400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі:«Өлі және тірі табиғат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық оқу қызметі:«Өлі және тірі табиғат»
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 «Сказка» Бөбекжайы М КҚК

Тургаева Айша Боранбаевна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: «Үміт» тобы.

Тақырыбы:«Өлі және тірі табиғат»

Білім беру салалары: Таным, Қатынас,Әлеуметтік орта

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,ойын.

Мақсаты: а) Балалардың «Өлі және тірі табиғат» тақырыбында білімдерін тереңдету.. ә) Балалардың ақыл - ойын, тәжірибие жасау арқылы, қызығушылығын дамыту б) Табиғатты аялай білуге, табиғат байлығын қорғауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілген жұмыс және сабаққа даярлық :Табиғат туралы әңгімелесу,тақпақ жаттату.

Билингвизм: табиғат – природа- nature


Қызмет кезеңдері


Педагогтың басқару іс-қимылдары

Балалардың қызметі

1

2

3

Мотивация

лық қозғаушы



























Ұйымдастырушы ізденушілік:





























































Балалар қараңдаршы бүгін бізге көп қонақтар келіп қалыпты амандасып алайық



- Қазір жылдың қай мезгілі?


- Қыс мезгілінде неше ай бар?



- Дұрыс айтасындар балалар, осы бізді қоршаған ортаны не деп атаймыз?


-Табиғат-природа-



- Табиғат деген не?


- Дұрыс табиғат бізді қоршаған орта.



-Балалар, бүгін біз осы табиғат туралы әңгімелейміз.





Слайд арқылы түсіндіру.

Табиғат екіге бөлінеді екен. Өлі табиғат және тірі табиғат: Өлі табиғатқа тау, тас, топырақ, бұлт, су жатады. Тірі табиғатқа адамдар, жан - жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.

Тірі табиғат: қоректенеді, тыныс алады, өсіп - өнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді.

Тірі табиғатқа байланысты мутфильм көрстеу.

Өлі табиғат: қоректенбейді, тыныс алмайды, өсіп - өнбейді, қозғалмайды, жүрмейді, өсіп - өнбейді. Өлі табиғатқа құм, тас, суға байланысты тәжірибе жасап көрейік.

-Олай болса зертханаға барайық

1) Тәжірибе: Ыдыстағы құмды ұлғайтқыш әйнекпен қарау. Ұсақ бір - біріне жабыспайды. Ыдыстағы құмның жел тұрғанда ұшуы. Сок ішуге арналған түтікшемен құмды үрлеу, жеңіл, жел тұрса ұшады. Ыдыстағы құмға су құю. Ыдыстағы құмға, су құйса балшыққа айналады. Тасты бақылау. Су құйса да жылтырап жата береді, түрі түсі өзгермейді, майдаланып балшыққа айналмайды, жел үрлесе де қозғалмайды. Ауыр зат.

Су ерекшелігін бақылау. Судың дәмі жоқ, иісі жоқ. Қатты от жағып, су тұрған ыдысты қыздырсаң қайнайды, көбеймейді. Аяз, суық жерге қойсаң да көбеймейді қатып қалады.

Сергіту сәті:

Ойын: «құм», «тас», «су»



-Балалар сендер ертегі тыңдағыларын келема?

-Олай, болса мен сендерге ертегі оқып берейін

(Сурет арқылы көрсете отырып айту)

-Ерте, ерте , ертеде су болмай құстар шөлдеп, ағаштар қурап, гүлдер солып қалады. Қалжыраған құстар желден ақыл сұрапты. Жел көмектесейін деп күнге барады. Күн жердегі суларды, яғни өзендер мен көлдерді қатты қыздырады. Су түйіршіктері буға айналады. Аспанға бу көтерілді де су түйіршіктері бірігіп, бұлттар болды. Жел бұлтты қуалап, су түйіршіктері жерге жаңбыр боп жауды. Жер тыныс алады. Шөлін қандырған құстар да, өсімдіктерде жадырайды.

Ертегі ұнады ма?


-Балалар табиғат туралы мақал – мәтелдерді есімізге түсірейік:


Балалар бізге табиғаттың пайдасы өте зор. 
Табиғатты қорғау керек. 
Ағаштарды сындырмау керек, құстарға ұя жасап, жем шашу керек. 
Аулаға гүлдер ексе , маңайымыз әсемдене түседі. 


Осы табиғатты дұрыс пайдалану керек. 
-
Балалардың назарын бейне фильмге аудару (Бейне фильмді көрсете отырып салыстыра түсіндіру)



Саламатсыздар, ма?

Здраствуйте,



ыс мезгілі


ш ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан

- Табиғат



ш тілде қайталап айтады



-Табиғат бізді қоршаған орта олар Ағаш, дала, су, аспан, гүл









Мұқият, қызығушылықпен тыңдайды





Балалар қызығушылықпен мутфиль қарайды.









Балалардың тәжірибе жасайды















Ойын шарты бойынша ойындайды.



-Иә, тыңдағымыз келеді




















-иә , ұнады.


-Таза болса табиғат

Аман болар адамзат.

Туған жердің суы тәтті,

топырағы да ыстық.









Рефлексиялық қортындылаушы:












Есік қағылып тілші кіреді.

Саламатсыздарма?! Мен сіздерге «Қазақстан Орал» теле арнасынан келдім.

Бүгін сіздермен тікілей «Табиғатты аялау болашақты ойлау» тақырыбында тікелей эфир жүргіземін. Менің сұрақтарыма жауап бересіңдерма?



-Балалар жарайсындар !


-Балалар келген қонақтармен қоштасайық



Балалар танырқап қалады.





-иә. Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.


-Сау болыңыздар, досвидания,



Бала игеруі керек:

Бала түсінуі керек: Табиғаттын пайдасы

Бала жасай білу керек: Табиғатқа қамқорлық жасай білуі керек




Тақырыбы:«Нан-ел байлығы Білім беру салалары: Қатынас, Таным, Денсаулық, Шығармашылық,

Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Тіл дамыту Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,ойын Мақсаты: 1. Балаларға нанның адам үшін маңыздылығын, оның дастарханға үлкен еңбекпен келетінін тәжірибе арқылы түсіндіру.2. Балалардың шығармашылық қиялын мақал-мәтел, өлең-тақпақтар мен ойын арқылы дамыту.3. Нанды құрметтеуге тәрбиелеу.

Билингвизм: Нан - хлеб - bread; бидай – пшеница – wheat; ұн – мука – flour. Алдын ала жұмыс және сабаққа даярлық: Бидай дәнін топыраққа егіп, дайындау; зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды даярлау (бидай дәні, топырақ, лупа); бидай ұны; иод; дәнді дақылдар жинақталған гербарилар.


Қызмет кезеңдері

Педагогтің басқару

іс-қимылдары

Балалар қызметі

1

2

3



I кезең :

уәждік -түрткі болу




Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіпті, сәлемдесіп алайық:


«Жылулық шеңбері»

Балалар бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жылы лебіздер айтумен бастайық


-Балалар жарайсыңдар, маған сіздердің тілектеріңіз ұнады. Соның ішінде нанымыз көп болсын деген тілектерің қатты ұнады.

-Балалар сендер нанның дастарханға қалай келетінін білесіңдер ме?

-Олай болса, мен сіздерге нанның біздің дастарханымызға үлкен еңбекпен келетінің айтып берейін.



-Саламатсыздар ма?



-Аспанымыз ашық болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Суымыз молдір болсын!

-Нанымыз көп болсын!






-Жок, білмейміз.


II кезең:

Проблема

лық-ізденістік





































Сергіту сәті:

(Экрандағы суреттер бойынша түсіндіріледі)

-Диханшылар бидайдың дәнін жыртылған жұмсақ жерге егіп күтіп-баптап, мол өнім алу үшін аянбай еңбек етеді. Өсіп шыққан бидайды комбайынмен орады. Орылған бидайды машинамен элеваторға тасиды. Дирменшілер бидайды тартып ұн жасайды. Ұнды наубайханаға апарады. Наубайшылар ұннан түрлі нандар пісіреді. Пісірілген нандар дүкенге түседі.

Балаларды зертханаға алып бару.

І.Тәжірибе: Бидайдың өсу кезеңдерің көрсету:

  • Бидай дәнің себу

  • Топыраққа судың жақсы сіңуі

  • Көктелу өскің (Алғашқы көтеуін көрсету)

  • Алғашқы сабақтың шығуын көрсету (Сабақ шықанаң кейін өсімдік тез өсе бастайды.

  • Бидайдың құрғақ қатайған түрін көрсету.

  • Бидай 160-170 күнде пісіліп жетіледі.

ІІ. Тәжірибе. Бидай дәнін ұсақтап алып, дәкеге салып, суға малып, тұнбаға иод тамызамыз. Нәтижесінде крахмал бар екенін көреміз. (иод қосқанда көгереді)


Нан-хлеб-bread;

бидай-пшеница-wheat

ұн- мука- flour


Жайқылады ақ бидай,

Басын иіп аққудай.

Трактор мен комбайын,

Жүргізуге мен дайын!



-Балалар ауылға Диханшы ата мен әжеге қонаққа барғыларын келе ме?


Автобуспен ауылға алып бару.

«Қайдан келдің бауырсақ» өленін саусақ қуыршақтары арқылы айтып беру.

-Диханшы ата мен әже қарсы алады.

-Балалар Диханшы атаға қоятын сұрақтарын бар ма?

-Диханшы ата сұраққа ақ бидай мен қара бидайдың масақтарын көрсету арқылы жауап береді.


Балалар нанның пішіндері әр түрлі болады екен, дастархандағы нандардың пішіндерімен, түрлерімен таныстыру, адам денсаулығына қара нанның пайдасы туралы айту.


-Балалар нан туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер білетін едік кой, айтып берейік












Диханшы атаға арнап тақпақ айтып берейік.




Диханшы ата жұмбақ жасырады.

Ұзын мұртты сарылар,

Қойыныңда наны бар, бұл не?

Әже: Балалар, сіздер нан туралы көп біледі екенсіңдер.


Балаларым бауырсақты неден, қалай пісіреді мен сендерге көрсетейін.

Әже бауырсақтың қалай пісірілу жолын айтып,көрсетеді. Бауырсақты ұннан жасайды. Ұнға тұз, су, ашытқы салып илейді содан соң, көтерілген қамырдан бауырсақ жасаймыз. Дайындалған бауырсақты майға пісіреміз.

Балалар сендердің жасаған бауырсақтарыңды ас үйге барып, пісіріп келейін.

-Балалар нанның қиқымын жерге тастауға бола ма?

Онда нан қиқымын жинап алып торғайларға тастайық.




Балалар,әже бауырсақты пісіріп келгенше, біз Диханшы атамен ойын ойнайық.

Ойын: «Сөйлемді жалғастыр»

Сөйлемнің басы айтылып балалар жалғастырады.

-Анам дүкеннен...

-Мен қарындашпен...

-Біз дастарханға ...

-Мен торғайларға...

Нан таситын машинамен балабақшаға...

-Жарайсындар, балалар!

Әже: Балалар, сіздердің жасаған бауырсақтарың сап-сары болып дәмді пісті.

-Диханшы ата, әже сіздерге көп-көп рахмет. Біз балабақшамызға барайық

Диханшы ата: Балаларым сіздер алыс жолдан келдіңдер. Нан ауыз тиіп кетіндер нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. «Ең құрыса нан ауыз ти» деген сөз бекер айтылмаған.

-Автобусқа мініп, балалар балабақшаға жетемін дегенше ән айтып барайық
















Балалар бидайдың дәнін топыраққа егеді.




Дәннің алғашқы көктелуін лупамен көреді.

Алдын-ала дайындалған сабақтың шыққанын бақылайды.


Бидайдың дайын пісіп жетілган түрін көреді.



Балалар тәжірибені өздері жасап бидайда крахмал барын дәлелдейді.




Үш тілде жаңа сөздерді қайталап айтады.



Қолдарын жоғары көтеріп, тербеліп,

бастарын иеді,

қолдарын алға созып жүргізген сияқты қимылдайды.



-Иә, барғымыз келеді! –деп қуанады.

Автобуспен ауылға барады.

Автобуста өлеңді қызығушылықпен тыңдайды.


Ата, әжемен амандасады.

-Иә, ақ нан неге ақ, ал,қара нан неге қара?





Дастарханда төртбұрышты, үш бұрышты, дөңгелек пішінді нандарды қолдарына ұстап көрсетеді.


-Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

-Не ексең, соны орасың.

-Ексең егін, ішерсің тегін.

- Нанды шашуға, жерге тастауға болмайды.

- Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

- Нанды басуға болмайды.

Жарып шыққан қауызын,

Дән өмірдің азығың.

Жегеніңде ақ нанды,

Нәрге толар ауызың.


Ерте тұрып ақ таңнан

Қара жерге нәр құйған

Айналайын атадан

Егінегіп, дән жиған.


-Бидай



же, әже мына бауырсақты неден және қалай пісіреді?

Әжемен бірге бауырсақ жасайды.



Жоқ, болмайды.


Нан қоқымын шашпаймыз,

Жерде жатса баспаймыз.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаймыз!






нан сатып әкелді.

нанның суретін салдым.

нан қойдық .

нан шаштым.

нан әкелді.


Балалар өздері дайындаған бауырсақтарын көріп, қуанады.






Бауырсақтан дәм татады.


Ән: «Еңбекшіл осындай».



III кезең :

рефлексті- түзетімдеуші

-Балалар, Диханшы ата мен әженің ауылы ұнады ма?

-Онда сіздер не жасадыңдар?


Бауырсақты неден жасадыңдар?

нды қайдан аламыз?

-Бидайды қайдан аламыз?

-Дәнді не істейміз?



-Жарайсыңдар, балалар.

-Балалар, бүгін нанның үлкен еңбекпен келетінін білдіңдер. Нан туралы не білгенімізді қонақтарымызға айтып берейік.



-Балалар келген қонақтармен қоштасайық

-Иә, ұнады.


жемен қосылып бауырсақ пісірдік.

ннан.

нды бидайдан аламыз.

-Дәнен.

-Дәнді, диханшылар жерге егіп,жаздай күтіп,күзде мол өнім алады.

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан- өмірдің ана сүті, арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар!

Сау болыңыздар!


Күтілетін нәтиже :

Игереді:Нан туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер мен тақпақ-өлеңдерді игерді.

Түсінеді:Нанның дастарханға үлкен еңбекпен келетінін түсінді.

Қолданады: Игерген нан туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер мен тақпақ-өлеңдердің қоланады


Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін жетілдіру.

Күз мезгіліндегі ерекшеліктерге тоқталып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Жүргізілу барысы:Әсем әуенмен балалар залға кіріп жарты шеңбер болып тұрады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар сіздерді бүгінгі «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз. Күз- барлығымызға молшылық, ырыс, қуаныш әкелетін мезгіл. Күзіміз әрдайым берекелі, ырысты болсын!

Жайдарлы күз, жарқын күз Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы кең дала, Дариядай шалқар күз!- демекші балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Диас: Алтын, сары , қызыл көк, Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.

Е.Айзере: Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел жемісті алтын күз, Кемелденсің халқымыз!

Шыңғыс: Күз арқылы білеміз, Жомарттықтың салтын біз. Біз өзінді сүйеміз, Рахмет саған алтын күз!

Жүргізуші: Балалар «Күз» мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар:- Күн салқындап, жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Қатты жел соғады.

Жүргізуші:Өздерің айтқандай күзгі суық желде бізге келіп жеткендей (желдің дыбысы) Балалар орындарынан тұрады да қолдарындағы жапырақтарды шашады. Балалар қарандаршы қатты жел жапырақтарды ұшырып әкетті.

Тосын сәт

Музыка әуенімен «Алтын күз» кіреді

Алтын күз: Сәлем ерен достарым Өмірге көп қосқаным Қымбатты сый алыңдар Қызығыма қаныңдар

-Балалар бүгінгі сендердің мерекелеріне өзімнің «Қыркүйек», «Қазан», «Қараша» атты қыздарымды ертіп келдім.

Қыркүйек: Дильназа Күздің осы айында, Алма, алмұрт піседі. Жапырақтар сарғайып, сыбдыр-сыбдыр түседі

Қазан: А.Мадина Қазан айы басталды, Құстар қайта бастады. Туыстық адал достықпен, Алтын күз тойы басталды.

Қараша: С.Айзере Армысыңдар, халайық! Бармысыңдар , халайық! Күзгі тойды жұп-жазбай Келіңдер қарсы алайық

Жүргізуші: Алтын күз сіздің келгеніңіз жақсы болды! Балалар сізге арнап Ән орындап бергісі келіп тұр.

Ән: «Алтын күз»

Жүргізуші:Өте тамаша! Балалар сендер қандай жеміс жидектер мен көкөністерді білесіңдер?

Балалар: Алма, алмұрт, алша, қияр, қызанақ. Қырыққабат...

Жүргізуші: Балалар осы жемістер мен көкөністер қайда өседі?

Балалар: Бау-бақшада

Жүргізуші: Дұрысақ бау-бақшады өседі екен. Балалар сендер бау-бақшаның қарауылын көрдіңдер ме?!

Балалар: Жоқ

Жүргізуші: Көргілерің келеме?

Балалар. –Иә

Тосын сәт:

Есік қағылып бақша қарауылы қызымен бірге кіреді. Саламатсыздарма? Балалар!

Балалар: Үш тілде амандасады.

Қарауыл: Балалар мен сендерге өзімнің бақшам туралы айтып бергім келеді. Слайд бау-бақша жемістерің көрсетеді)

Менің «Қызанақ» деген ерке қызымның туған күні еді, өзі ерке, ашулаңшақ, тентек, кімде кім оның көңілін көтеріп , дос болса соған үлкен сыйлығым бар.

Жүргізуші: Ендеше қызанақтың көңілін көтеріп, дос іздейік. Кім қызанақпен дос болғысы келеді?

Сәбіз: Жанарыс Жаздай інге тығылып, Жатқан қызыл түлкімін. Құйрығымнан суырып, әкелді әжем бір күні

Қырыққабат: Ақмади Жаста болса қоңым бар, Қырық қабат тоным бар. Менімен дос болшы.

Алма: С. Мадина Мен алмамын, алмамын, Таңдайда қалар бар дәмім. Мен тәтті алмамды ала келдім Менімен дос боласынба?

Қарбыз: Нұрәлі Қарбыздарды қарашы, Қаз қатар болып тізілген. Достар келсе үйіме Тәттісінен тілінген Мен сондай тәттімін менімен дос болшы

Жүргізуші: Балалар енді қынанақтың көңілін көтеру үшін Арамызда отырған жемістер «Жапырақтар» биін билеп берсін

Қыстың жақын қалғанын Жапырақтар білгендей Желмен ұшып барады Жерге қонып үлгермей Жапырақтар жамырап Сайға барып бекінді Анасынан ажырап қалған бала секілді

Би. «Жапырақтар»

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы қызанақ әлі көңілсіз отыр. Енді кім қызанақпен дос болғысы келеді?

Өрік: Аңсар Мен өрікпін ірімін, Алма, алмұртқа інімін. Тәттілердің бірімін Дастархның гүлімін Сусыныңды қандырған Салқын саумал шырынмын

Пияз: Мерует Асханадан шықпаймын Атым-пияз бұқпаймын Көзден жасты шығартып Тұмауданда сақтаймын

Құлпынай: Саг.Мадина

Піскен кезде құлпынай Қандай әсем шіркін-ай Қарай бергің келеді Дүркін, дүркін, дүркін-ай

Асқабақ: Әлихан Асқабапын қасымда Бәрің бала расында Үлкендігім түрімде Алыптардың басындай

Бидай: Ұлан Алқаптағы бидаймын Қоймаға ел жинайтын Тырнасы тізілген Ұнатамын күзді мен

Жүргізуші: Алтын күз біздің қызанақтың ойын ойнағысы келіп тұрған болар Сіздің дайындаған ойыныз болар?

Алтын күз: Арине бар Олай, болса ойын ойнайық «Кім жылдам» Ойынға екі ата –анмен екі баласы шығады. Мына ыдыстағы жүзімдерді қасықпен тасып келесі ыдысқа жинайды ойын ұзақтығы 2 мин

Жүргізуші: Қызанақ саған ойын ұнадыма?

Қызанақ: Жоқ

Жүргізуші: Ал енді қызанақпен кім дос болғысы кіледі?

Қауын: Бауыржан Сары алтын әңгелек Қандай тәтті әңгелек Дәмі аузымнан кетпейді Балың да оған жетпейді

Шие: Айнара Мен шиемін, шиемін Күнің көзін сүйемін Қышқыл шырын менде бар Төмен басты иемін

Жүзім: Гүлназ Мен жүзіммін, жүзіммін Моншақ болып тізілдім

Алмұрт: Әдемі Мен алмұртпын, алмұртпын Күзде жинап алатын Балбыраған біреуін Жесең тойып қалатын

Жүргізуші: мүмкін қыанақтын көңілін ән айтып көтерерміз. Олай болса Дильназа,Нұрәли, С айзере, Ақмадидің орындауларында «Листопад» әні тыңдайық

Ән: «Листопад»

Жүргізуші: Қызанаққа арнап балалардың тақпақтарына кезек берейік

Расул Ұшты талдан жапырақ Сары көбелек секілді Аспанда жай шатырап Тамшы жерден секірді Көк майсасы көрікті Алқаптағы көп егін Бұл күндері киіпті Сары жібек көйлегін

Т.Нұрдәулет: Күн шуаққа маужырап Жатыр еді атырап Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ О, алақай, тамаша Шашу шашты жапырақ Бақтар іші алаша Аунар ме едім жатып

Жүргізуші: Балалар мүмкін қызанақ ортамызда отырған қиярмен дос болар

Қияр: Алинұр

Мен-қияр Сен-қызанақ Сыңғырлап күлкі қызара Дос болайық екеуміз Мәңгілі қол ұстаса

Жүргізуші: Қызанақ өзінің досын тапқан сияқты. Ендеше қызанақ пен қиярдын биін тамашалайық

Қарауыл: Жарайсыңдар, балалар Менің қызым қызанаққа дос тауып бердіңдер рахмет! Сендерге арнап бау-бақшамнан акелген жемістерімді сыйға тартам

Жүргізуші:Сөйтіп қызанақтын мәңгілік досы болып қияр қалады.

Алтын күз неге жылап тұрсың?

Алтын күз: Менің көңілім босап тұр. Балалар қызанаққа дос тауып берді. Күз туралы бәрін біледі екен. Мен қатты риза болып жылап тұрмын.

Жүргізуші: Алтын күз көніліңіз босап жауын жауып кеттіғой (Жауыннын дыбысы шығады)

Жүргізуші:Балалар жауынан қорғану үшін бізге не керек?

Балалар:-Қолшатыр

Жүргізуші: Олай болса «Қолшатыр» биін тамашалайық

Би: «Қол шатыр»

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар сендер өнері балалар екенсіңдер!

Айналайың балалар Мерекеңіз бүгінгі Естен кетпес күн болды Бақ тілеп бәріңізге Сау болыңыздар

Жүргізуші: Рахмет саған жомарт күз Ендеше бүгінгі кешімізді «Күз жомарт» әнімен аяқтайық




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
1244
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі