Тақырыбы: «Шыршаны
әсемдеу»
Білім беру
саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі
: «
Мүсіндеу»
Мақсаты: Балаларға ермексазбен жұмыс
істеу ережесін түсіндіріп , білімдерін
тиянақтау.
Міндеттері:
Білімділік: Өткен тақырыпты қайталай
отырып ,өз ойларын жеткізуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ұсақ қол
иоторикаларын жетілдіре отырып ойлау ,есте сақтау қабілеттерін
дамыту. Тәрбиелік:Балаларды ұқыптылыққа,
әдептілікке тәрбиелеу.
Қолданылған
әдіс-тәсілдері: Дамыта оқыту технологиясы,
«Ассоциация» әдісі,Сұрақ жауап, түсіндіру,
ойын.
Оқу қызметінің
барысы:
Тәрбиеші: Жыл мезгілдеріне байланысты
сұрақтар қояды.
Шаттық
шеңбері:
Біз қандаймыз,
қандаймыз,
Шұғылалы
таңдаймыз.
Жарқыраған
күндейміз,
Ренжесуді
білмейміз!
Тәрбиеші нұсқап балалар
үстелдер жанына айнала өтеді.
Тәрбиеші: Балалар қыс мезгілінде не
нәрсе естеріңе түседі?
Балалар: Шырша,
қар,шана!
Ғажайып
сәт: Аю
кіреді
Аю: Менің ұйқымнан кім оятқан? Мен
сендерді жеймін!
Тәрбиеші:Сәлеметсіз ба аю!Бізді
жеме,біздің балалар өте ақылды ,білімді!
Аю: Жарайды ендеше маған шыршаны
әсемдеуді үйретіңдер қане!
Тәрбиеші:Жарайды аю! Ендеше шыршаны
бейнесін ермексазбен әсемдейік!
Тәрбиеші балаларға
қауіпсіздік және тазалық ережелерін сақтай отырып ермексазбен жұмыс
істеу ережесімен таныстырып ермексазбен жұмысты
орындатады.
Сергіту
сәті
Бала бала
балақан!
Қане қайсы
алақан?
Саусақтарың
әйбат!
Былай былай
ойнат!
Бір қадам алға
басамыз!
Алақанмен соқ соқ
соқ!
Бір қадам артқа
басамыз,
Аяқпенен топ топ
топ!
Тәрбиеші: Ал қане енді балалар қызықты
ойын ойнайық!
Д/к Ойын «Түрлі түсті
пішіндер»
Шарты:Балаларға түрлі түсті
карточкалар таратылып ,балалардан тәрбиеші сұрайды,балалар
қолындағы карточка түсімен сәйкес қорапшаға карточкасын апарып
салады.
Аю: Балалар менің ұйқым
келді!Сендерге рахмет! Шыршаны безендіруді үйрендім,сендерге
орманнан естелікке жаңғақтар таратып
берейін!
Аю балаларға таратып беріп
шығып кетеді
Балалар:Сау болыңыз
аю!
Тәрбиеші: Балалар енді біздік тобымызға
қайтатын уақыт келді қане сиқырлы тақпағымызды айтып
оралайық!
Біз қандаймыз,
қандаймыз,
Шұғылалы
таңдаймыз.
Жарқыраған
күндейміз,
Ренжесуді
білмейміз!
Қорытынды:
-Балалар бүгін біз сабақта нені
үйрендік, қандай жұмыстар жасадық? Мадақтау.
Бағалау.
Балалар өздерінің
пікірлерін білдіріп оқу қызметін
аяқтайды.