400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 72 жалпы орта мектеп

Математика пәнінің мұғалімі: Омирбекова Гульхадиша Смановна

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Халджанова Қасиет Рахметовна


Интеграциялық сабақ, пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты – оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту.

Қазіргі заман талабына сай өз ана тілімізбен қатар, ағылшын тілін де меңгерту, басты міндеттеріміздің бірі болып отыр. Осыған орай төменде 7 сыныпта өткізген «Екі өрнектің квадраттарының айырмасы тақырыбына есептер шығару» атты сабағын, ағылшын тілімен байланыстырылған, кіріктірілген сабақ түрін ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырмасы тақырыбына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға екі өрнектің квадраттарының айырымы формуласының ережесін қайталай отырып, есептер шығару барысында оқушылардың іс – әрекеттерін ұйымдастыру.

ә) Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

б) Алған білімдерін дұрыс қолдана білуге, сабаққа белсенді қатысуға, өз бетінше есептер шығара алуға , есептерді шығару барысында ағылшын тілін математика есептеріне қолдануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: : кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: сәйкестендіру, іздендіру, топтастыру, сұрақ – жауап,

Пән аралық байланыс: ағылшын тілі

Сабақтың көрнекілігі: топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, формулалар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарын аудару. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып, топқа бөліп, топ басшысын сайлау. Оқушылар топқа бөліну үшін, әр түрлі фигураларға (дөңгелек «circle», шаршы «sqare», үшбұрыш «triangle» тіктөртбұрыш «rectangle») формулалар жазылған бөліктерге бөлінген парақтарды ала отырып топқа бөлінеді. Топ басшыларына бағалау парағын беріп, өз қызметтерімен таныстыру, яғни әр дұрыс орындаған тапсырмасы үшін бір ұпайдан қойып отыру.

Өткен тақырыпты пысықтау: «Формулаларды тұжырымдау» арқылы. Әр топ өздеріне берілген формуланы топ ішінде айтып алады. Топ басшысы топ ішінен оқушы таңдап, формуланың тұжырымдамасын (қазақша және ағылшын тілінде) айтқыздырады.

Үй жұмысын тексеру: ауызша № 384, 385 есептерді (ағылшын тілінде)

Сергіту сәті: «Әуедегі шарлар – Baloons in the air» жеңіліс тапқан топ дене мүшелерімен ауада сандар жазады.

Сабақты бекіту: 1. Ауызша есептер шығару. «Сәйкестендіру тапсырмалары» арқылы. Балалар тақтаға қарап назар аударып отырады. Әр топтан тақтаға топ басшысы таңдаған оқушылар шығып орындайды.

1 топ

2 топ

3 топ

4 топ

2. Дарындылық және жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар.

1-топ

1. Көпмүше түрінде жаз

2. Өрнекті ықшамда

3. Теңдеуді шеш

2-топ

1. Көпмүше түрінде жаз

2. Өрнекті ықшамда

3. Теңдеуді шеш

3-топ

1. Көпмүше түрінде жаз

2. Өрнекті ықшамда

3. Теңдеуді шеш

4 -топ

1. Көпмүше түрінде жаз

2. Өрнекті ықшамда

3. Теңдеуді шеш

3. Кім тез табады?

Тепе – теңдік орындалатындай етіп жұлдызшалардың орнына әріптерді немесе коэффиценттерді қой. Ағылшын тілінде сөйлейді.

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

4. Сабақты қорытындылау: «Математикалық домино» ойыны арқылы.

5. Оқушыларды бағалау: Өзін – өзі бағалау. Топ басшылардың бағалау парағы бойынша.

6. Шығармашылық іздену. As you know many math works were written in English and a lot of famous mathematics were from Great Britain. Let’s listen some of our students.

S 1: Robert Recorde was a Welsh physician and mathematician. He was born in Wales in 1510. He was finished Oxford University in 1525. He wrote many books in math and introduced the “equals” sign (=). He first used the symbols (+) and (-)

S2: Galileo Galilee a great Italian astronomer and mathematician, once said: “ Mathematics is the language with which God has written the universe.

S3: “ English has become a truly universal language a window of the world”

7. Үйге тапсырма беру: Дидактикалық материалдан (8 – өздік жұмыстың 4 – 5 нұсқасы)

8. Рефлексия. – «Two stars and wish –Екі жұлдыз, бір тілек»

Our lesson is over. I hope, you’ve learned a lot of useful and interesting things.

Good-bye!

Математика сабағында қолданылған ағылшын тіліндегі сөздер мен терминдер

Math basic symbols - негізгі математикалық белгілер

(+) Addition – қосу →we say it as plus

(-) Subtraction – алу →we say it as minus

(×) Multiplication – көбейту →we say this as times or multiplied by

(: ) Division – бөлу → we say this as divided by or over

6/3 – six over three, 3:5=three divided by five

This is « = » equal or equals sign. We say this as « equals or equal to »

in parenthesis – жақшада

–four exponents four

three« a »

simplify

solve

оқылуы «negative two eks positive three yai equals negative eight »

in parenthesis eks plus three yai times in parenthesis eks minus three yai equals eks squared minus nine yai squared

Қорыта келе, интеграциялық сабақтар қызметтің бір түрінен екіншісінен ауысуының нәтижесінде оқушылардың зерігуіне, шаршауына жол бермей, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ә. Н. Шыныбеков «Алгебра» - Алматы, «Атамұра», 2012. – 176 б.

2. А. Әбілқасымова, А. Абдиев, З. Жұмағұлова «Дидактикалық материалдар»

- Алматы, «Мектеп», 2012. – 64 бет

Интернет беттері: www. youtube. com, www.bilimsite.kz, www.google.com



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі