасауымыз керек. Мүмкіндігінше әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылуымыз керек.

тапсырма: бой – бойларыңызқбен тұрыңыздар.

Тапсырма туылған күндеріңіз бойынша тұрыңыздар.1- қаңтар басында,

31- желтоқсан соңында.

Тапсырма топтарыңыз бойынша сәби топ басында, ересек топ соңында.

Тапсырма: жастарыңызға байланысты жасы кішілер алдында, жасы үлкендер саптың соңында

Ойын аяқталды. Рахмет. (қай топ жылдам әрі тез марапаттау)


Рефлексия
«Менің сүйікті ойыншығым» жаттығуы
Қатысушыларға өздерінің сүйікті ойыншықтарын естеріне түсіру ұсынылады,мұнда эмоциональдық  еске түсіру белсендіріледі.

«Өзіңізді білесіз бе?» Психологиялық тест.

Тест адамдағы жетекші ми сыңарын анықтауға мүмкіндік береді.Бұл туа біткен нышан болып табылады, сондайы – ақ өмір бойы өзгермейді. Алайда қатты толқығанда мидың жетекші бөлігі орын ауысып, өзгеріске түсуі мүмкін екендігін ескерген жөн.Нұсқау беріледі. Әрбір нұсқаудан кейін оң немесе сол қолдың жетекші болып табылатындығы анықтталады. Оң қолға «О», солқолға «С» белгілерін қойып өздеріңізге тән формулаларды анықтап аласыздар. әр формула бойынша жеке – жеке оқылып беріледі.

Нұсқау:

1.Қолыңыздың саусақтарын айқастырыңыз. Сіз бір саусақтың ұдайы үстінде тұратынын аңғарасыз. (оң немесе сол қол)

Оң саусақ Сол саусақ

Аналитикалық ойлауы басым Тым әсерленгіш, ойлануы басым.

2. Бір нысананы таңдап, оны қалам немесе қарындаш арқылы көздеп көріңіз

Оң көз Сол көз

Сіздің мінезіңіз бірбеткей, табанды. Мінезіңіз жұмсақ және көнгіш

3. Қолдарыңызды кеуде тұсына айқастырыңыз.

Оң қол үстінде тұрса Сол қол үстінде тұрса

Сіз қарапайым, ақкөңілсіз. Назды қылықтарға бейім адамсыз.

4.Қолыңызбен шапалақтаңыз.

Оң қол ыңғайлы болса Сол қол ыңғайлы болса.

Сізге батылдық тән. Сіз шешім қабылдар алдында жиі

қобалжисыз.

«Поезд жаттығуы». Психологиялық және физикалық қысымнан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру. Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Біріншілер – алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тақылдату. Екіншілер – екі шапалақ, бір тоқылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады. Бірінші-екінші-бірінші-екінші т.с.с шеңбер бойынша пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысында қарқын үнемі тездетіледі. Ұзақтығы 2-3 мин.

«Біз бір ұжымбыз» бірігіп сурет салу тренингі.

Қазір мына плакатқа өз ұжымдарыңыздың суретін салып араларыңыздан бір немесе екі адам шығып осы суретті қорғайсыздар. Бұл сурет бір қараған адамға қай ұжымның суреті екенін айтпай білетіндей етіп салынуы керек. Ендеше іске кірісейік. Іске сәт!

«Достық алақаны» жаттығуы.

Ақ парақтың бетіне әрбір қатысушы өз алақандарын басып салады. Астына өз есімдерін жазу керек. Қатысушылар стол үстіне парақтарын қалдырып,өздері парақтан параққа жылжиды.Тапсырма: алақан иесіне жақсы тілек немесе осы адамның бойында бүгін тренингте ұнаған жақсы қасиеттерін жазулары керек.

«Би терапиясы»
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды көңіл-күй тудыру.
Нұсқау: Тәрбиешілер аталған дене мүшелерін қозғалту арқылы билейді. Экспериментатор ең алдымен қатысушыларға қасымен, көзімен билеуге нұсқау береді. Кейін осы дене мүшелеріне ауыз қосылады. Сөйтіп, иық, қол, аяқ т.б. дене мүшелері қосылады. Ең соңында барлық дене мүшелері билейді.Жаттығудың шарықтау шегі – ойыншылардың билеуі.

Рефлексия «Өз әсерлерімен бөлісу»

Бүгінгі кездесуден өздеріңізге қандай жаңа нәрсе алдыңыздар?


Сіздерге не ұнады, не ұнамады?


Кездесуден алған әсерлеріңіз қандай?


Қортынды.


Ақыл деген - өлшеусіз бір жарық нұр,

Сол нұрға тән қамы үшін жан жұмсап жүр.

Тағдырдың қиын сырлы сиқырымен

Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.

Ақыл деген – денеге егулі дән,

Суарылса оған да кіреді жан.

Ақылдың өсіп, өніп зор аймағы,

Көрген, білген нәрседен ғибрат алған.


Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан болады деп Шәкәрім бабамыз айтқандай бүгінгі кездесуімізді осындай ұлағатты сөзбен аяқтағанды жөн көрдік. Осы сөз барлықтарыңызға бір ой салар деген үміттеміз. Сіздерге үлкен алғысымызды білдіреміз! Рахмет!








МКҚК «Жұпар» бөбекжай балабақшасы














Shape1







Тақырыбы: « Түрлі – түсті көңіл – күй» балабақша педагогтарымен жұмыс

Психолог: Тулегенова Р.К.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
338
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12