Материалдар / Ашық саба: Жарнама және оның түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық саба: Жарнама және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты, міндеттер: Білімділік: Білім алушыларға жарнаманың мәнімен, түрлерімен таныстыру, жаңа білім қалыптастыру. Дағдыларын дамыту, өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету. Тәрбиелілік: Білім алушыларды іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қаматамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу. Дамытушылық: Білім алушылардың логикалық ойлау мәдениетін дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру.Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін өз ойларын дұрыс жеткізе білу сонымен қатар тіл мәдениетін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2022
1179
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ

Жарма технология колледжі” КММ




БЕКІТЕМІН

«Жарма технология колледжі» КММ-нің

директоры Б.Р.Омаров

______________



«Маркетинг негіздері» пәнінен

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Жарнама және оның түрлері»





Пән оқытушысы: Кожебаева С.К






Модуль /пән атауы: БҰАМ Білім беру ұйымы анықтайтын модуль/ Маркетинг


Сабақ тақырыбы: Жарнама және оның түрлері



Дайындаған оқытушы: ______________ Кожебаева Сымбат Касымжановна

"____" _____ 20____ жыл


1.Жалпы мәліметтер:

Курс: ІІ

Топ: 5 АЕ

Сабақ түрі: Ойын элементтерін қолдана отырып жаңа білімді меңгерту


2. Мақсаты, міндеттер:

Білімділік: Білім алушыларға жарнаманың мәнімен, түрлерімен таныстыру, жаңа білім қалыптастыру. Дағдыларын дамыту, өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету.
Тәрбиелілік: Білім алушыларды іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қаматамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Білім алушылардың логикалық ойлау мәдениетін дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру.Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін өз ойларын дұрыс жеткізе білу сонымен қатар тіл мәдениетін дамыту.


3. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:

а) Оқу бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері: Тауар және оның өмірлік циклін, маркетингтік стратегияны қарастыру;

Базалық құзыреттілік: әр түрлі жағдайлардағы мәселелерді анықтау, жауапты шешім қабылдау;

Кәсіби құзыреттілік: нарыққа сәйкес дұрыс шешімдер қабылдау;

Арнаулы құзыреттілік: топта жұмыс істеу, топтағы адамдармен жан-жақты жұмыс жасайды, жалпы нәтижені алуда әртүрлі бағыттарда тұру;

ә) Оқу бағдарламасы бойынша бағалау өлшемдері: Жарнама, оның түрлері, қызметі мен мәні, жарнама қызметін жоспарлау және жарнаманың түрлері мен құралдары, оларды таңдауды үйренеді.


4. Қажетті ресурстар: ОӘК, ойын сабақ, сұрақ-жауап, кесте, презентация, суреттер, интерактивті тақта

5. Сабақтың барысы:

5.1 Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)

- Сәлемдесу

- Аудиторияның тазалығын тексеру

- Білім алушылардың сабаққа дайындығын бақылау

- Білім алушыларды түгендеу

Қатысушылар саны:___________ Қатыспағандар саны _______________

- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.


5.2. Үй тапсырмасын сұрау: (17 мин)

(Power point бағдарламасын қолдана отырып үй тапсырмасын сұрау)

* Топты екіге бөліп, таныстыру:


1-топ «Болашақ»

2-топ «Жастар»

* Үй жұмысын деңгейлік тапсырма арқылы сұрау: (интеракт қолдану)

«3» - Маркетингтік коммуникация дегеніміз не?

«3» - Маркетингтік коммуникациялар түрлерін ата.

«3» - Тұтынушыларға тауар туралы ақпарат қалай жүреді?

«4» - Коммуникациялар арналарын ата. Анықтама бер

«4» - Тауарды нарықта жылжыту үшін фирма ең алдымен әзірлейді.... Құрамына нелер кіреді?

«4» - Алға қозғау стратегиясы неге бағытталған?

«5» - ТӨЦ дегеніміз не? Мысал келтір.

«5» - РR?

«5» - PR қызметінің RACE формуласын сипатта.


3. Жаңа тақырып өту: (30 мин)

«Жарнама және оның түрлері» (Power point бағдарламасын қолдана отырып жаңа тақырыпты түсіндіру)

  • Жарнаманың мәні, түсінігі

  • Жарнаманың түрлері

Жарнама бұқаралық қатынастың қаржыландыру көзін нақты көрсеткен ақылы ақпаратты тарату құралдары арқылы жүзеге асырылатын жеке емес түрі болып табылады. Жарнаманың қолданылу аясы сан түрлі болып келеді. Оны ұйымның ұзақ мерзімді бет-бейнесін қалыптастыруда ( беделді жарнама) нақты белгілі тауарды ұзақ мерзім ұстау үшін (белгіні жарнамалау), сату, қызмет көрсету немесе әрекет жасау туралы ақпаратты тарту үшін (рубрикалық жарнама) , төмендетілген бағамен сату туралы хабарландыру үшін (бәрін сатуды жарнамалау), нақты ойларды қорғау үшін (түсінік-насихаттық жарнама) пайдаланылады.

Жарнама тұтынушыларды тауар туралы хабардар ету мақсатында немесе оларды өз өнімдерін сатып алуға ынталандыру үшін жарнама берушіден — мақсатты аудиторияға берілетін байланыс болып табылады. Бұл байланыс әдетте ақылы медиа – ТВ, радио, баспа жарнама, жарнама қалқандары және соңғы уақытта продакт-плейсмент (фильмдердегі, телебағдарламалардағы, музыкалық клиптердегі, кітаптардағы жасырын жарнама) арқылы жүзеге асырылады. Коммерциялық кәсіпорындар жарнаманы өз өнімдерін тұтынушыларды тарту үшін пайдаланады, ал коммерциялық емес ұйымдар халықтың хабардар болу деңгейін арттыру үшін немесе халықты мінез-құлықты өзгертуге немесе қабылдауға (әлеуметтік жарнама жағдайында) шақыру үшін жарнамалық хабарландыруларды орналастырады.

Жарнама дегеніміз –қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.

Жарнама аудиторияға екі тәсілмен беріледі:

- жарнама беруші жарнаманы өзі дайындап, содан кейін оны басып, БАҚ-қа ұсынады;

- жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп, жарнама агенттіктеріне және агенттеріне тапсырыс береді.



Жарнама берушілер – бұлар өндірушілер, бөлшек-көтерме саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б.

Жарнама агенттіктері –жарнама қызметін ұсынатын делдалдар. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық (творчестволық) өңдеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады. Жарнама беруші оны шығаруға байланысты кейбір қызмет түрлерін өзі жасай алады. Жарнама агенттіктерін таңдаған кезде жарнама бағасын, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін, қызметінің сапасын талдау керек.

Көрсетілетін қызмет көлеміне байланысты жарнама агенттіктері әмбебап және мамандандырылған болып бөлінеді.

Әмбебап жарнама агенттігі ақпарат және жарнама қызметінің барлық аумағындағы қызметін ұсынады. Осындай агенттіктерге «Стикс», «Юлия», «Триумф», «Бизнес Магазин», «Алина» және басқалар жатады.

Мамандандырылған жарнама агенттігі жарнама қызметінің белгілі бір түрін ұсынады. Оларға шығармашылық шеберханалар, жарнама уақытына ие болатын фирмалар жатады.

Шығармашылық шеберханалар жарнаманың ерекше көркем тұжырымдамаларын жасап, ол туралы материалдарды дайындайды, бірақ жарнаманы өткізуде, ұйымдастыруда толық ауқымды қызметтер көрсетпейді. Мәселен, «Герона», «Гридан», «Киік» агенттіктері кең өрісті полиграфиялық қызметтерді, визуалды жарнама жасайтын жаңа технологияларды ұсынады.

Жарнама уақытына ие болушы фирмалар алдын ала үлкен көлемде БАҚ-тан орын сатып алады, содан кейін оны жарнама берушілерге және жарнама агенттіктеріне сатады.

Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың жиынтығы. Бес түрлі бұқаралық ақпарат құралдары бар, оларға баспасөз, теледидар, афиша, радио, кино жатады.

Жарнаманы жоспарлау процесі мынадай кезеңдерден тұрады:

§ мақсатты аудиторияны таңдау;

§ жарнама мақсатын анықтау;

§ хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;

§ жарнама құралдарын таңдау;

§ жарнама тиімділігін бағалау.

Тұтынушыға жарнама әр түрлі құралдар арқылы жетеді. Жарнама түрлерін былайша жіктеуге болады:


1. Мақсаттық белгіленуіне қарай:

§ тауарлар мен қызметтер жарнамасы;

§ идея-ойлар жарнамасы;

§ пайда алу үшін бағытталған коммерциялық жарнама;

§ пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама (қайырымдылық қоры, діни және саяси ұйымдардың жарнамасы).


2. Мақсатты бағытқа сәйкес жарнама типтері.

1) Марка жарнамасы тұтынушылардың тауар маркасы туралы хабардар болуына және фирманың нарықтағы үлесін арттыруға бағытталған. Оның мақсаты – бәсекелес марканың сатып алушыларын үйіру арқылы таңдамалы сұранысты ынталандыру.

2) Тауар жарнамасының мақсаты – жалпы тауар категориясына алғашқы сұранысты ынталандыру. Мұндай жарнама салалық өткізуді өсіруге бағытталған болса, марка жарнамасы осы өткізу көлемінен өзі үлесін бөліп алуға арналған.

3) Корпорация немесе компания жарнамасы олардың бейнесін жасауға бағытталған.

4) Бірлескен жарнамада өндіруші бөлшек саудагерлердің тауарды жарнамалауға кеткен шығындарын толтырады.



Имидждік жарнаманың негізгі мақсаты – адамдар санасында тауардың немесе фирманың жағымды бейнесін жасау, ал ынталандырушыжарнаманың мақсаты – тауарлар мен қызметтердің өткізілуін ынталандыру.

Баспа жарнамасы - ол тек көріп, қабылдауға арналған жарнамалық-каталогтық басылымдар (каталог, проспект, буклет, плакат, листовкалар) және жарнамалық-сыйлыктық басылымдар (үстелге коятьш және қабырғаға ілінетін фирмалық күнтізбелер, іс күнделіктері, жазу кіташпалары, қалта күнтізбелер?, т.б. жатады). Баспа жарнамасының мақсаты - болашақ сатып алушыларды жарнамаланған фирма тауарларымен толық таныстыру.
Баспасөздегі жарнама. Бұл - хабарландыру және шолу-жарнама жарияланымдары сипатында баспасөзде жариялан-ған әр түрлі жарнамалык материалдар (мақалалар, репортаж, шолу т.б.). Басылымның маңыздылығы оның кезевділігіне, жарнаманы и осы басылымдағы алған орнына және көлеміне байланысты болады.
Радиожарнама. Негізгі түрлері - радиохабарлаңдырулар, радиожурналдар, радиорепортаждар, радиоролкктер.
Тележарнама. Ең танымал түрлері: телеролик, телехабар-ландыру, жарнамалык бағдарламалар, бағдарлама арасындағы телезаставкалар.
Аудиовизуалды жарнама. Бүл - жарнамалык роликтер, жарнамалық-техникалық фильмдер, жарнамалық-беделді фильмдер, бейне фильмдер жэне слайдтар.
Сыртқы жарнама. Бүл - көру сезімі арқылы қабылданатын жарнама. Негізінен бұл жарнама түтыну тауарлары үшін қолданылады. Қалың көгапілікке арналған. Оның түрлері: жарнамалық тақталар, афишалар, транспараштар, түрлі-түсті жазбглар, электронды табло, экрандар, дүкендер сересі,фирмалық жазулар.
Көліктегі жарнама. Бүл - автобус, троллейбус және тағы басқа көлік түріне орналастырылатын жарнамалык мәліметтер, хс.Зарландырулар.
Тікелей пошталық жарнама - жарнамалык хабарларды түтынушы мекен-жайына жарнама хаттар немесе хабарлан-дыру-ақпараттық материалдардьщ басылымдары ретіндежіберу.
Жарнама сувенирлері - фирма қызметін таныту үшін қолданылатын фирмалық сувенирлер, сериялық сувенирлік заттар, сыйлықтар, фирмалық орамалар.
Компьютерлендірілген жарнама. Жарнаманьвд бүл түрі шетелде жақсы дамыған. Ол компьютерлендірілген ақпарат және кабельді теледидар аркылы жүргЬілетін жарнама (бейне-теле каталоггар бойынша сауда).
Интернет арқылы жарнама. Өзінің жеделдігіне, қайта-лануына және таратылуының ауқымдылығына байланысты баспасөздеп



3. Практикалық мақсаттар үшін ең ыңғайлысы – өткізу арналары арқылы жарнаманы жіктеу.

Жарнаманың қамту шеңбері, берілу жиілігі, және әсер ету күші туралы шешім қабылдау

1.Қамту. Жарнама беруші белгілі бір уақыт ішінде оның жарнамалық компаниясымен мақсатты аудитория шеңберінде қанша адам танысуы керек екенін танысуы тиіс.Мәселен жарнама беруші бірінші жылы мақсатты аудиторияның 70 пайызын қамтуға тырысуы мүмкін.

2.Жарнаманың берілу жиілігі.Сондай-ақ жарнама беруші мақсатты аудиторияның орташа өкілі оның жарнамалық хабарландыруымен белгілі бір уақыт ішінде неше рет жүздесу керек екенін де шешуі керек.

3.Әсер ету күші.Жарнама беруші оның жарнамасымен байланыс жасау қаншалықты әсер ету күшіне ие болу керектігінде ойластыруы қажет.

Мақсатты аудиторияның белгілі ақпарат құралдарына әуестігі.

Мәселен жасөспірімдер аудиториясын қамтуға радио мен теледидар, инстаграм барынша тиімді болмақ

Тауардың ерекшеліктері

Әйелдер көйлектері және аксессуарларын түрлі түсті журналдарда ұсыну.Тауарды демонстрациялау және көрнекті құралдармен ұсынуының ықтимал мүмкіндіктері, түсіндіруінің нақтылығы дәрежесі, өздеріне сенімділігі ж және бояуды пайдалану. Әр түрлі болып келеді.

Жолдаудың ерекшелігі

Ертеңінде өткелі тұрған ірі тауарларды сату туралы жолдау радио не газетті, инстаграмды пайдалануды қажет етеді.

Құн

Ең қымбаты теледидар, билбордттар болып табылады, ал газеттердігі жарнама арзанға түседі.

Жарнаманың мақсаттары

Жарнаманың түрі

Жарнама міндеттері

Ақпараттық

Нарыққа жаңалық туралы немесе қолда бар тауардың жаңаша қолданылуы туралы әңгімелеу+ нарыққа бағаның өзгергені туралы ақпарат беру (хабарлау)+ тауар әрекетінің принципін түсіндіру+ көрсетілген қызметті суреттеу+тұтынушы қауіпін сейілту немесе теріс түсінігін түзету+фирманың бет-бейнесін қалыптастыру

Үгіттік

Марканы жоғары бағалауды қалыптастыру+сізді маркаға көшуге көтермелеу+тұтынушының тауар қасиеттерін қабылдауын өзгерту+тұтынушы сол затты сатып алуды кейінге қалдырмауға сендіру+ тұтынушыны коммивояжерді қабылдау қажеттілігіне сендіру

Еске салушы

Тұтынушыға тауар оларға жақын арада қажет болып қалуы мүмкін екендігін ескерту+ тұтынушыға тауарды қайдан сатып алуға болатынын ескерту.Маусымаралық кезеңде тұтынушының тауарды есінде сақтауына қол жеткізу+тауар туралы жоғарғы деңгейде хабардар болуын қолдап отыру.




Видео- ролик көрсету.

Ой сергіту сәті

1. 5 жолды өлең (Синквейн әдісі) тақтаға шығып жазады

Синквейн жазу ережесі:

    1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).
    2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).
    3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (үш етістік,).
    4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.
    5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.
Мысалы:
1. Жарнама
2. табысты, пайдалы
3. жарнамалайды, ұйымдастырады, сатады

4. Қажетті тауар мен қызметті сату
5. Реклама




2. Кубизм стратегиясы арқылы жаңа сабақты пысықтау

1.  Салыстырыңыз « Билборд және электронды жазу жолдарына анықтама беріңіз?»
2.  Талқылаңыз «Жарнамамен айналысу барысында қандай жағдайлар ескерілу қажет/Сіздің басқа ұсынысыңыз».
3.  Қолданыңыз «Маркетологке тән ерекше белгілер қандай?/Өзіңізден сол қасиеттерді байқайсыз ба?»
4.  Мысал келтіріңіз «Қазақстанда жарнаманы дамытуда және қолдауда заңдық-нормативтік актілер қарастырылған ба?»
5.  Зерттеңіз «Жарнама сөзі қашан қолданыла бастады?»
6.  Дәлелдеңіз «Жарнаманы қолдауда және дамытуда Қазақстанда жағдай жасалған ба?»

4. Жаңа тақырыпты бекіту: (20 мин)

Жаңа тақырып бойынша «ФОРТУНА» ойыны (интеракт қолдану)

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.


1. Жарнама дегеніміз не? (дұрыс жауапқа 100-300 а.б.)

Жарнама (француз тілінде «reklama», латынша «reklama» - айқайлап айту) – тауарлар мен қызмет түрлерінің тұтынушылық қасиеті туралы әр түрлі іс-шаралар, бір нәрсені хабарлау немесе сатушы мен сатып алушы арасындағы ақпарат алмасу.


2.Жарнаманың мақсаты қандай? (дұрыс жауапқа 300-500 а.б.)

Жарнама мақсаты:

-сауда нарығын кеңейту

-бұқараға тауар жайлы хабарлау

-фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!