400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауырсақ ертегісін әңгімелеу танымдық белсенділігін арттыру, өткен тақырыптарды пысықтау.Оқушыларды өнерге бейімдеп, ойлау қабілетін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тобы: Мектепалды даярлық

Білім беру саласы :Коммуникация

Іс- әрекет түрі:Тіл дамыту

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Бауырсаққа көмектес»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты :Бауырсақ ертегісін әңгімелеу танымдық белсенділігін арттыру, өткен тақырыптарды пысықтау.Оқушыларды өнерге бейімдеп, ойлау қабілетін арттыру.Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу

Әдістері:  Флипчартпен жұмыс, көрнекілік,сұрақ-жауап,ертегі құрастыру

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: интерактивті тақта

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ынталандыру

сезімді ояту







Мұғалім: ---------------------- Оқушылар:
Әрбір адам - ----------------- Туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ - ---------------- Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің - ------------------- Тірлік, тірек, адалдық,
Әрбір сөзің - ----------------- Шындық, бірлік, адамдық.

Балалар белсенділік танып барлығы бірге айтады.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік


Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар бүгін біз екі топқа бөлінеміз

1-топ (жемістер) 2- топ (көкөністер)

Ертегілер еліне қош келіпсіздер!

Біз бүгін «Бауырсақ» ертегісімен таныса отырып, әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз.

Тақтаға «Бауырсақ» ертегісін құрастыру. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер?

- Жабайы аңдар.

  • Олар қайда өмір сүреді?

Орманның суретін құрастырамыз (Балалар айтып құрастырады) ( флипчарт №1).






Балаларды екі топқа бөлу

1-топ (жемістер) 2- топ (көкөністер)















интерактивті тақтамен жұмыс


«Бауырсақ» ертегісі

Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріптіОны терезенің алдына суытып қойыпты

Бауырсақ суып тұрып- тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді. Шал мен Кемпір оны байқамай қалыпты.

(флипчарт №2)

флипчарт №3. Бауырсаққа Шал мен Кемпірден кетіп қалуға көмектес.

Тапсырма: Отбасы мүшелерін атап, гүлдерді тер.

Бір кезде оған Қоян жолығып:

-   Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.

-   Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай

кеттім Атама, Әжеме ұстатпай кеттім. Қоян саған да ұстатпаймын!».

флипчарт №4. Бауырсаққа Қояннан құтылып кетуге көмектес.



Тапсырма: Үй жануарларының төлдерін ата.

Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.

Флипчарт №5. Бауырсаққа Қасқырдан қашып құтылуға көмектес.

Тапсырма: Жемістерді атап, себетке теріп ал.

Бір кезде Аю жолығады:

-  Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.

-  Сен мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама,

ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.

-   Ал сендей ұстатпаймын мүлде де Флипчарт №6. Бауырсаққа қашып кетуге көмектес.

Тапсырма: Көкөкністерді атап, себетке теріп ал.

Бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.

Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:

-  Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.

-  Жолмен домалап барамын.

-  Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...

- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.

Түлкі оған:

- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тапсырмамды орындашы, - дейді.

Флипчарт №7Шығармашылық жұмыс:

1-топ Жемістердің суретін салады

2-топ Көкөністердің суретін салады

Флипчарт №8. Бауырсаққа Түлкінің тапсырмасын орындауға көмектес.

Тапсырма:Оқу құралдарын атап, шарларды үрле.

Сөйтіп, Бауырсақ Түлкіден де құтылады.

Флипчарт №9 Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде

Балалар белсенділік танытады.





Балалар

Бауырсақ ертегісін құрастыру















Тапсырманы орындау


















































Жемістерді теріп салу

















































Сурет салу





1-топ Жемістердің суретін салады








2-топ Көкөністердің суретін салады


Сергіту

сәті


Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен жасайды

Рефлексиялық

түзетушілік

Дидактикалық ойын: «Ертегі құрастыру»Мозайка

Балалар бүгінгі сабақтың қалай өтті, смайлк пен көрсету.






Смайлк көрсетеді





Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ормандағы жануарларды,ертегі құрастыруды біледі

Қандай түсініктерді меңгерді: Оқушыларды өнерге бейімдеп, ойлау қабілетін арттыру

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тапсырманы орындау







Оңтүстік Қазақстан облысы

Отырар ауданы

«Шеңгелді»шағын жинақты жалпы орта

мектебі







Ашық сабақ









Пән мұғалімі:Тайгелтір Манат Әлібекқызы

Пәні:Тіл дамыту

Тобы:Мектепалды даярлық













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
318
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі