Материалдар / Ашық саба "Әр түрлі материалдардан жасалған сәндік бұйымдар" 5-сынып

Ашық саба "Әр түрлі материалдардан жасалған сәндік бұйымдар" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
637
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Әр түрлі материалдан жасалған сәндік бұйымдар» Сабақтың мақсаты: 5.1.5.2. Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар мен эскиздер орындау. Қазақ халқының сәндік бұйымдарысәндік қолданбалы өнері жайлы оқушыларға жалпы мағлұмат беру, таныстыру, ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді оқушылардың бойына сіңіру.Қолданылатын әдіс – тәсілдер: топтық жұмыс, АКТ қолдану, сарамандық, ой қозғауПәнаралық байланыс: тарих, көркем еңбек, әдебиет, сызуОқушыларды екі топқа бөлеміз.
  • «Зергер»
  • «Шебер»
Сабақтың кезеңдері:1-ші кезең-«Кім білімді» 2-ші кезең-«Кім тапқыр» 3-ші кезең-«Кім өнерлі» 4-ші кезең-«Сергіту сәтті» 5-ші кезең-«Сөзжұмбақ» 6-ші кезең-«Мақал-мәтел» ҚорытындыМұғалімнің кіріспе сөзі:Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің ежелгі ұлттық үлгілері мен дәстүрі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті тұрмыста пайдаланатын барлық жиһаздары мен заттары ұлттық ою-өрнекпен көркемделіп отырады. Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады.Сәндік қолданбалы өнер ою - өрнек, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруден тұрады. Қазақ халқының қолөнер түрлері, оның ішінде мың құбылған ою - өрнек өнері, ши тоқу, алаша,сырмақ сыру,ағаш өндеу,киіз басу, тоқыма,құрақ құру,тігін өнері,керамика,зергерлік бұйымдар,ою өрнек және т. б. өнер түрлері ұлттық өнер мақсатына айналып, басқа елдерге де танымал болған.

1-ші тур «Кім білімді?» әр топқа ортақ сұрақ беріледі,әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша.( Палитра)5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.(Дизайн )6. Зәулім ғимарат, құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)7. Бір түсті бояу, қарындаш, көмір, т. б бейнелеу өнерінің құралдарымен орындалған көркем шығарма. (Графика)2-ші тур-«Кім тапқыр?» Екі топқа ортақ тапсырма орындау.Қай халықтың болса да тұрмыс – тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болады. Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуы өзінше ерекше. Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады. Олар:Ұстаергер, ісмер,шебер. Әрқайсысына жеке – жеке түсінік беру.

1.Ұста дегеніміз кім?2.Зергердегеніміз кім? 3.Ісмер дегеніміз кім?4.Шебердегеніміз кім?

3-ші тур-«Кім өнерлі» Тапсырма:Киіз үй макетін ұлттық өрнектермен сәндеу.

4-ші тур-«Сергіту сәтті» Психологиялық тренинг "Жіптік курс". Күрекшені пайдалану арқылы оқушылар кішкене допты ыдысқа түсіреді. Бұл әдістоптық жәнекөшбасшылық іс – әрекеттерді дамытады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - демекші, оқушыларды ұйымшылдыққа,бірлікке шақырады.

5-ші тур-«Сөзжұмбақ» СӨЗЖҰМБАҚҚОЛ ӨНЕР1. Ұлдардың бас киімі (тақия) 2. Жабайы және үй жануарларының терісінен жасалатын сыртқы киім (тон)3. Сәндік өнеріміз ұрпақтан ұрпақа не арқылы жетет (қолөнер) 4. Жігітке жеті ................. де аз. (өнер ) 5. Көркем туындылар ою сомдау немесе құю арқылы жасалатын пластикалық өнер түрі(мүсін)6.Ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам(шебер).7. Былғарыдан жасалған қымыз сақтауға арналған қазақы ыдыс (торсық)



6-ші тур-«Мақал-мәтел» Сабақа байланысты екі топқа мақал-мәтел жасыру.1.Қолың ұста болсын,............................................. (сөзін қысқа болсын.)2.Өнерлінің өзегі талмас.............................................. (Шебердің қолы көпке ортақ.)3.Өнерлінің он саусағы тең..................................................... (Өнерсіздің бір саусағы кем.)4.Жігіт адамға ............................ (жетпіс өнер де аз.)5.Байлықтың атасы еңбек ......................(Анасы жер)6. Еңбексіз өмір жоқ,................................................... (Ауырсыз жеңіл жоқ)7.Киім пішсең кең піш, Тарылтуың оңай..................................................... (Темір кессең қысқа кес, Ұзартуың оңай.)8. Өрнегі көптің .............................................(ермегі көп)9. Еңбегіне қарай құрмет,..................................................... (жасына қарай ізет)10. Өмір үйретеді......................... (еңбек ширатады)12. Өрнегі көптің ................................(ермегі көп)





Кері байланыс. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? Бүгінгі сабақ ұнады ма?Не білгің келеді? Не білдің?Бүгінгісабақтаналғанәсерлерінстикерлергежазады.


Қорытынды сөз.«Көнені керек етпесең, жаңа табылмайды», - деп Шәкәрім атамыз айтқандай,көнені қадірлеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздердің және жастардың міндеті. Көне бұйымдарды ұмытпай,оларды қазіргі заманға лайықтап,жаңа үлгіде жасап шығару біздің парызымыз және қолөнеріміздің өркендеуіне қосқан үлесіміз деп білейік.Бүгінгі сабақты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен қорытындылаймын: «Біз кешегі бабаларымызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек».Үй тапсырмасын беру :Сәндік бұйым жасау.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ