Материалдар / Ашық оқу қызметі:Қызыл телпек (ертегі )

Ашық оқу қызметі:Қызыл телпек (ертегі )

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
935
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 16.11.18Тобы: ЖұлдызБілім беру саласы: КоммуникацияБөлімі: Сөйлеуді дамытуТақырыбы: Қызыл телпек (ертегі )Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Ертегі туралы білімдерін кеңейту. Кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айтуға үйрету.Сұрақ –жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.Дамытушылық: Рөлдерді дұрыс орындауларын қадағалау, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін нығайту. Тәрбиелік: балаларды достыққа, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сахналау, қорытындылау, мадақтау
Оқу қызметіТәрбиешінің қызметіБалалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылықШаттық шеңбер: Армысың асыл күн ! Армысың асыл жыл , Армысың көк аспан ! Армысың жан досым. Жылуыма жылу қос , Болайықшы жақсы дос! Бүгін Дараның туған күні. Ол өзінің туған күніне кімдердің келетінін, қандай сыйлық алатынын қуана күтіп отырып, теледидардың алдында ұйықтап қалады. Түсінде қызыл телпек ертегісін көреді. Автор: Ертеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті.Анасы оны өте жақсы көреді екен.Әжесінің де ең сүйікті немересі еді.Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты.Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты.Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек»деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп,қызына:Анасы:-Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып,жағдайын біліп қайтшы.Қызыл телпек:-Жарайды,анашым,апарып берейін.Автор:Анасының сөзін екетпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады.Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді.Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып,гүл теріп,асықпай жүрді.Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келді.Қасқыр:- Қызыл телпек,сен қайда барасың?Қызыл телпек:-Мен әжемнің үйіне барамын,оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын.



Автор: Қызыл телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейхабар еді.Қасқыр: - Ал әжең қайда тұрады?- деп сұрайды қасқыр.Қызыл телпек:- Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда,ауыл шетіндегі,диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады,-деп Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып береді.Автор:Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын.Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп,қызға тиіспейді.Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол, алдымен әжесін жемек болады.Қасқыр:-Жарайды,мен сенімен бірге сол ауылға барып,әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын,кел екеуіміз жарысайық.Сен мына жолмен бар, мен ана жолменжүрейін,-деп қасқыр өзін ауылға апарар төте жолды таңдап алады.Автор:Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі.Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді.Ал қасқыр алды-артына қарамай,тура жолға қарай бет алады.Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады.Қасқыр:-Тоқ-тоқ-тоқ!Әжесі: -Бұл кім ? – деп сұрайды . Автор:Қасқыр дауысын жіңішкертіп.Қасқыр:-Әже,бұл мен ғой,немере қызың-Қызыл телпек,мен сізге қонаққа келдім,анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім,-дейді.Автор:Бұл кезде ауырып,төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап:Әже: Айналайын қызым,тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң,есік ашылады,-дейді дауыстап.Автор:Қасқыр үйге кіріп әжесін жеп қояды да, өзі төсекке жатып алып Қызыл телпекті күтеді.Бір кезде Қызыл телпек келеді де есікті қағады.Қызыл телпек:-Тоқ-тоқ-тоқ!Қасқыр:-Бұл кім ?-деп даусын жіңішкертіп Қызыл телпек:-Әже,бұл мен ғой,немере қызың-Қызыл телпек,мен сізге қонаққа келдім,анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім,-дейді.Автор:Әжесінің орнына жатып алған қасқыр жіңішке даусымен:Қасқыр:-Айналайын қызым,тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң,есік ашылады,-дейді дауыстап.Автор:Қызыл телпек ішке кіріп,әжесінің жанына керуетке келіп отырады.Қызыл телпек:-Әже,әже неге сіздің көзіңіз бен құлағыңыз үлкен ?Қасқыр:-Мен сені жақсы көру және есту үшін!Қызыл телпек:-Әже,әже неге сіздің тісіңіз үлкен? -Бұл сені жеу үшін!- деп Қызыл телпекті жеп қояды.



Автор:Осы кезде үйдің жанынан отыншылар өтіп бара жатып айқай-шуды естіп,үйге кіріп төсекте қарны қампиып жатқан қасқырды көріп не болғанын түсінеді де,қасқырдың ішін жарып Қызыл телпек пен әжесі шығады. Қызыл телпекпен би билейді. Дара бүгінгі күнінің қалай ғажайыпқа айналғанына таң қалып әрі қуанып тұрғанда есіктің қоңырауының даусы шыр етеді. Осы сәтте түс көріп жатқанын түсініп ұйқысынан оянады.Топтық жұмыс. Есте сақтау қабілетерін тексеру.Балалар бүгінгі көлеңке театры ұнады ма ?Қандай ертегіні тамашаладыңдар ?Балалар көрген ертегілерінің кейіпкерлерінің суретін жапсыру.Қимылды ойын.

Қызығушылық танытады.













Рефлексивті- түзетушілікЕртегіге қатысысқан балдарды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:Білу: Қызыл телпек» ертегісінің мазмұнын ұғынады. Түсінеді.: Бөтен адамдарға есік ашпауды, сөйлеспеуді түсінеді Қолданады.: Ертегі кейіпкерлерін сомдауға үйренді









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ