Сабақтың
тақырыбы: Пиктограмма
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды пиктограммалармен
таныстыру, мәліметтерді жинау дағдысын қалыптастыру, алған
мәліметтерді жүйелеу. деректерді жинақтайды,
жүйелейді және толықтырады; қолда бар материалдарды пайдаланып
кестелер, пиктограмма мен диаграммалар
құрастырады.
Ресурстар
: әртүрлі пішіндегі текшелер жиынтығы;
жемістердің муляждар жиынтығы; көгөністердің муляждар
жиынтығы;
Тірек сөз:
пиктограмма.
Сабақтың
барысы:
1
Ұйымдастыру.
Біз балдырған
баламыз,
Құстай қанат
қағамыз.
Дүниені
аралап,
Оқып білім
аламыз.
Көзді салып
қараңыз,
Былай қанат
қағамыз.
(Балалармен амандасу.
Сабаққа дайындығын тексеру.)
Жаңа
сабақ.
Оқушыларға мынадай сұрақтар
қойымыз:
— Қай жемістер
көп?
— Қай жемістер
аз?
— Қай жемістердің саны
тең?
— Оқушыларға жемістердің қайсысы
ұнайды?
— Оқушыларға жемістердің қайсысы
ұнамайды?
— Қай жемістер бірдей
ұнайды?
— Саған қай жемістер бәрінен
қатты ұнайды? Сен өз жауабыңды қай бағанға енгізер
едің?
Жауабы:
6 оқушы алманы
ұнатады.
4 оқушы алмұртты
ұнатады.
3 оқушы апельсинді
ұнатады.
6 оқушы бананды жақсы
көреді.
Қатты ұнататын жеміс — алма мен банан. Онша ұнатпайтыны —
апельсин
Пиктограмма — бұл белгі
немесе бір нәрсені шартты бейнелеуде қолданылатын шағын кескін.
Пик тограмманы адамдар жазу болмаған кезде
қолданған. Олар қазіргі заманда жол
белгілерін, картадағы шартты белгілерде, ауа райының шартты
белгілерінде және т.б. қолданылады. Мәліметтер жиынын көрсету үшін
пиктограмманы қолдану өте ыңғайлы.
2 тапсырма. Үстелді
сана
Жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз.
Әр түсті үстелдерді санау, шыққан мәліметтерді салыстыруды
ұсыныңыз. Тапсырманы жылдам орындаған жұптарға қосымша тапсырма
беріңіз: түсі әртүрлі үстелдердің санын өсу және кему ретімен
ататыңыз.
Жауабы: барлығы 17 үстел,
жасыл үстелдер аз, көк үстелдер көп.
Шығарып
көр. Оқушыларға суретті қарап
шығуды ұсыныңыз. Неше оқушының алма шырынын, нешеуі апельсинді,
нешеуі шиені жақсы көретінін сұраңыз. Есептің сұрақтарына жауап
беру үшін нені білу керектігін айтқызыңыз (алма, апельсин және шие
шырындарын жақсы көретін оқушылардың жалпы саны). Оқушыларға осы
санды табуды ұсыныңыз. Кейбіреулері пиктограммадағы элементтерді
тізбектеп санайды, кейбіреулері қосу амалын қолда нады.
Оқушыларға есептің сұрағына жауап беру үшін уақыт
беріңіз.
Жауабы: ыныпта 5 оқушы қызанақ
шырынын ұнатады.
Дәптермен
жұмыс
Таңғы ас. Айгүлдің отбасы таңғы асқа қандай
тағамдарды жейтінін алдын ала сұраңыз. Әр тағамды жеке санап алып,
шыққан санына сәйкес суретін кестеге салғызыңыз. Содан кейін жұпта
жұмыс істеп, шыққан нәтижелерімен алмасуды және сөйлемдерді
толықтырып жазуды ұсыныңыз.
Жауабы:
4 жұмыртқа, 2 йогурт, 5 печенье, 3
бутерброд,
3 стақан шырын. Таңғы асқа печенье көбірек
желінеді. Ең аз желінетіні —
йогурт.
Сергіту
сәтті.
Орнымыздан
тұрамыз,
Алақанды
ұрамыз.
Бiр отырып, бiр
тұрып,
Тез шынығып
шығамыз.
Ауа райын
бақылау. Алмас ауа райын бақылап, кесте құрды.
Оқушылардан әр пиктограмма нені білдіретінін сұраңыз. Тапсырманы
өз бетінше орын дауларына уақыт беріңіз. Содан соң жұптың құрамын
ауыстырып, бірін-бірі тексеруді
ұйымдастырыңыз.
Пиктограммадағы
тапсырма. Оқушылар әр пик тограмманың нені
білдіретінін анықтай алады және сәйкесінше заттарды санауға
берілген тапсырманы орындайды, мысалдарды шешеді, сәйкестікті
табады және теңдік құрады
Бағалау
Оқушылар сабақ
соңында:
пиктограмма ұғымының мағынасын
түсінеді;
мәліметтерді пиктограмма
түрінде көрсетеді;
мәліметтерді кестеде жүйелеуді
меңгереді.
Оқушылардың жаңа сабақ материалын меңгеру деңгейін бағалау
үшін
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл –
күйді бет – әлпеті салынған суреттерді
таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар
Түсіндім

Бозайғыр орта
мектебі
Ашық
сабақ
Тақырыбы: Пиктограмма
Өткізген: Бокина
А.К.
2017-2018 оқу
жылы.