жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық оқу қызметі «Үйшік» орыс халық ертегісін сахналау.
«Үйшік» орыс халық ертегісін сахналау.
Касымбекова Рысалды Акимовна
Алматы қаласы Әуезов ауданы МКҚК № 58 бала бақша
Білім беру саласы:Қатынас, Таным
Оқу қызметі: Тіл дамыту,Көркем әдебиет,Құрастыру
Тақырыбы: «Үйшік» орыс халық ертегісі («Үйшік» ертегісін сахналау)
Мақсаты:
Балаларды ертегі тыңдауға, байланыстырып сөйлеуге және мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға және жұмбақтардың шешуін таба білуге үйрету.
Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ертегі арқылы балаларды қайсарлыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа достыққа татулыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Шиқылдауық тышқанмын, бақылдауық бақамын.
Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Сәлеметсіңдерме балалар,
Сәлеметсіздерме қонақтар!!!.
Балалардың қызығушылықтарын ояту.
Балалар менің сендерге
«Жұмбақтың шешуін тап» деп аталатын ойын ойнағым келіп тұр.
Жұмбақтардың шешуін табуға тырысады.
1-ші: Жұмбақтар.
Үйін жинап ертеңмен,
Мейіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты.
Бұл қай ертегі? «Мақта қызбен мысық»
2-ші:
Атай өзі салғанын,
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тарта аламады.
Бұл қай ертегі? «Шалқан» ертегісі
3-ші:
Апасынан қашып кетті,
Атасынан қашып кетті.
Кездестіріп біраз аңды,
Біраз жолдан асып кетті.
Бұл қай ертегі? «Бауырсақ» ертегісі
4-ші:
Ормандағы бар аңдар,
Бір жерге жиналыпты.
Бірақ соңғы келген,
Аю оны құлатыпты.
Бұл қай ертегі? «Үйшік» ертегісі
Ендеше балалар осы «Үйшік» ертегісін келген қонақтарға рольдерге бөліп сахналап ойнап берсек қайтеді. Балалар рольдерге бөліп ойнап береді. Балалар ән айтады
ән: «Крепкая дружба»
Тәрбиеші: Ерте,ерте, ертеде орманда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Ол үйшікті ең бірінші болып тышқан көріпті. Ақырын басып жақын келіп терезені қағады.
Тышқан: Пи-пи-пи мен шиқылдауық тышқанмын.Бұл үйшікте кім тұрады?
Жүргізуші:-деп сұрайды.Ешкім жауап бермейді.
Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді. Ақырын басып жақын келіп терезені қағады.
Құрбақа: Бақ-бақ-бақ мен бақылдауық бақамын.Бұл үйшікте кім тұрады?
Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқанмын.
Ал сен кімсің?
Бақа: -Мен бақылдауық бақамын. Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші:- Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып,бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян келеді. Ақырын басып жақын келіп терезені қағады.
Қоян: Мен қорқақ қоянмын. Бұл үйшікте кім тұрады?
Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқанмын!
Бақа: -Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян: Мен қорқақ қоянмын!
Екеуі: -Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші: - Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп терезені қағады.
Түлкі: Мен түлкімін, қу түлкімін.Ой, бұл үйшікте кім тұрады?
Жүргізуші: -деп сұрайды.
Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқанмын!
Бақа: -Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
Түлкі: Мен қу түлкімін.
Үшеуі:
- Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші:
- Үйшіктен түлкіге де орын табылады.
Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі
салақтап , айналасына алақ- жұлақ қарап
қасқыр жетеді. Ол есікті қағып , қырылдаған
даусымен:
Қасқыр:
-Мен сұр қасқырмын! Бұл үйшікте кім
тұрады?
Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқанмын!
Бақа: -Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: Мен қу түлкімін. Ал сен кімсің?
Қасқыр:
-Мен сұр қасқырмын!
Бәрі:
- Кел , бірге тұрайық.
Жүргізуші:
-Қасқыр қысыла- қымтырыла ішке кіреді.
Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке
бесеуіде сыйып кетеді. Барлығы
қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір
сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген аю
үйшік тұрғындарының салған әнін естиді.
Ақырын басып жақын келіп терезені қағады, бар даусымен:
Аю: -Мен қорбаңбай аюмын! Бұл үйшікте кім бар?!
Жүргізуші: -деп ақырады.
Тышқан:
-Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа
:
- Мен бақылдауық бақамын!
Қоян
:
- Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі
:
- Мен қу түлкімін!
Қасқыр
:
- Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?
Аю:
- Мен қорбаңбай аюмын!
Бәрі:
- Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші:
- Аю ары- бері тырбаңдап үйшікке кірмекші
болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі
сыймайды. Амалы таусылған аю:
Аю:
-Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып
тұрайын.
Жүргізуші:
-
дейді.
Бәрі:
- Жоқ қара қандай дәусің! Сені кішкентай
үйшігіміз көтере алмайды. Құлатасыңсың
ғой.
Жүргізуші:
- деп шырылдайды іштегілер.
Аю:
- Қорықпаңдар түкте болмайды.
Жүргізуші:
- деп аю олардың сөздеріне құлақ
аспайды.
Үйшіктің тұрғындары амалсыздан
келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне
шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап
шашылып қалады. Тықырлауық тышқан,
бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі,
сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен
шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді.
Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді
тасып , тақтайларды сүргілеп , жаңа үйшік
тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша
достар өздеріне әп – әдемі , жаңа үйшік
тұрғызып алады.
Тәрбиеші: Енді балалар, мына ормандағы аңдар өздеріне үйшік жасап алыпты, сол аңдарға рахметімізді айтып сыйлықтар таратсақ қайтеді.
Мысалы: Аю қандай тамақ жақсы көреді? Бал ме құлпынайды
жақсы көреді.
Қасқырше? Етті
Түлкіші? Балықты.
Қояншы? Сәбізді.
Тышқаншы? Бидайды.
Бақашы? Суда жүргенді
Балалар аңдарға сүйікті тағамдарын апарып береді.
. Сендер бүгін қандай ертегіні сахналап ойнадыңдар?
«Үйшік» ертегісін. Жарайсыңдар, балалар
Ән: «Топ, топ балапан»
Балалар «Үйшік» ертегісін сахналау |
|
|
|
Балалар үйшік құрастыру |
|
Жануарларға үйшік құрастыру үстінде |
|
|
|
|
|
|
Әр жануардың тамақтарын тауып сәйкестердіріп жатыр |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген