400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі:«Өмір қауіпсіздігі ережесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық оқу қызметі:«Өмір қауіпсіздігі ережесі»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өмір қауіпсіздігі ережесі»

Мақсаты: Балаларға күнделікті өмірде кездесетін, пайдаланатын заттардың адам өміріне тигізетін

пайдасы, сонымен қатар зияны туралы түсініктерін кеңейту, бекіту, білімдерін тереңдету. Күнделікті

өмірде «өмірлік ережелерді» естен шығармай мұхият болуға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, талдау, сөздік, практикалық, ойын

Көрнекіліктер: Суреттер, АКТ

Сөздік жұмыс: Қауіпсіздік

Балалар біз серуенге шыққанда, аулада көп жүреміз, ойнаймыз. Сол кездерде қауіпсіздік ережелерін

сақтауымыз керек. Кәне, кім сақтық, қауіпсіздік туралы мақал – мәтелдер біледі?

1 – бала: Сақтықта қорлық жоқ

2 – бала: Сақтанғанды құдайда сақтайды

3 – бала: САқтансаң сақтармын

Дұрыс айтасыңдар балалар, сақтанып жүрсек көптеген қауіпті нәрселерден алшақ боламыз. Балалар

біздер мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтауда мынадай мағұлматтарды білуіміз керек.

1. Өз аты – жөніңді, мекен – жайыңды біл және ұмытпа

2. Әке -шешеңнің аты – жөнін, жұмысын, телефон нөмерін білуіміз керек .

3. Дәрі – дәрмек, қауіпті заттарды қолыңа алма.

4. Отқа, газ плитасына жақындама.

5.Танымайтын адаммен сөйлесуге, оған еріп кетуге болмайды

6. Құлап жарақаттанбауымыз үшін, біз қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек. Қауіпсіздік

дегеніміз балалар, өзіңді қорғау және сақтау дегенді білдіреді.

Слайд: «Өрт қайдан шығады»

«Өзіңді сақта»Ойын: «Болады - болмайды»

Жол бойында ойнауға, жүгіруге ... (болмайды)

Қайшымен ойнауға ... (болмайды)

Сіріңкемен ойнап, жағуға ... (болмайды)

Аялдамада айқайлауға ... (болмайды)

Үстелдің үстіне мінуге .... (болмайды)

Терезе алдына шығуға ... (болмайды)

Дидактикалық ойын: «Қауіпті - қауіпсіз»

1. Балалар аулада доп ойнап жүр. (қауіпсіз)

2. Ұлан жолда велосипед теуіп жүр. (Қауіпті)

3. Айнара газ плитаға тамақ пісіргісі келеді. (Қауіпті, )

Тосын сәт: Есік қағылады, Балалар есік қағып жатыр не істейміз ?

Балалар: Кім екенін сұраймыз

Тәрбиеші: Кім екенін айтпайды. Енді не істейміз ?

Балалар: - Мелицияға хабарлаймыз.

Тәрбиеші: Мелицияға хабарласу үшін қандай нөмірді тереміз ?

Балалар: 102 нөмеріне хабарласып мелиция шақырамыз.

Тәрбиеші: Үйде байқаусызда өрт шықты, Қайда хабарласамыз ? Қандай нөмір тереміз?

Балалар: Өрт сөндіру бөліміне, 101нөмерін тереміз.

Тәрбиеші: Үйде жалғыз қалдың, қатты ауырдың кімге және қандай нөмірге хабарласамыз?

Балалар: 103 нөмірін теріп, жедел жәрдем шақырамыз.

Жарайсыңдар, балалар! Ал осы тақырыптарға байланысты кімдер қандай тақпақтар біледі?

Әсем: От жақпа күйерсің,

Өртеніп жүрерсің.

Сіріңкені ұстасаң,

Бәлеге сен түсерсің.

Бекзат: Егер тыныш жүрсең сен,

Боларсың аулақ қатерден.

Сақтасаң, сақтық шарасын,

Үлгілі бала боласың.

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Сақтансаң сақтармын деген сөз осыдан қалса керек.

Міне, балалар, айналамызды қоршаған ортада біз сақтанып жүретіндей нәрселер көп екен. Ендеше

дендерің сау, күшті, мықты, епті болу үшін өздеріңнің денсаулықтарыңды сақтаңдар.

-Балалар басымыз аман, еліміз тыныш болып, өзімізді қауіп – қатерден қорғай білейік. Қауіпсіздік

ережелерін сақтайық.

Құрметті ата- аналар, үйде де, осындай қауіпсіздік ережелерін сақтап жүруіңізді өтінеміз. Алтын

уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі