400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық қаралым Көлік түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан,Ақтөбе облысы

МКҚК №26 «Үміт» МДҰ

Қарасартова Д.С,қазақ тілі маманы


Тақырыбы: Көлік түрлері

Мақсаты: Білімділік: Балаларды көлік түрлерімен (ауа, жерде жүретін, ) таныстыру. Көлік атауларын қазақ тілінде дұрыс атауға үйрету.Сурет бойынша монолог түрінде сөйлеуге дағдыландыру. Дамытушылық: Танымдық білімдерін дамыта отырып, байланыстырып сөйлей алу мүмкіндіктерін дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,көше тәртібін бұзбауға тәрбиелеу Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, үнтаспа, ойын элементтері (машина рөлі, гараж), жол макеті.
Сөздік жұмысы: достық - дружба, көлік - транспорт, көлік түрлері - виды транспорта, жүргізуші - водитель, бағдаршам - светофор.
Іс - әрекет кезеңдері
Мұғалімнің әрекеттері Балалардың іс - әрекеттері
Дәлелі - себеп кезеңі Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру рәсімі:
– Балалар, сендер күннен әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма? Балалар хормен, қимыл, іс - әрекет арқылы көрсетеді.

Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған достарым!
– Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Жақсылықты үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.

Ізденіс - ұйымдастыру кезеңі – Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешеміз.
– Көлік дегеніміз не? Ол адамға неге қажет?
– Сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер?
– Енді, мен сендерді көліктің шығу тарихымен таныстырайын. Біздің қазақ халқы ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа - сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған.
– Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.
Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін және жер асты көліктер. Сендер оларды атап көріңдер.

Жұмбақ:
1. Арқасында ауыл жүр, ала тайым шауып жүр.

- Автобуспен қайда баруға болады?
- Ол қайда тоқтайды және балалар өздерін көлікте қалай ұстайды?

2. Тізбектелген көк үйлер, көшіп жүрген көп үйлер.

Тілдік жаттығу

Ме-ме-ме-мынау кеме.

Ақ-ақ-ақ- ұшады ұшақ.

Ақ-ақ-ақ- менде бар тікұшақ.

Ы-ық-ық-жүзеді қайық.

Ік-ік-ік-бәрінің аты көлік.

Логикалық ойын. “Өлеңдегі сөзді тап”

Қаламызда көліктің

алуан түрі табылар,

Ұшақ пенен кемелер

Автобустар тағы бар.

Велосипед мініп ап,

Жолды кесіп шаппаймын.

Жолда жүру тәртібін

Мен осылай сақтаймын.

Балалар өлеңде кездескен суреттер бойынша жеке жұмыс орындайды.

Сергіту сәті: «Бағдаршам».
Көліктің көбеюіне байланысты адамдар бағдаршамды ойлап тапты. Оның үш көзі бар.
- Көшенің қандай жеріне өту керек.
- Автобустан түскенде қандай ережені ұмытпау керек?
Дидактикалық ойын: «Дұрыстап орналастыр»

Көліктерді түрлеріне байланысты ауа,жер,су бөліктеріне дұрыс орналастыру.

-Балалар, біз бұл көліктермен қайда барамыз?
- Балабақшаға, үйге, базарға, ауруханаға, саябаққа, т. б.

-Ал,көлік ішіндегі тәртіпті білесіңдер ме?
- Үлкендерге орын береді, билет алады, жылауға, қатты сөйлеуге, күлуге, тамақ жеуге болмайды.

Арине,дұрыс айтасыздар!

Дидактикалық ойын: «Төртінші артық »

Рефлексия - түзету кезеңі Қимыл - қозғалыс ойыны: «Өз гаражыңды тап». (әуен қосылады)
Күтілетін нәтиже:
Білу: көлік және көлік түрлерін ажыратуды, негізгі жолда жүру ережелерін білуі керек.
Болу: көліктердің қолданылуы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.
Істей білу: жолда жүру ережелерін ұстанып, көпшілік ортада мәдениетті болуы керек. Топпен жұмыс істей білу керек.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі