400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі."Аквариумдағы балықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балықтардың түрлерін, дене мүшелері, олардың пайдасы туралы білімдерін кеңейту. Балалардың балықтарға деген қамқорлығын және қызығушылығын қалыптастыру.Оларды жем шашуға үйрету. Сурет салудың дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.Бейнені қағаз бетіне орналастыра білуін, бастыру әдісі арқылы балықтың суретін салуды үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»


Мақсаты: Балықтардың түрлерін, дене мүшелері, олардың пайдасы туралы білімдерін кеңейту. Балалардың балықтарға деген қамқорлығын және қызығушылығын қалыптастыру.Оларды жем шашуға үйрету. Сурет салудың дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.Бейнені қағаз бетіне орналастыра білуін, бастыру әдісі арқылы балықтың суретін салуды үйрету.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, сұрақ-жауап, ойын, қорыту.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, балық түрлерінің суреті, ойыншық балық, балықтар, аквариум, уылдырық,

қармақ ойыншығы.

Тәрбиелік: қамқорлық сезімдеріне тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: аквариум,океанариум, желбезек, жүзбе қанаттары, қабыршақ,қаракөз, сазан.

Билингвальды компонент: балық-рыба, сазан-карп.

Таңғажайып сәт: Аквариумдағы балықтар,үрленетін шар.( балық)


Оқу іс- әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы













Ұйымдастырушылық іденістік

Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметі,бізге көптеген апайлар қонаққа келіп отыр.Олай болса апайлармен амандасып алайық.

-Сәлеметсіздер ме!-Здравствуйте! –Hello!


-Қане, балалар шеңберге тұрып шаттық шеңберін орындайық.
Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз

Міне , біздер қандаймыз!


Білім беру саласы-шығармашылық. ҰОҚ- сурет салу.

Тақырыбы: : «Аквариумдағы балықтар»


Балалар, балықтар туралы білгілерің келе ме?
-О
лай болса барлығымыз тақтаға қарайық. Балықтар  туралы  жан-жақты  мәлімет  алайық.

— Балықтар  қайда  тіршілік  етеді? (суда, теңізде, көлде, мұхит және де  аквариум, океанариумда) Балықтардың  түрі өте  көп:тұқы, шортан, алабұға , сазан, шабақ, басқалары.

 - Балықтар қайда тіршілік етеді?
- Дұрыс айтасыңдар. Негізінде балықтардың түрлері көп. Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?
- Балықтардың мынау несі?(ойыншық)
Басында желбезегі болады.Несі болады екен?
- Олар осы желбезегі арқылы дем алады. Ал денесінде қабыршақтары. бар екен?
- Дұрыс айтасыңдар. Ал денесіне жалғасқан мынау не екен?
- Денесінің арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары.

Осы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзе алады.

Балықтардың денесі қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, сопақша, болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Балықтардың иіс сезу, есту, көру мүшелері жақсы жетілген.  Балықтар уылдырық шашу арқылы көбейеді. (Уылдырық,кептірілген балық, консервіленген балық)

Ал енді мына балықтарды қарайық.(Балықтардың түрлерін көрсету)

Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?(сазан,тұқы, майшабақ,скумбрия)
- Қармақпен не істеуге болады?
Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?
- Қане Мейрамбек келе ғой. Балалар, қараңдаршы Мейрамбектің қармағына бір балық түсіпті, ол қандай балық екен?
Балалар, бұл- алтын балық./тасбақа, Қандай балық екен?
Балалар балықтарды адамдар не үшін пайдаланады?

-Жарайсыңдар!



- Балалар, тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде асырайтын балықтардың түрлері де болады екен. (жасырылған аквариумды ашу) Балалар, суда жүзіп жүрген нелерді көріп тұрмыз?
- Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен?
- Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады.
- Аквариумдағы балықтар бағана өзіміз аулаған балықтарға ұқсайды ма?
- Балалар, аквариумдағы балықтардың түрлері қандай екен?
- Бұл балық «Алтын балық» деп аталады. Тағы қандай балықты көріп тұрмыз? - Аквариумда басқа тағы нелерді көріп тұрмыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Балалар, бұлардың барлығы не үшін қажет?
- Сонымен қатар балықтарға да қажеті бар. Олар бұтақтардың, шөптердің арасына кіріп тығылады, жем іздейді. Онда суды жарық түсіретін құралдар бар.Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында болады. Балыққа жем шашып, суын тазартып тұрады. Оларға арнайы дүкендерде сатылатын жемдерді береміз. Балалар, аквариумдағы балықтар күніне таңертең, кешке екі шымшымнан ғана ас жей алады, одан артық беруге болмайды. Аквариумдағы балықтар шабақтарын тірі табады.

- Балалар, қараңдаршы балықтар жүзіп жүр, қане жем шашайық.
- Балалар енді орнымызға жайғасайық.

- Балалар балықтар қайда өмір сүреді. Жәрайсыңдар, тамаша! Балалар, аквариумдағы балықтар сендерге ұнады ма?
Сергіту сәті:

Вот зима как улетела,
И весна к нам прилетела.
Стали птички распевать,
И цветочки расцветать!

Я рисую речку,
Я рисую солнце,
Где ты моя радость?
Выгляни в оконце!
Я рисую солнце,
Я рисую речку,
А по середине...
Яркое сердечко!

Балалар бір сәт көзімізді жұмып, су асты патшалығына барайық. Су салқын. Су түбінен не көріп тұрмыз?

Су перісі,акула, балық.

Ал ендеше біз бүгінгі оқу іс - әрекетімізде бастырмамен балықтардың суретін саламыз.
Қорытындылау:
- Балалар, бізге қандай оқу іс- әрекеті болды?
- Онда біз нелермен таныстық?
- Қандай балықтарды көрдіңдер?
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу іс- әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыстыңдар.
Сендерге көп- көп рахмет!




Балалар үш тілде амандасады.


Балалар қайталап орындайды.









суда



- Суда.


- Сопақша.

- Басы.

Желбезегі.



- Құйрығы.












-Балық аулауға

- Көргіміз келеді.




Тағам ретінде.






- Балықтарды.

- Шыны ыдыста.


- Ұқсайды.

- Әр түрлі.

-қара.

- Тастар


- Әдемілікке.

(тастарды, )









Балалар балықтарға жем шашады.


Суда















Акула,немо балық




балықтар бейнесінің үлгілерін бастырады.


Біледі: Қоршаған ортадағы тіршілік иелерін бейнелеуі;
Игереді: Ұқыпты, нәтижелі жұмыс жасауы;
Меңгереді: Сурет салудың дәстүрден тыс әдісін меңгереді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі