Ашық оқу қызметі "Үй жануарлары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Үй жануарлары"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаға арналған ашык оку кызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сарсенова Саулеш Гапбаровна

Маңғыстау обл. Жаңаөзен қаласы. «Балбөбек» жекеменшік шағын орталығының тәрбиешісі

Тақырыбы: Үй жануарлары Мақсаты:

Білімділік: балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, олардың төлдерін ажыратуға үйретуді жалғастыру.

Дамытушылық: үй жануарлар туралы жұмбақ шешу, тақпақтар айтқызу арқылы балалардың тілін жетілдіру, жануарлардың дауысын ажырату арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: үй жануарларына қызығушылығын тәрбиелеу, оқу қызметінде белсенділігін арттыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Қолданатын көрнекі құралдар: үй макеті, фетрдан қиылған жануарлар мен төлдері, жануарлар дауысы жазылған үнтаспа, слайд.

Сөздік жұмыс: үй жануарлары.

Алдын-ала жұмыс: үй жануарлары туралы суреттер қарастыру, олар туралы тақпақтар жаттау.

- Балалар қараңдаршы бүгін бізге қаншама қонақтар келді. Ал келген қонақтармен амандасып алайық. Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы екен. Сондықтан да қонақтармен амандасып алайық.

Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Көп танысты көреміз
Алдымыздан кезіккен
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз.

Қазір жылдың қай мезгілі?-Көктем мезгілі.

Көктем мезгілінің неше айы бар?- Үш ай (наурыз, сәуір, мамыр) бар.

Дұрыс айтасыңдар, олай болса көктем мезгілінің ерекшеліктерін слайдтан бір қарап кетелік.

Тәрбиеші: Балалар, адамдар күнделікті тіршілік етіп өмір сүретін баспанасын қалай атаймыз?

Балалар: Үй

Тәрбиеші: Үй қандай бөліктерден тұрады?

Балалар: Шатыр, есік, терезе, үйдің қабырғасынан тұрады.

Тәрбиеші: Үйдің шатыры қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Шатырдың түсі қандай? -Үйдің қабырғасы қандай пішінге ұқсайды? Түсі қандай? -Терезесі қандай пішінге ұқсайды? Түсі қандай? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

Тәрбиеші: Балалар алдымызда тұрған үйдің бөліктерінде жұмбақтар жасырынған екен. Егер сендер жұмбақтың шешуін табатын болсаңдар бүгінгі оқу қызметімізде нелер туралы әңгімелейтінімізді табасыңдар.

Жұмбақтар:

1. Қамыс құлақ, 2. Екі айнасы бар
Тостаған тұяқ. Екі найзасы бар (Сиыр)
Мінсең қанат 3. Үстінде екі тауы бар,

Сүті дәрі еті тамақ. ( Жылқы) Қызық бір жануар (Түйе)

4. Кішкене ғана бойы бар 5. Секең - секең етеді
Айналдыра киген тоны бар. (Қой) Таумен - тасқа жетеді. ( Ешкі)


Үй жануарларының суретін тақтаға қою.

- Біз бүгінгі оқу қызметімізде үй жануарлары туралы әңгімелесеміз.

- Балалар, қараңдаршы, үй жануарларына қандай жануарлар жатады? (Балалардың жауаптары). -Дұрыс айтасыңдар балалар, ендеше жануарлардың дауысын тыңдап көрейікші. Ойын: «Қай жануардың дауысы?» (Үнтаспадан үй жануарларының дауысын тыңдату). -Мынау қай жануардың дауысы? (Балалардың жауабы).

- Төлдерін қалай атаймыз? (Слайт қарау).

Сергіту сәті: «Қошақан» әні

Қошақаным тұршы,
Беті–қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Орныңа отыршы.

Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар, мына қорада үй жануарларының төлдері тұр. Осы төлдерге енесін тауып берейікші. -Мына төлді қалай атаймыз? Лақтың енесіне? (Балалар енелерінің қасына төлдерін қояды)

Дидактикалық ойын: «Төлін тап»

Ойынның мақсаты: Үй жануарларының төлдерін танып, ажыратып айта білуге үйрету.

Ойынның мазмұны: Үй жануарларын тақтаға іліп, олардың төлдерін тауып қасына жайғастыру.

Тәрбиеші: Балалар, жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, адамның үйінің маңайында тіршілік етеді, оларды адамдар тамақтандырады. Сол үшін үй жануарлары деп атайды. - Үй жануарлары туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Амина: Малика:
Ақ бұзауым ұнайды, Кіп - кішкене момақан
Мө - мө деп сүт сұрайды. Қошақанды ұнатам
Келеді өсіп күн сайын, Сүйеді апам қозым деп
Тұмсығын созып қарайды. Қошақаным қозым деп

Айзере: Әділжан:
Құлыншағым құндызым Шөре - шөре лағым,
Құлдырайды шабады Тентек болма шырағым.
Жылтылдаған жұлдызым Секектеме деміңді ал,
Құстай қанат қағады. Селтеңдемей құлағың.

-Балалар бүгін біз қандай жануарлар жайында сөз еттік?

-Қандай үй жануарларымен таныстық, төлдерімен атай аласыңдар ма?

- Балалар, сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сендер өте ақылдысыңдар. Жануарлар бізді өзінің сүйкімділігімен, адамға деген достығымен қуантады.

Сондықтан үй жануарларына әрқашан қамқорлық жасап жүріңдер.

-Сендер төлдерге көмектескендерің үшін, олар сендерге құрт беріп жіберіпті.

Мақтау, мадақтау.









































«Тексерілді»

«Балбөбек» жекеменшік шағын

орталығының әдіскері

Г.К.Сагпазова________

«___»____________2019ж.













Білім беру саласы: Әлеумет.

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Үй жануарлары»



















Өткізген: №1 «Балбөбек» ІІ кіші тобының

тәрбиешісі Сарсенова С. Г.











2018-2019 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2020
693
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі