400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Ұшақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұшақтар жайлы білімін толықтыру. Ақыл-ойын,тілін дамыту,саусақ бұлшық еттерінің жұмысын жақсарту. Еңбексүйгіштікке, ептілікке баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Мүсіндеу

Тақырыбы:Ұшақ Мақсаты: Ұшақтар жайлы білімін толықтыру.

Ақыл-ойын,тілін дамыту,саусақ бұлшық еттерінің жұмысын жақсарту.  Еңбексүйгіштікке, ептілікке баулу.

Көрнекіліктер:Үлгі суреттер,


Шаттық шеңбер

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыл!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!


-Балалар, бүгін мен сендерге бір қимыл көрсетемін. Балалар,мен ненің қимылын бейнелеп көрсеттім?

-Балалар,ұшаққа кім отырып алыпты?

-Қоян қайда бара жатыр екен?

-Ұшақ қайда ұшады?

-Ұшаққа кімдер мінеді?

-Кім ұшаққа мініп көрді?

-Ұшақтың түсі қандай?

Балалардың жауаптары

Жұмысымызды бастамастан бұрын сергіп алайық


Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық,
Ұшақ боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.



Үлестірмелі материалдармен жұмыс



-Балалар, алдарыңа ермексаз таратылып берілді. Енді, осы ермексаздың кішкене бөлігін үзіп аламыз. Алақанымызға салып, ырғақпен домалатып сопақша қылып жасаймыз.

-Балалар,сопақша мүсін дайын болды ма?

-Иә

-Осындай мүсіннің кішкене түрін жасаймыз. Жасаған екі мүсінімізді бірінің үстіне бірін қоямыз. Ұшағымыз дайын болды ма?







Тыныс алу жаттығулары

Гүлдерді иіскеу

Жарайсыңдар балалар!


Қорытынды

Топтық талқылау жүргізеді. Балаларды марапаттайды.

Күтілетін нәтиже: Біледі:Ұшақтың не екенін; Игереді: Дұрыс сөйлеуді,ермексаздан мүсіндеуді.

Меңгереді: Ермексазды әр түрлі пішіндерге келтіруге, суреттен сипаттап айтуды;











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
445
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі