Материалдар / Ашық оқу қызметі«У дыбысы мен əрпі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық оқу қызметі«У дыбысы мен əрпі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау. Сұраққа жауап бере отырып, У дыбысы жəне əрпімен танысады. Сөз сөйлем сызбасын оқу. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2021
412
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық оқу қызметі

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: «У дыбысы мен əрпі»

Мақсаты: Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау. Сұраққа жауап бере отырып, У дыбысы жəне əрпімен танысады. Сөз сөйлем сызбасын оқу. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Көрнекі құралдары: Жазу дәптері, слайд, әріптер, жолоқшалар, көк және қызыл түсті дөңгелектер.

Күтілетін нəтиже: Сурет бойынша сұраққа жауап береді. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады. У дыбысы – кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс. У дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі у дыбысының орнын ажыратады. У əрпінің баспа түрін жазады.

Қортынды:

Көпшілік тəрбиеленушілер: Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы у дыбысының орнын ажыратады. У дыбысына сөз ойлайды. У дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер: Сурет бойынша əңгіме құрайды, өз ойын толық жеткізеді. Сөз сөйлем сызбасын оқиды. У дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.

Өткен ҰОҚ-нен алған білім: Отбасы туралы əңгімелейді. Таныс əріптерді тауып, сөз, сөйлем құрайды. Сөздерді буынға бөледі.

Кіріспе: Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. – Кəне, балалар барлығымыз отбасымызға жақсы тілектер тілейікші!

Ата-анам ауырмасын!

Үлкендерді сыйлайық!

Анамызды ардайық!

Негізгі бөлім: Тапсырма орындамас бұрын педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Маған да, саған да,

Жақын туыс бес адам.

Үш əріптен тұратын.

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан.

Бəрі де өз жұртың

Айтады, кəне, кім атын? (Ана, апа, аға, іні, ата).

Балалар жұмбақтың жауабын айтады.

1-тапсырма. Педагог: Балалар жұмбақтың жауабында аталған отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысы естіле ме?

Қайталап айтайықшы!

1.Отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысын ізде.

Суретте берілген отбасы мүшелері туралы əңгімелейді. Педагогтің көмегімен отбасы мүшелерінің аттарымен атайды.

Отбасы мүшелерінің атауларының сызбасына қарап буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

Отбасы мүшелерінің үлкенін, кішісін анықтайды. Балалар өз отбасылары туралы əңгіме құрады.

2-тапсырма. Педагог өлең жолдарын сурет арқылы оқып береді. Балалар мұқият тыңдап, естеріне сақтайды және қайталайды.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Айтқан сөзін тыңдаймыз.

Аман болса анамыз,

Біз – бақытты боламыз.

Балаларға педагог үлкендерді сыйлау, олардың тілін алу, үлкендердің жолын кеспеу туралы əңгімелеп береді.

У – бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс.

Педагог У дыбысы дауысты дыбыстан кейін тұрса, дауыссыз болатынын, көк түсті дөңгелекпен, ал дауыссыз дыбыстан кейін естілсе, дауысты болып, қызыл түсті дөңгелекпен белгілейтіндерін айтып түсіндіреді.

Балалар «Тау» сөзін қайталап, дыбыстық талдау жасайды.

Сөздің неше буыннан тұрғанын айтады. У дыбысының мұнда дауыссыз дыбысының рөлін атқарып тұрғанын біледі.

«Су» сөзін қайталап, дыбыстық талдау жасады.

Су сөзінде У дыбысының дауысты дыбыс рөлін атқарып тұрғанын біледі.

3-тапсырма. У əрпімен танысайық.

Күз бейнеленген суретке қарап отырып, балалар күз мезгілі тұралы əңгімелеседі. Күз мезгілінде жапырақтар түсіп ағаштардың бұтақтары көрініп тұрғанын байқайды.

Педагог У əрпінің суретін көрсетіп, бұтақтың суретіне назар аудартып, ұқсастықты айтады.

Балалар бұтақты саусақ ұшымен бастыра салып, сосын ауада салып көрсетеді.

Педагогпен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Жел шайқайды У-лады

У-лар содан шулады: У-У-У-У!

Балалар өлең жолын қайталай отырып, у дыбысының анық айтылуына жаттығу жасатады.

Сергіту сəті

Шеңбер болып тұрамыз,

Керегені құрамыз,

Уықтарды көтеріп,

Шаңыраққа тірейміз.

Жоғары біздің шаңырақ,

Күн сəулесін шашады.

Киіз үйде жиналып,
Отбасымыз бақытты!

Өлең жолдарын қимылмен қайталайды.

Педагог У əрпінің баспа түрін көрсетеді.

4К моделін пайдаланып балаларды топқа бөлу.

1 топ Балалар өздеріне берілген марблс тастарын пайдаланып У əрпіне ұқсатып жасайды.

2 топ У дыбысын құмға жазуды ұсынады.

3 топ У дыбысын жасау үшін таяқшаларды қолдануға болатынын айтады.

Балаларға ой тастайды. Балалар У дыбысының бейнесіне қарап отырып, өздеріне қанша таяқша керек екенін, жəне қалай жасауға болатыны туралы пікірлеседі.

Балалар енді у әріпінен сөздер құрайық ауа, ау, ну, су, ту, ру.

Өткен оқу қызметіне қандай сөздер құрап едік: ата, ат, ара, ана, тара, тана, анар, нан, он, ол, олар, өр.

У əрпінің баспа түрін ауада жазып, сосын жұмыс дəптеріне баспа түрін жазады.

Рефлексия: Педагог балалардың оқу қызметіне белсенділіктері мен қызығушылықтарын талқылап, мадақтайды. Оқу қызметін қорытындылайды. Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайлик арқылы бағалайды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!