15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық оқу қызметі:«Түлкі мен тырна»
№8 «Сказка» бөбекжайы
Тургаева Айша Боранбайқызы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Күні: 15.11.2017ж
Тобы: «Жазира» II кіші тобы.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна»
Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: әңгімелесу.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап
Көрнекілігі:ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Билингвальды компонент: түлкі-лиса-fox, Тырна-журавль- crane.
Іс-әрекет |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Жұмбақ жасыру. 1.Өзі айлакер өзі қу, Жүрген жері айқай шу.
2.Көкте ұшады тізіліп, Біз қараймыз тізіліп.
Жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар. Слайд арқылы суреті көрсетіледі. |
-Түлкі.
-Тырна.
|
Іздену ұйымдастыру шылық |
-Балалар, ендеше бәріміз достық туралы мақал айтайықшы: Мақал: Досы көпті жау алмайды. Ақылы көпті дау алмайды.
-Ал, ендеше мұқият тыңдаңдар .Мен сендерге «Түлкі мен тырна» деген орыс халық ертегісін оқып беремін.
Сұрақ –жауап. -Біз қандай ертегімен таныстық?
-Түлкі мен тырна кім болыпты? Ертегіде түлкі мен не істеген? -Түлкі тырнаға тамақты қандай ыдысқа құйып берген?
-Ал, тырна тұлкіге тамақты қандай ыдысқа құйып берген?
Сергіту сәті: Көлбең –көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Аю қалай жүреді? Аю былай жүреді. Көлбең –көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Қоян қалай жүреді? Қоян былай жүреді. Көлбең –көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Түлкі қалай жүреді? Түлкі былай жүреді. Көлбең –көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем Тырна қалай жүреді? Тырай былай ұшады?
-Ертегіні сахналау. Ертегі желісі сахналанады. Сұрақ-жауап: -Балалар, осы ертегіден дос болуға үйренуге болама? -Түлкі мен тырнаның іс-әркеті дұрыспа? -Достар бір-бірін ренжетпеу керек. -Достар қандай болу керек? |
Досы көпті жау алмайды. Ақылы көпті дау алмайды. Мақалды тәрбиешімен қайталайды.
-Мұқият ертегіні тыңдайды.
-«Түлкі мен тырна»
-Дос болыпты. -Бір-бірін қонаққа шақырған.
-Тырнаға ботқа пісіріп баптаған. -Сорпа пісіріп баптаған. -жайпақ тәрелкеге
-құмыраға құйып берген.
Көлбең –көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Аю қалай жүреді? Аю былай жүреді. Көлбең –көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Қоян қалай жүреді? Қоян былай жүреді. Көлбең –көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Түлкі қалай жүреді? Түлкі былай жүреді. Көлбең –көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем Тырна қалай ұшады? Тырай былай ұшады. Балалар, тамашалап көреді. -Жоқ болмайды.
-Үйренуге болмайды.
-Түлкі мен тырнаның іс-әрекеті дұрыс емес. -Адал, шыншыл болу керек. |
Рефлексивті түзетушілік |
Сипаттама беру. Түлкі және тырнаға Балалар, түлкі қандай? Ал, тырна қандай? -осы ертегі кейіпкерлерін үштілде айтайықшы: Түлкі-лиса –fox. Тырна-журавль- crane
Балалар түлкі және тырна туралы кім тақпақ біледі?
Тырна туралы тақпақ айтылады.
-Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? -Бүгін біздің топқа қандай қонақтар келді? Жақсы қатысқан балаларды мадақтау. |
-айлакер, қу. -тырна сақ құс.
Түлкі-лиса –fox Тырна-журавль- crane
Түлкі деген қу ғой, Жүрген жері шу ғой. Жатып алып жағада. Іздегені ду ғой. Тізіле ұшқан тырналар, Ұшады алыс сапарға. Сақшы көсем тырна бар. Қорғаушы соңғы қатарда. -Ия ұнады. -Түлкі және тырна |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:ертегі мазмұнын
Игереді:ертегіден жақсы жаман қасиеттерді.
Жасай алады:ертегі кейіпкерлерінің іс-әркеттерін

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген