400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Ұзын құлақ ақ қоян"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін толықтыру. Табиғат туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Ұзын құлақ ақ қоян.

Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін толықтыру. Табиғат туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Білімділік мәні: Үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме құруға үйрету. Сөздің түрленуіне жаттықтыру.

Дамытушылық мәні: Жабайы жануарлар туралы мақал-мәтел ,тақпақ,ертегі оқу арқылы , балалардың сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік мәні: Балаларды табиғатты сүюге, қорғауға, жабайы жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Ақ қоян орғып келеді, түлеу, ырғу.

Жеке жұмыс: Үсенбайға қоян бейнесінің нүктелерін қосуға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Амандасу ойын, сұрақ –жауап, түсіндіру.

Керекті құралдар: Қоян және ертегі кейіпкерлерінің суреттері, карындаш, үлестірмелі материалдар .



Әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы


Шаттық шеңбер

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Балабақша үйінің ,

Жайнап тұрған күніміз.


-Балалар, қараңдаршы, бізге көп қонақтар келіпті, кәне, апайлармен амандасып алайық.

-Балалар , менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын ойнағыларың келе ме?

Ойынымыздың аты «Иә , жоқ»-деп аталады.Ойынның шартын мұқият тыңдап алыңдар. Мен сендерге ауа-райының құбылыстарына байланысты сұрақтар қоямын. Егер ол ерекшелік қыс мезгілінде болатын болса «иә» деп қол шапалақтайсыңдар. Ал ,ол қыс мезгілінде болмайтын құбылыс болса «жоқ» деп қол былғайсыңдар. -Кәне, дайынбыз ба?

-Күн суытады ма?

-Көлге суға түсеміз бе?

-Жер мұз боп қатады ма?

-Күн қатты ыстық болады ма?

-Жалаң аяқ құмда жүреміз бе?

-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді ме?

-Қар жауа ма?

-Ой балалар, жарайсыңдар!

-Демек, қазір жылдың қай мезгілі екен?

-Қыс мезгілі қызықты ма?

-Несімен қызықты?


Ендеше , бүгінгі ашық оқу-қызметінің тақырыбын білу үшін «Ұйқасын тап» ойынын ойнаймыз.

Өзінше ноян,

Қорқақ не?


-Қоян қандай жануарға жатады?

-Қоянняң құлағы қандай?

Ұзын ба, әлде қысқа ма?

-Қоянды тағы қалай деп атауға болады?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар!

-Балалар, барлығымыз тақтаға назар аударайықшы!

-Не көріп тұрмыз?

-Қоян туралы қысқаша мәлімет беру.

-Қоян қыста ақ түсті болады.

-Қояндар орман-тоғайлар мен далалаы жерлерді мекендейді.Қоянның жауы көп. Оны қасқыр да, түлкі де аулайды. Қыс кезінде орман «ақ кқрпе» жамылады. Қөктемде және күзде оның жүнінің түсі өзгереді. Егер қоян сұр күйінде қала берсе, онда ол жауларының көзіне тез ілігеді.

Сондықтан ақ қоян күзде түлейді: сұр жүнінің орнына қардай аппақ ақ жүн өседі.Қоян жауынан осылайша қорғанады. Қоянның баласы көжек ,олар шөпке жайылады және сәбізді жақсы көреді.

-Қыстың бір күнінде бір ақ қоян орғып келе жатады.

Оның алдынан Қасқыр кезігіпті.Қасқыр қоянды жеп қоймақ болады. Осы кезде қоян, қасқырға былай депті:

-Мені жемеші , мен саған өзім туралы өлең айтып берейін депті.

Сонда қасқыр:

-А солай ма? Жарайды, айта ғой –дейді.

-Балалар, қоянның айтқан өлеңін барлығымыз орнымыздан тұрып бірге айтайықшы!

Сергіту сәті.

Секірейік – секірейік,

Ұзын құлақ қоянша.

Шаршағанды кетірейік,

Болар сонда тамаша.

-Осылайша қоян секіріп – секіріп қасқырдан құтылып кетіпті.


Дыбыстық жаттығуын қайталау.

Қоя-қоя-қоя-қоян,

Соя-соя-соя.

Ұя-ұя-ұя-ұя.

Ұя-ұя-ұя –ұят,

Құя-құя-құя-құяды.

-Балалар, «я» дыбысы «иа» болып естіледі, бірақ біз ол дыбысты анық айтуымыз қажет. «Я» дыбысының дауысты дыбыс екенін айту.

Дидактикалык ойын: «Мұнда неше қоян бар?».

Мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту.


Шарты: парақшадағы « нүктелерді бір - бірімен қосу арқылы бірнеше қоян бейнесін табу» .

Тапсырманы орындау.

Балалардың тапсырманы орындауына басшылық жасау.

Балалардың тақпақтары тыңдалады.









Қорытындылау.


-Балалар, бүгінгі оқу- қызметі сендерге ұнады ма?

-Бүгінгі сабағымызда не туралы айттық?

-Қоян қандай аң?

Оның түсі неге өзгереді?

-Қоян орманда нені кезіктірді?

Қасқырдан қоян қалай құтылды?





Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.




-Сәлеметсіздер ме.



-Иә.











-Дайынбыз.

-Иә.

-Жоқ.

-Иә.

-Жоқ.

-Жоқ.

-Иә.

-Иә.



-Қыс мезгілі.

-Иә.

-Аққала жасаймыз, қар атысып ойнаймыз



-Қорқақ қоян.


-Жабайы жануарға жатады.

-Қоянның құлағы ұзын.

-Ұзын құлақ қоян, қорқақ қоян, ақ қоян.















Балалар мұқият тыңдайды.



















Өлең шумағын ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.







Балалар, дыбыстық жаттығуды қайталайды.











-Балалар, парақшада неше қоян бар екенін анықтайды.

-Үш қоян бар.



Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Ұзын құлақ сақ қоян

Қаша берсең орманға,

«Қорқағым деп ат қоям».





-Иә.

-Ұзын құлақ ақ қоян туралы.

-Жабайы аң.

Жауынан қорғану үшін.

-Қасқырды.

-Өзінің өлеңін айтып, секіріп –секіріп құтылды.








Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қоянның жабайы аң екенін біледі ;

Игереді: Тапсырманы орындау барысында, ұйымшылдықты, ұқыптылықты;

Меңгереді: Балалар, еркін әңгіме құрап айтуды және сұрақтарға толық жауап беруді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1322
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі