Усманова Айнұр
Нұрмұхамбетқызы
Ақтөбе
қаласы,
№38 «Әлем»
бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
ҰОҚ
тақырыбы: «Үйдегі және көшедегі
қауіпсіздік ережесі»
Оқу қызметінің
мақсаты: Үйдегі , көшедегі
қауіпсіздік ережесін түсіне отырып, шұғыл көмек қызметкерлерін
біледі және олармен хабарласу жағдайларын
анықтайды. үйдегі қауіпті заттарды
ажыратып, қауіпсіздік ережесін құрастырады.Түрлі қауіп
жағдаяттардың жолын тауып, шұғыл көмек қызметкерлеріне қоңырау шала
алады.
АКТ қолдану
дағдылары: «Балапан» телеарнасындағы
«Оп-оңай» бағдарламасынан үзінді үйдегі қауіпсіздік
туралы.
Ресурстар: Қызыл, сары, жасыл түсті
дөңелектер, Бейне
жазба,
Суреттер арқылы топқа бөлу,Өрт
сөндіруші, Жол сақшысы суреттері, қауіпсіздік қызметі телефон
номерлері, көліктері, топтық жұмысқа арналған парақшалар, желімдер,
ватман қағазы, баулар, суреттер.
Сөздік
жұмысы: қауіп-қатер; жазатайым жағдай,
шырпы, оттық.
Оқу қызметінің
барысы
І.
Ұйымдастыру
Шаттық
шеңбері
Арайлап бүгін атты
күн,
Шашып бізге
шапағын,
Қайырлы
таң,
Қайырлы
күн,
Қуанышты күн
бүгін!
«Миға
шабуыл»әдісі
« Бұл не?»
ойыны
Шарты: балаларға шәйнектің ,
шаш кептіргіш, оттың жанған дауысы, машинаның дауыстары
тыңдатылады, балалар бұл ненің дауысы екенін
айтады.
«Есіңде болсын!»
әдісі
«Балапан» телеарнасындағы
«Оп-оңай» бағдарламасынан үзінді (үйдегі қауіпсіздік туралы
жалпылай айтылады.)
Сұрақ-жауап
әдісі
Қай ертегі
кейіпкері?
1.Қай ертегі кейіпкері
үлкендердің рұқсатынсыз терезеден орманға жалғыз кетеді?
(Бауырсақ)
2. Ал мына ертегі
кейіпкерлерін қасқыр жеп қояды, себебі олар оған есік ашады. (Жеті
лақ ертегісі)
3. Келесі кейіпкеріміз жалғыз
орманға шығып, қасқырға әжесінің үйін қайда екенін айтқан үшін
қауіпті жағдайға ұшырайды, ол кім? (қызыл
телпек)
- Ия балалар бұл кейіпкерлер
нені сақтаған жоқ? - Дұрыс қауіпсіздік ережесін сақтаған
жоқ.
Қауіпсіздік» дегеніміз
балалар, өзіңді қорғау және сақтау дегенді
білдіреді.
Топқа
бөлу.
Балалар қазір біздер үйдегі
көшедегі қауіпсіздікке байланысты тапсырмалар орындаймыз. Ол үшін 2
топқа бөлініп отырайық.
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің негізгі кезеңі
Педагог жетекшілігімен
ойын:
«Өрт сөндірушілер»
тобы
« Қызыл нүкте»
әдісі
Тапсырма: үйдегі қауіпті заттардың
ішінен өрт тудыратын заттарды тауып, қызыл түсті жапсырмаларды
жапсырамыз
(Балауыз шам, үтік, газ
плитасы, сіріңке, тоқ шәйнек осы заттардың пайдасын зиянын өрт шығу
қаупін айтады)

«Жол сақшысы»
тобы
Тапсырма: Көшедегі қауіпсіздікке
байланысты суреттерді құрастырып сол туралы әңгімелеп
береді.

Құрылымдалған
ойын:
«Өрт сөндірушілер» тобы,
топтық жұмыс
Суретті құрастырып, өрт
сөндіруге қажетті құралдарды, өрт сөндірушілер номерін, өрт
сөндіруші көлігі, өрт болған кездегі қауіпсіздік ережелерін
суреттен тауып жапсырып және айтып береді.
«Жол сақшысы»
тобы
«Буклет
жасау» әдісі
Ақ парақшаларды баумен
біріктіріп буклеттер жасайды.
Жол ережесіне байланысты
суреттерге тиісті белгілерді тауып
жапсырады.
«Елші
әдісі» арқылы екі топ бір-біріне
жұмыстарын таныстырады.
Еркін ойын: «Кімге не
қажет?» «Тілші» әдісі
Балалар өрт сөндірушілер,
жедел жәрдем, газ қызметкері, полиция қызметкерлері және олардың
байланыс номерлері, көліктері, киімдері мен қажетті
құрал-жабдықтарын таңдап олардың қызметі туралы айтып
береді.
ҰОҚ қорытынды
кезеңі:
«Отпен ойнама
балақай»
Өрт пен түтін
айнала,
Қарап қалма жәй
ғана
Тез хабар бер
101-ге
Уақытты сен
байлама-2рет
Үтікпен киім
басарда,
Сақтық керек
сағанда.
Мұқият бол
қашанда,
Үйде жалғыз
қалғанда-2рет
Отты жақпа
күйесің,
Өртеніп
жүрерсің,
Сақтық керек сағанда, үйде
жалғыз қалғанда.
«Тілші»
әдісі арқылы оқу қызметі
қорытындыланады.
