400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық саабақ "Төзім мен табандылық""

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды төзімділікке,табандылыққа үйрету,өз мақсатына жетуге ұмтылуды үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітемін»

Мектеп директоры: Қ.Абдуллаев







Ашық сабақ

Тақырыбы:

Төзім мен табандылық









Күні: 24.02.2017ж

Мерзімі: 1120

Сыныбы: 4 «А»

Пәні: өзін-өзі тану

Пән мұғалімі: Султанова Айгуль







Қараөзек ауылы

Сабақтың тақырыбы: Төзім мен табандылық

Мақсаты: Оқушыларға «төзімділік», «шыдамдылық» адами қасиеттер туралы түсінік беру.

Міндеттері: -төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; -өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту; -төзімділікке, табандылыққа тәрбиелеу

Көрнекі құралдар:үнтаспа,ақ қағаздар,оқулық,дәптер,қарағайдың сұлбасы,қағаздан жасалған «ағаш бүрлері», қарағай ағашының бүрлері.

Сабақтың барысы: -Балалар шеңбер құрып тұрады. Барлығы бірге ән шырқайды.

Мектеп полькасы С.ж. Т.Молдағалиев Ә.ж. И.Нүсіпбаев

Біз – бейбіт ел ұланы, Өнер білім ұраны. Алдымыздан жақсы арман Күлім қағып тұрады.

Біз – батыр ел жастары, Бақыт алға бастады.

Тербетіліп алтын дән Теңіздейін толқыған Даламызда тасқындап, Еңбек күйі шалқыған. Әнді орындап болып орындарына жайғасады.Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Өткен сабаққа шолу жасау. «Еңбекқорлық пен еріншектік» тақырыбы бойынша Еңбексүйгіш пен Еріншекке мінездеме беру.

Әңгімелесу:

-Төзім, табандылық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндің бе?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Мәтінмен жұмыс: Әдемі әже.

-Әңгімеде берілген төзімділік пен табандылық туралы ұғымдардан нені түсіндіңдер?

-Сендердің төзімділік пен табандылық танытқан кездерің болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Түйіндеме: Табандылыққа жетудің жолдары.

1.Еңбектеніңдер! 2.Қиындықтан қашпаңдар! 3.Кедергілерді жеңе біліңдер! 4.Бастаған істі аяғына дейін орындаңдар! 5.Мақсатыңа жете біліңдер! 6.Бәрекелді!

Даналық сөздер:

1.Шыдаған ғана іс тындырар (Сағди)

2.Еңбектің жеңбейтін ештеңесі жоқ. (Дж.Бруно)

3.Шыдаудың өзі ащы болса да,жемісі тәтті. (Ж.Ж.Руссо)

Топтық тапсырма беріледі. «Төзімділік, табандылық бойынша үлгі – өнеге болатын қай сала адамдары?

І – топ: Ұстаз

ІІ – топ: Спортшы

ІІІ – топ: Дәрігер

ІҮ – топ: Ана

Оқушыларға парақшалар беріледі,соған өз ойларын,пікірін жазады.Суретін салуға ,өлең шығаруға болады.

Сергіту сәті:

Сахналау:

І – топ: «Әдемі әже» ІІ – топ: «Шынар мен Шырын» ІІІ – топ: Тақырып бойынша өлең-тақпақ айтады. ІҮ – топ: Мәтін құрастыру

Дәйексөз: Төзімді, табанды адам қиындықтан қорықпайды.Айтылған сөзге де,алдынан шыққан қиындықтарға да,құбылыстарға да төзеді.Сол жолда табандылық танытады.Қандай кедергі болса да,жеңіп шығады.Леонардо да Винчидің «Табандылық кез келген кедергіні жеңіп шығады» деген нақыл сөзі осыған байланысты айтылса керек.

Жағдаят талдау: І – топ: Аружан жас болса да, шетелде әншілік мектепте оқып жүр. Ол ешқашанда өз елін,оның озық дәстүрлерін естен шығарған емес.Арманы алған білімін қазақтың халық әндерін,күйлерін бүкіл әлемге танытуға арнау.

- Аружанның арманы орындалады деп ойлайсыңдар ма? - Неліктен?

ІІ-топ: Айман ән салып,би билегенді ұнатады.Уақытының көбін соған арнағысы келеді.Осыны ойлағанда үй тапсырмасын да тыңғылықты орындағысы келмей қалады.Үй шаруасына да көмектесуге ынталанбайды.Ән салып,би билеуге де бар күшін сала қойған жоқ.

-Айманға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер? Айманның бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?

ІІІ-топ: Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды.Екеуі бала кезден дос.Ақылбек сабақтан келгесін түскі тамағын ішіп,үйдегі жұмыстарын бітіріп,ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты.Футбол алаңына барса,Асылбек те ойнап жүр екен.Олар ұзақ ойнап,үйге кеш қайтты.Асылбек: -Мен ертең сабаққа бармаймын,үй тапсырмасын орындамадым.Мені ағайға ауырып қалды дей салшы-деді.

Асылбек не себепті сабаққа бармаймын деді? Ақылбек пен Асылбектің бойындағы қасиеттерді ата.

ІҮ-топ: Сурет бойынша әңгімелейді.

Мақал-мәтелдерді жалғастыр:

1.Төзім мен еңбек, бәрін де жеңбек. 2.Ұйқы – еріншектің балқаймағы 3.Шатысқан істің шешімі – шыдам 4.Шыдамдының айы оңынан туар 5.Төзімді тілегіне жетеді. 6.Еңбек шыққан жерден төзімділік шығады. 8.Сабыр түбі – сары алтын. 9.Сарғайған жетер мұратқа. 10.Еріншектің ертеңі бітпес,Жеңілтектің селтеңі бітпес. 11.Жалқаудың жауы – жұмыс 12.Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей. 13.Еңбек еткен- мұратына жеткен.

Ойын-жаттығу:

Айтылған ойлар ойын-жаттығу тапсырмасын орындау мақсатында бекітіледі.Тақтаға қағаздан жасалған қарағайдың сұлбасы ілінеді.

-Балалар,сендер қарағай туралы әңгімелер оқығансыңдар.Қарағай өзінің бойындағы қандай қасиеттерімен ерекшеленеді.Естеріңе түсіріп көріңдерші.Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дұрыс айтасыңдар.Қарағай-қысы-жазы жасыл түсте болып,аязға да,ыстыққа да төтеп бере алатын төзімді ағаш.Қолдарындағы «қарағай бүрінің» артқы бетіне достарыңның ішіндегі ең төзімді,табандысының есімін және неліктен олай ойлайтындарыңды жазып,тақтадағы қарағайға орналастырыңдар.Мысалы: Райымбек төзімді,өйткені ол қиындықты жеңе алады және т.б.

-Осы қарағайдай төзімді бола біліңдер.

Қорытынды: «Мен түйген ой» Эссе жазу

Қаралды: Хаттама №

ӘБ жетекшісі: Ж.Идрисова



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1339
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі