400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Аптадағы күндердің санын білу. Оқушыларға апта күндері туралы мағлумат бере отырып, сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын байыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош келдің, Жаңа жыл!

Мақсаты: Оқушыларға мерекелік кқңіл күй тудыру. Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, күлдіргіштің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, мерекелік көңіл күй жасау.

Қатысушылар: 2 жүргізуші, Аяз ата, ақшақар, сикыршы, күлдіргіш, бастауыш сынып оқушылары, жаңа доңыз жылы, ескі ит жылы.

Сценарий барысы:

1 - жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, құрметті қонақтар! Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.

Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Кел, Жаңа жыл! Төрле – төрле жеріме,

Құт – береке боп келгейсің еліме!

Үміт артып армандарға аяулы,

Шаттығыңа бөлегейсің мені де, - дей отырып жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы бастауыш оқу ісінің меңгерушісі: Сағызбаева А.

(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)

Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп – әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ, шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі: Қуант , бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)


2 - жүргізуші: Міне, керемет.

Би: МАД «А»

Ән: 1 «Б»


1 - жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді? (Балалардың жауабы)


2 - жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.

Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар. 3 рет.

Күлдіргіш келеді.


Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап – қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша, екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы.

(шыршаға қарап)

Шырша дейміз елканы

Балалар билеп қоршады

Түрлі – түсті ойыншықтар

Шыршада көз тартады.

- Ой, балалар шыршамызға Аяз ата мен Ақшақар жетіспейді



1 - жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?

Балалар: Күлдіргіш.

2 - жүргізуші: - Иә, Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, күлдіргіш емес.

Балалар: Иә


1 - жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Бәрі:

Аяз ата, Ақшақар 3 рет

(әуенмен бірге шанамен Аяз ата, Ақшақар келеді)

Аяз ата:

Құтты болсын, балалар

Келген Жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз , ұлдарым

Өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем

Ойларың мен бойларың да

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата.

Ақшақар: - Сәлеметсіздер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт – жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды

Ақшақармын аппақпым

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

2 - жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңдер.

Әсем әні де, биі де бар.

Отырыңыз ата, сәл дем алыңыз.

Ән: «Жаңа жыл» МАД «Ә»

2 - жүргізуші: Ендеше шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

Рухия: Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.


Асхат: Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдіңбе аман алыстан

Сәлем, Аяз атамыз

Би: «Аяз ата» МАД «Б»

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!


1 - жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі.

Ән: «Шыршаға бардық» 1 «А»

1 - жүргізуші: -Балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын ит жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, ит қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?

«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

Би: «Тамшылар» 1 «Ә»


2 - жүргізуші: Ау, итжан сенімен де қоштасатын кез келді.

Ит:

Бір жыл бойы сендермен

Бірге жүрдім ойнадым

Енді міне балалар

Кезек келді қоштасар.


2 - жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!

Бәрі: Қош, қош, Ескі жыл!

Ән: «Аяз ата» МАД «Б»

Би: «Марғаулар» 1 «Б»


1 - жүргізуші:

Айта берсек таусылмас

Жаңа жылда жаңа жыр

Кел оданда, халайық

Ойын ойнайық жаңа бір

Ойын: «Байпақ»

Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.

(алдымен ата-аналар, содан соң балалар)

Аяз ата: Мына ата – аналар да мықты екен.

Би: Өзбек биі «Назгүлім» МАД «Ә»

Ән: «Келді міне жаңа жыл» 1 «Ә»

Шошқа:

Мен жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себейін

Жырымды да себейін.

Ән: «Кел жаңа жыл» МАД «А»

Би: 1 «А»

1 - жүргізуші: Балалардың ең үздік қарнавалдық киім үлгісі.

2 - жүргізуші: Міне, балалар да өнерлерін көрсетті. Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген балаларға рахмет.

Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде

көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емеспе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға



шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендерде өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Қош болыңдар.

Балалар: Сау болыңдар! Рахмет сіздерге!

1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата – аналар,

әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қканыш әкелсін!!!!























































Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Қарапайым математика.

Тақырыбы: Мен айналамды танып – білемін. Апта күндері.

Мақсаты: Аптадағы күндердің санын білу. Оқушыларға апта күндері туралы мағлумат бере отырып, сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын байыту.

Оқу іс – әрекетіне қажетті құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, көрнекіліктер.


Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық

Қозғаушылық



Шаттық шеңбері.

Гүл шоғымен бір – біріне тілек айтады.




Ұйымдастыру - іздестіру


Өткен тақырыпты пысықтау: Күн тәртібі туралы сұрақ – жауап.



Жұмбақ шешу:

Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді. (Апта, аптаның жеті күн)



Жаңа тақырып: Апта күндері.



Әліппе – кітаппен жұмыс. 1 тапсырма.

-Кейіпкерлеріміз әр күні не істейтініне қара?



Жұмбақ шешу:

Жаңбыр жуды жерімді

Көкте өрмек керілді. (Кемпірқосақ)


Кемпірқосақта қанша түс бар болса, аптада сонша күн бар.

Балалар түстермен сәйкестендіріп апта күндерін атайды.



Сергіту сәті: «Гүлдер өседі» музыкамен.


Дәптермен жұмыс:


2- тапсырманы орналасу заңдылығын сақтай отырып жалғастырады және бояйды.




Өткен тапсырманы бекіту үшін 3- тапсырманы орындау ұсынады.




Рефлексивті - түзетушілік


Қорытынды:

Бір аптада неше күн бар?

Апта күндерін ата?


Кері байланыс:

«Бас бармақ» тәсілі.

















































А. Өтепбергенов атындағы орта мектеп











Ашық сабақ

Тақырыбы: «Апта күндері»







Мұғалім: Кащиева В.

Сынып: МАД «Б»









2018 – 2019 оқу жылы







Тақырыбы: «Тәуелсіздік – ел бақыты, ертеңім».


Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.


Әдісі: топтық


Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі қонақтар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік – ел бақыты, ертеңім» атты патриоттық әндер байқауы ашық деп жариялаймыз.


Мерейім - нұрлана бер азат Күнім!

Көрдік біз бұл бақыттың азаттығын,

Таңымды тамылжытқан әсем әнмен

Тыңдаңыз елін сүйген жастар үнін.


Байқауымызды бастамастан бұрын әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

Амандықова Рима, Сағызбаева Аталық, Қожаева Күлән.


Хор: Атамекен – 4 «а» сынып оқушылары.


Хор: Тәуелсіз Қазақстан – 4 «ә» сынып оқушылары.


Хор: «Қазақстаным» - 3 «а» сынып оқушылары.


Хор: «Ұландар» - 3 «ә» сынып оқушылары.


Хор: «Егемен Қазақстан» - 2 «а» сынып оқушылары.


Хор: «Жәйнайбер мәңгі Қазақстаным» - 2 «ә» сынып оқушылары.


Хор: «Қазақта ел қайда» - 1 «а» сынып оқушылары.


Хор: «Көк тудың желбірегені» - 1 «ә» сынып оқушылары.


Хор: «Қазақстан Отаным менің» - 1 «б» сынып оқушылары.


Хор: «Атамекен» - МАД «а» сынып оқушылары.


Хор: «Қазақстан бақыты» - МАД «ә» сынып оқушылары.




Хор: «Тәуелсіз ел ұраны» - МАД «б» сынып оқушылары.


Келесі кезекті әділқазы алқаларына береміз.


Осымен бастауыш сыныптар арасында өткен Тәуелсіздік мерекесіне арналған патриоттық хор байқауы өз мәресіне жетті.

















































А. Өтепбергенов атындағы орта мектеп











Тақырыбы:

«Тәуелсіздік – ел бақыты, ертеңім»









Өткізген: Кащиева В.







Тәрбиелік шара







Қош келдің, Жаңа жыл!


Жаңа жылдық кеш.



Өткізген: Кащиева В.

Жарылғасова Ж.













А. Өтепбергенов атындағы орта мектебі

2018 – 2019 оқу жылы



Мақсаты: білімділік – еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін жастық өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, мәнерлеп оқуға баулу, ой – өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Отан Ааны құрметтеуге, Тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тәуелсіздікке байланысты слайдтар, ұран сөздер, Желтоқсан қаһармандарының суреттері.



Барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Сіздерді еліміздің басты мерекелері Президент күні және Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Дендеріңе саулық, отбасыларыңыздың амандығын тілейміз!

Бүгін біз «Тәуелсіздік ел - Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы

Бақыт көрсін елімнің әр ұланы

Енді ағайын, көгінде қалықтасын

Қазағымның қастерлі әнұраны.

Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын! Біздің еліміздің белгісі әнұранымыз орындалсын.


Хор: Әнұран.


Мұғалім: 1986 жылғы 16 – желтоқсан Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды. Сахнаға Тәуелсіздіктің таңғажайып жақтары туралы сыр шерту үшін бақытты, шат – шадыман ұрпақтарымызды шақырамыз.


Айназ: Тәуелсіздік бостандығың еліңде

Желбіреді көк тұлпарың көгіңде

Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге

Теңестің халқым терезесі тең елге

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін

Дәлелдеуден Қазақстан елдігін

Елдің алды егеменді теңдігін.


Ақжан: Дүбірлетсін өңірді

Дүбірлесін дүлдүлі

Қазақ деген елімнің


Мұғалім: Орны ағалардың бізбен толсын

Сәбилер ағалардың жолын қусын


Бір минут үнсіздікпен еске алайық

Әруағы ағалардың ырза болсын.

(Бір минут үнсіздік)



Қазақ би: Жігіттер.


Ән: «Қазақстаным»

Орындайтындар: Аягөз, Кәусар.


Мұғалім: Көк аспандай туларың

Елім деген ұлдарың

Елжірейтін күні бұл

Желбірейтін күні бұл.


Әділет: Сенің атын Нурсултан

Туған елің Қазақстан

Мен сізден үлгі алам

Қазақстанмен мақтанам

Егеменді елімнің

Президентті бастаған

Отанымда барлық ұлт

Татулықты қостаған.


Әсия О: Елбасымыз Нұраға

Салғызып Алтын орда

Көркейіп елін қазақтың

Көрсетпей өмір азабын

Қазақ елі – Қазақстан

Болашаққа үн қосқан

Жақсы күнге жетелеп

Елбасым менің - Нұрсултан.


Ән: «Нұраға»

Орындайтын: Қойлыбай Байқадам.


Мұғалім: Тұрсын биік өр басым

Қазаққа бақыт орнасын

Сексен алтыншы жылғыдай

Желтоқсан желі болмасын.


Көрніс: Рөлде ойнайтындар. Мирас, Байқадам, Данияр, Мансұр.


Ән: «Тәуелсіздік»

Орындайтын: Дауылбай Меруерт



:

Би: Солдат.

Орындайтындар: Данияр, Әсия М, Ақжан, Айназ, Әділет, Меруерт.

Хор: Көк тудың желбірегені.


Мұғалім: Біз өздеріңізбен қоштасамыз! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын! Қазақстан

оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік, ағайын!



















































Мақсаты: Туған жерін ауылын сүюге, оның тарихын біліп құрметтеуге тәрбиелеу. Дәстүрлерін дәріптеп жүрүге үйрету. Ауыл әр адамның ата тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені екенін естеріне салу.

Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, мәнерлеп оқуға баулу, ой – өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Туған жерді құрметтеуге, ауылды бағалай білуге, елжанды болуға тәрбиелеу.



Барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар. Біздің бүгінгі «Ауылым – алтын бесігім» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Ауыл ата - бабаларымыздың кіндік қаны мен маңдай тері төгілген киелі мекені, халықтардың бойына нәр қуятын алтын бесігі, қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі, оның әлеуметтік жағдайы көтеріледі.

Шақырады ойнасақ гүл даламыз

Туған жерден нәр алып нұрланамыз

Өтепбергенов мектепте оқып жатқан

Кішкентай бүлдіршіндерімізді қарсы аламыз.



Айару: Ауылда өстік, ауылдан шықтық

Төріңде ғой қазақилық қонақжайлылық

Құшағын жая қарсы алды кең жайылып

Таза ауа, тыныш әлем, жайлы өмір.


Мансур: Береке – бірлік, байлықтың

Ауылғой, Ана – Отаны

Төрт түлік түгел жайылған

Сағынам сонау жотаны.


Мұғалім: Ауыл қазақтың алтын бесігі, күре тамыры сөз өнерін айшықтаған ақын, жазушыларымызда көкірегіне ән қонақтаған әнші, сазгерлеріміз, даналарымыз сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан.


Ән: «Туған жер»

Орындайтындар: Умирбай Дидар.

Мерген Әсия.


Аягөз: Ауыл десем, мал елестер көзіме

Ауыл десем, дән елестер көзіме

Ауыл десем, ер саламын құр атқа

Ауыл десем, ән елестер құлаққа.





Мирас: Мен жаныммен сүйемін осы ауылды

Мен қаныммен сүйемін осы ауылды

Қалайғана сүймеймін осы ауылды

Бала кезден өсіп келем осы ауылда


Би: «Джентелмен» Ұлдар тобы.


Мұғалім: Үретеді білімге

Үйретеді әуенге

Таза болып жүруге

Бір – бірімен сыйласып

Татумыз біз бәріміз

Бал достықтың ұясы

Біздің мектебіміз демекші, келесі орындалатын

Ән: «Мектебім»

Орындайтын: Дауылбай Меруерт.


Мұғалім: «Алтын сақа» ойыны: Бүгінгі тәрбие сағатымыз ауылымызға арналғандықтан ауыл баласының кішкентайдан асық ойнап өскені бәрімізге аян. Осыған байланысты «Алтын асық» ойыны балаларымыз ортаға өз өнерлерін, мергендігін көрсетеді. Бұл ойындағы мақсатымыз қазақтың ұлттық ойыны асықты дәріптеу, ұрпағымызға жалғастыру.

Ал қане балалар ортаға шығып «Алтын сақа» ойынын бастаймыз. Қане келеғой: Байқадам, Данияр, Ақжан, Әділет.

Осымен ойынымыз өз мәресіне келіп жетті. Қазақта мақал бар «Асығың алшысынан түссін» деген асығы алшысынан түскен балаға өз сыйлығымды ұсынамын. Әрқашан осылай қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеп қастерлеп жүрейік.


Би: «Хорошые настроение» Қыздар тобы.


Әсия О: Осы ауылда тербелген бесігімде

Осы ауылда қойылған есімімде

Араздасып қалғанда ара ағайын

Ақсақалы жүреді кешірімге.


Хор: «Ұштағаным»


Мұғалім: Құрметті көрермендер тәрбиелік шарамызды аяқтай отырып отанымызға тыныштық, әр отбасына бақыт, байлық, денсаулық тілейміз. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өз өнерлерімен бізді осылай қуанта берсін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
550
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі