400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі:«Қыс қызығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық оқу қызметі:«Қыс қызығы»
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 «Сказка» бөбекжайы

Тәрбиеші А.Б.Тургаева

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы:«Қыс қызығы»

Мақсаты:Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерін дұрыс айта білуге жаттықтыру, табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге сезінуге тәрбиелеу.

Әдіс -тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу,көрсету,сұрақ-жауап,ойын.

Қажетті көрнекі құралдар:АКТ. Қыс мезгілінің суреттері, дидактикалық ойындар,

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: қыс мезгілі туралы әңгіме

Үштілдік компонент:қыс-зима-winter.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


-Балалар күн суық болса да біздің жүрегіміз жылы.Жылуымызды жан-жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып келген қонақтармен амандасайық.

Мейірімділік жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық

Үш тілде амандасады.

Жұмбақ жасыру.

Шанамен зырғып желетін,

Коньки, шаңғы тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойласыңдар балалар?

Слайд көрсету

-Қыс мезгіліңің белгілерін білеміз бе?



-Боран соққанда қимыл мен көрсетейікші.

-Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз?


-Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?

-Қыс айларын атайықшы.

.

-Желтоқсан- жылдың аяғы, қыстың басы ол суық ызғарлы.

-Қаңтар-жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай.Бұл айда қатты суық үскірік аяз болады.

-Ақпан-желмен боранның айы.

-Біз тоңбас үшін үстімзге қандай киімдер киеміз?

-Бас киім,үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз.

-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?

Ойын: «Қыс мезгіліндегі киетін киімдерді көрсет»

Мақсаты:Әр жыл мезгілінде қандай киім киетіндерін дұрыс табу.




Мейірімділік жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық

Үш тілде амандасады.





-Қыс мезгілі .



Қар жауады, аяз болып боран соғады.


-Қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді.

Қол аяқтарын қусырып аяқтарын топылдатады.

Қолдарын шапалақтайды.

-желтоқсан

-қаңтар.

-ақпан.










-Аққала жасап, шанамен сырғанап,

қар лақтырып.

Іздену

ұйымдастырушы

Видио көрсетіледі.

Саламатсыздар ма балалар!

-Біз сендерге көптеген тапсырмалар әкелдік.

3. Сурет бойынша әңгіме

Балаларға жұмбақ жасырады.

1-Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.


2.Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан тұрады,

Танып көрші сен оны


3.Тікен-тік пісте,.

Қысы жазы бір түсті.

Балалар қыс туралы тақпақ білесіңдерме?

-Қыс мезгілі туралы қандай тақпақ білеміз?


-Сәлеметсіз бе!

-«Жазира» тобы




-Қар.




-Аққала




-Шырша.




Ахметжан

Жып-жылы киініп,

Шығайық далаға.

Суықта сүйініп,

Тимиді балаға.

Бекзат.

Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген.

Бақша бауды тауды да,

Бояған ақ түспенен.

Айару.

Ақ шанамыз зырлайды.

Ақ қар оны шыңдайды.

Біреу шаңғы тебеді.

Құйындатып келеді.

Назерке

Біз тебеміз сырғанақ.

Таудан төмен сырғанап.

Бір шанада екеуміз,

Құламайды екенбіз.

Рефлексивті

түзетуші

Балалар бүгінгі ұымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?

-Топқа кімдер қонаққа келді?

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

Жақсы дұрыс айтасыңдар.

Ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

-Ия ұнады.



-3 айдан тұрады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыс мезгілі туралы біледі.

Игерді: қыс мезгілінің ерекшеліктерін білдіретін сөздерді қолданып, сипаттап мәтіннің қалай құрастыру керектігін

Жасай алады: сұрақтарға толық жауап бере білу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
1511
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі