Тақырыбы: «Тіл ұлттық қазына»
Мақсаты: Ана тілі туралы түсініктерін
кеңейту. Балаларды Отанын сүюге,
Қазақстан Республикасының
рәміздерін қастерлеуге, туған жерге
деген сүйіспеншіліктерін
арттыруға тәрбиелеу мақсатында
олардың сөздік қорларын
көбейтіп, еңбекке, адамгершілікке,
парасаттылыққа
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету,
сұрақ-жауап, әңгімелеу. Ойын, жаттау
Көрнекіліктер:Қазақстан картасы, рәміздер,
тақырыпқа байланысты
суреттер.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
кезеңі
а)
Сәлемдесу
Бала, бала,
баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Амандасып
бәріміз,
Қайырлы күн
тілейміз.
ә) Жыл мезгілдерін сұрау. Күз
мезгілі туралы әңгімелеу.
2.Негізгі
бөлім:
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз өзіміздің
Отанымыз Қазақстанның
картасымен танысамыз.
Тәрбиеші: Бірақ Қазақстан көп ұлтты
мемлекет. Әр ұлттың өз ана тілі бар. Әр ұлт өз ана тілін сүю керек.
Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз. Біз тату-тәтті тұрамыз. Ал
енді қазір біз сендермен тіл туралы тақпақ
жаттаймыз:
Жер байлығы –
нанда,
Адам байлығы –
ақылда.
Халық байлығы –
тілде.
Тәрбиеші:
Балалар
өз тақпақтарын айтады.
Адас: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ
ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не
бардың.
Алтын күннен бағасыз бір
белгі боп,
Нұрлы жұлдыз-бабам тілі, сен
қалдың
Рахат: Ана тілім – ана сүтім, арым
менің,
Сәулетім – сая балғым, сәнім
менің.
Аспаным өзіңменен
арайланып,
Нұрланып атар ылғи таңым
менің.
Махаббат: Ана тілі біздің
туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып
қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай
біз,
Өзіміздің сондай болмақ
бағамыз.
Дастан: Ана тілім-ұраным,
Ана
тілім-құралым,
Ана тілім –
болмаса,
Мықты болмас
тұрағым.
Милана: Туған тілім-тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр
ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге
өсемін.
Өшсе тілім, мен де бірге
өшемін.
Инара: Бір өзіңде сан ғасырдың
жемісі.
Ана тілім-тірлігімнің
айғағы.
Бұл тілімнің кеңейеді
өрісі,
Тік тұрғанда Қазақстан
байрағы.
Данара:
Диас:
Абай:
Тәрбиеші: Балалар бойымызды жазайық.
Сергіту сәті: «Орамал кетті»
ойыны
Көрнекілікпен жұмыс жүргізу.
Сұрақ-жауап: 1. Республиканың қандай
рәміздерін білсіңдер?
2.Қазақстан мемлекетінде
қандай ұлт өкілдері тұрады?
3. Мемлекеттік
тіліміз?
4. Елбасы кім?
5. Сенің ұлттың
кім?
3.Қорытынды: Сұрақ-жауап
арқылы.
- Жылы тілектер білдіру.
- Балалардың еңбектерін бағалап,
мадақтау.
- Қоштасу: Біз ақылды баламыз,
Орнымыздан
тұрамыз.
Қол ұстасып
бәріміз.
Сау болыңыз
айтамыз.