400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабак "Достық үйі"

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестеріммен бөліскім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Достық үйі»



Баякеева Ш.М., ҚР ПІБ «Қарлағаш» балабақшасы РМК тәрбиешісі, Нұр-Султан қаласы, Қазақстан Республикасы



Мақсатты: Достық туралы білімдерін кеңейту. Тілдік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Достыққа, мейрімділікке тәрбиелеу.

Өтетін орны: топ бөлмесі.

Балалар қонақтармен амандасады.

Тәрбиеші: Балалар, сендер балабақша келгенде қалай амандасасыңдар?

(балалар жауабы)

-Дұрыс, ал енді нағыз достар сияқты біз бүгін былай амандасайықшы: қолмен, арқамен, аяқпен! Тәрбиеші: Мен бүгін бақшаға келгенде бір ғажайып сый тауып алдым! Ол-хат. Ішінде не бар екенін мен де білмеймін! Келіңдерші бірге ашып көрейік. Балалар тәрбиеші жанына жиналады, хатты ашып көреді, ішінде «Достық үйінің » суреті, астында жазуы. Бұл үйде кім тұратынын көрейік. Балалардың назарын суретке аудару: -Үй қандай, ұнадыма, сендерге? -Бұл үйде кім турады екен?(достар турады) -Үй неден жасалған? (шаршылардан)

Достар туратын үй қалай аталады? (Достар үйі) -Менің сендерге бір ұсынысым бар, қане бізде осындай «Достық үйін» жасайық. –Достық үйін қайда жасаймыз?(Балалардың таңдаған жеріне тәрбиеші белгі қояды). –Балалар, келіңдерші біз достық туралы не білетінімізді айтайықшы. Өздерің біліп тұрған шығарсыңдар , бізді өте қызықты жұмбақтар күтіп тұр, және біреу емес. Әр жұмбақ-ол бір шаршы, ал ол шаршы-біздің Достық үйінің бір бөлігі. Келіңдерші Достық үйін жасайық. Егерде тапсырманы дұрыс орындасақ, біз ерекше шаршыларды аламыз. 1-жұмбақ «Көңіл күй» Балалар петаграмма жатқан үстелдің жанына келеді. Тәрбиеші балаларға бір-бір петаграмма алуды ұсынады. –Не көріп тұрсыңдар, көңіл күйлерін қандай? Оның көңіл күйі нені білдіреді?(ренжіп тұр, қуанып тұр, таңданып тұр) -Ал енді кімдікі бірдей, бірігіңдер. Біріккен соң, достарын тауып олардың көңіл күйлері көтеріледі! Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Біз бірінші жұмбақты шештік. Енді бірінші үйдің шаршысын қаласақ болады.(Д) 2-жұмбақ Тәрбиеші: Оооо, екінші тапсырмада өте қызық сұрақтар бар екен: «Доссыз өмір.....» -Досымыз қандай болу керек? -Доссыз өмір көңілді болар ма еді? (Неге?) -(Тәрбиеші осы тапсырманы әр баланың жанына келіп құлағын тосып жауап алады) Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Біз үйдің екінші шаршысын қаладық (О) 3-жұмбақ- «Достық ережесі». Сендер біздің топтың достық ережесін жазасыңдар. Әрине сендер айтасыңдар, ал мен жазамын. (бір-бірімізді ұрмаймыз, ренжітпейміз, қамқор боламыз, мейрімді боламыз, дос боламыз, тату боламыз) Енді осы біздің топтың достық ережесі болады. Бұны топқа іліп қоямыз. Тәрбиеші: Балалар, егерде біз осы ережелерді сақтасақ,онда бізідің топта ешқашан ұрыс болмайды. Ал біз үйіміздің соңғы бір бөлігін қояйық.(С) Дос сөзін балаларға оқып береді. Сергіту сәтті: Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз.

Бір шаңырақ астында,

Бірге өмір сүреміз. Балалар сендер ештеңе естіп тұрған жоқсыңдар ма? Менің ойымша ширма артында біреулер тұр. Қане, мен қарайын. Бал ұстаған аю шығады. Аю: Менің бал қабым қандай үлкен. Ал дәмі тілді үйіреді, мен қазір оның барлығын жеймін. (балды жейді) Тәрбиеші: Бұл Тәтті қонжық. Ол сондай тәттіге құмар, бір күн болсада тәттісіз өмір сүре алмайды. Екінші қонжық шығады. Оның қолында екі қасық пен бір бал бар. Тәрбиеші: Ой, бұл Тәтті қонжықтың досы Майтабан ғой! Майтабан: Сені тапқаным қандай жақсы болды! Тәтті қонжық: Не керек, саған? Майтабан: Анам маған бал берді.соны сенімен бөлісейін деп едім. Мына қасық саған, ал мынау маған, кел бірге бал жейміз. Тәтті қонжық ұялып, басын жерге түсіреді. Тәтті қонжық: Жок жемеймін, өзің же. Мен жегім келмейді. Майтабан: Кел екеуміз жейік, сен менің нағыз досымсың! Нағыз достар осылай жасайды. Тәтті қожық қасықты Майтабаннан алады. Тәтті қонжық: Рахмет саған бөліскенің үшін. Тәрбиеші: Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, не үшін «Рахмет» деп айтты? (балалар жауабы) Тәрбиеші: Енді қонжықтарға Достық үйімізді көрсетейік. Ән: «Достық әні» Балалар тақпақ тайтады. Тәрбиеші: Қараңдаршы, біздің Достық үйіміз, сендердің қуанышты күлкілеріңмен және достық мейрімділіктеріңмен жылынды. Ал, енді осы «Достық» үйімен дос болып, ұйымдасып ойнайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
870
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі