
Зинегүл Құбаева Лұқпанқызы
МКҚК «Бәйтерек» бөбекжайының
тәрбиешісі
Батыс Қазақстан обылысы
Теректі ауданы Подстепный ауылы
Аңдардың қысқы тіршілігі
Білім беру саласы:
«Таным»
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің түрі: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Аңдардың
қысқы тіршілігі»
Мақсаты: Қысқы
табиғатты бақылап, қарапайым өзгерістерді атай білуге үйрету.Жабайы
аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту, өмір сүру
жолдары туралы мағлұмат беру. Жан-жануарға қамқор болуға ұқыптылық
пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:әңгіме,
түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекі құралдар:
үлестірмелі суреттер,интерактивті тақта
Көптілділік
компонент: Аю-медьведь, Қасқыр- волк,Түлкі-лиса,
Қоян-заяц,Тиін-белка. --- -Балалар, көңіл-күйлерің қандай? -
Тамаша
- «Бәйтерек» бөбекжайы
қандай? - Тамаша.
- «Інжу» тобының балалары
қандай? - Тамаша.
- Жарайсыңдар, балалар.
Әдептен озбай бүгінгі
келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.Қонақтарға сәлемін алақанмен
үрлеу арқылы жібереді. Жарайсыңдар балалар, достарың көп болсын!
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Енді қыс айларын
атайықшы?
- Қысқы ауа-райының
белгілерін білеміз бе?
-Қыс мезгілінің ерекшелігін
айтайық. Аязды болады.
Адамдар жылы киінеді.
- Балалар айналаның бәрі
қандай?
- Қардың түсі қандай? Ауа
қандай?
- Біз қыстан, аяздан
қорықпаймыз, жылы киініп, далада ойнаймыз. Сендер қыста далада
ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер? – Шаңғы, коньки, хоккей, шана
тебеміз,аққала жасаймыз,қар белдесіп ойнаймыз.
1.Ойын: «Тез
ойла»
Балалар экранға
қарайықшы.Жұмбақ шешкізу.
- Қорбаң-қорбаң етеді,
орман оның мекені -АЮ
- Құйрығы ұзын, өзі қу -
ТҮЛКІ
- Терісі ақ, сұр болады,
өзі қорқақ аң -ҚОЯН
- Жыртқыш аң, сұр, орманда
тұрады -ҚАСҚЫР
- Кішкентай, сары, жаңғақ
жинайды -ТИІН
-Бұлардың барлығын бір
сөзбен, қалай айтамыз?
-Неге жабайы аңдар деп
айтамыз?
2.Видео арқылы аңдарды
көрсету.
Балалар экранға қарайықшы.
Жабайы жануарлар олар орманда өмір сүреді, өз тамақтарын өздері
тауып жейді, қыста кейбір аңдар ұйықтайды, ал түлкі, қасқыр, қоян
секілді аңдарға қыс өте ауыр тиеді.
3.Слайдты анимация арқылы
сергіту сәті қимылмен жасау: « Қоян»
Балалар шаршаған
боларсыңдар қоянмен бірге бойымызды сергітіп алайық.

4. Слайд арқылы аңдарды
көрсету
Балалар экранға
қарайықшы.
Қоян - өзінің түсін сұр
тонын, жылы да аппақ тонға ауыстырады. Сосын жыртқыш аңдардан
қорғанып, қардың түбінде құлағын жымырайтып, көзін жұмып ақ қардан
аумай отыра қалады.Қояндар қысқа азық жинамайды. Олар ағаштардың
бұтасын, тамырын кеміріп қоректенеді. Қоян сәбізді жақсы
көреді.
Аю –апанда
ұйықтайды.Балалар аю күз бойы көп тамақ жеп денесіне көп май
жинайды да, қыста көктем туғанша ұйықтайды.Аюбалды, жақсы
көреді.
Қасқыр- жыртқыш аң
болғандықтан жемін жортып жүріп табады. Тістері өткір, көздері
қырағы жақсы көреді, сезімтал.Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан
ақ иісінен сезеді.Қасқыр етті жақсы көреді.
Түлкіде -қысқа дайындалады
оның жүндері қалыңдап өсіп жылы тонға айналады. Ал сендер қалай
ойлайсыңдар түлкі жүнінің түсін өзгерте ме? Түлкі түсін
өзгертпейді, өйткені оған ешкімнен тығылудың қажеті жоқ, ол өзі
жыртқыш аң. Түлкі балықты жақсы көреді.
5.Биллингвальді компонент:
Аю-медьведь, Қасқыр- волк,Түлкі-лиса, Қоян-заяц,Тиін-белка.
6. «Көлеңкесінен таны»
ойыны
Суреттегі аңдарды
көлеңкесінен танып,сызық арқылы қосу.
Қандай аңдардың көлеңкесін
қосып жатырғандарын сұрау.
7.Мозайка ойыны. Берілген
қималардан сурет құрастыру, сипаттау.Қандай аңды құрастырды.
Жарайсыңдар,
балалар,бүгінгі оқу іс әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.

- Сендерге ұнады ма?
- Кімге не ұнады?
- Қандай жануарлар туралы
әңгімеледік?
- Көңіл-күйіміз қандай?
Тамаша!
- Бүгінгі оқу қызметі
қандай? Тамаша!.
- Келген қонақтарымыз
қандай? Тамаша!
Аюдың –батырлығын,
Қоянның –жүйріктігін,
Түлкінің –әдемілігін,
Тиіннің-ақкөңілдігін,
Қасқырдың-қайсарлығын
тілеймін.
Күтілетін
нәтиже:
Нені біледі: Жабайы аңдар,
олардың тіршілігі туралы білді.
Қандай түсініктерді игерді:
Жабайы аңдар туралы толық мағлұматты меңгерді
Меңгерген дағдылары мен
іскерліктері: Балалар аңдарды ажырата білді