жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеумет», «Коммуникация»
Бөлімі: Жаратылыстану, Экология негіздері, Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді!»
Мақсаты: Өлі және тірі табиғат туралы білімдерін кеңейту.
Тәжірибе арқылы су,ауа,жердің қасиеттерімен таныстыру.
Ой-өрісін, сөздік қорын, білімін дамыту.
Су,ауа, жерді қастерлеуге,табиғатты аялауға, сүйге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: М.Монтессори әдісі, Венн диограммасы, тәжірибе, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Слайд, суреттер, су күйылған ыдыстар, целофан калталар, монтессори бақшасы, топырақ салынған ыдыс, шүберек. Венн диограммасы.
Үш тілдік компонент: Су- вода,water. Ауа- воздух, air. Жер- земля, ground.
Сөздік жұмыс: Тірі және өлі табиғат.
Әрекет кезеңі |
Тірбиешінің қызметі |
Бала қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбер. Күніміз ашық болсын, Түніміз тыныш болсын. Ауамыз таза болсын, Суымыз мөлдір болсын!
|
Шаттық шеңберіне тұрып қимыл- қозғалыспен өлен жолдарын айту. |
Ізденуші ұйымдастырушылық
Көркем сөз
Мақал –мәтелдер: Райланар Ақсезім
Үш тілдік компонент:
Үш тілдік компонент:
Абылай
Аянат
Үш тілдік компонент:
Сергіту сәті
|
Сұрақ- жауап: Балалар терезеге қарайықшы , не көріп тұрсыңдар? Балалар осының бәрін бір сөзбен табиғат деп айтамыз. Балалар, табиғат екіге бөлінеді: Тірі табиғат және Өлі табиғат. Тірі табиғатқа - талдар, гүлдер, өсімдіктер,жан-жануарлар, құстар, адамдар жатады екен. Ал, өлі табиғатқа -тау, тас, жер, топырақ, су, ауа жатады екен. -Олай болса балалар, біз бүгін өлі табиғаттың түрлерімен танысамыз. -Балалар мына ыдыста не бар? -Балалар судың түсі қандай? -Балалар судың иісі бар ма? -Балалар су дегеніміз- түссіз, дәмсіз, иіссіз сұйық зат. -Біз сусыз өмір сүре аламыз ба? -Балалар экранға назар аударайықшы. (Слайд жүргізіледі.) -Сумен біз не істейміз? - Суды біз ішеміз, шомыламыз, жуынамыз, тамақ пісіреміз, шай қайнатамыз, кір жуамыз.Бақшаны , гүлдерді суғарамыз. Су жануарларға да,балықтарға да,құстарға да,өсімдіктерге, адамдарға да қажет екен. -Балалар су туралы қандай көркем сөз білеміз, қане айтып жіберейікші.
Сылдырлайды мөлдір су, Мөлдір суға бетіңді жу. Жуынсаң сен әрдайым, Таза бетің маңдайың Тазалықтың досы , Су -дегенің осы. -Балалар су туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Мақал –мәтел:
Су туралы тиым сөздер: Суды ластауға болмайды. Суды ысырапсыз пайдалануға болмайды. Суды ағызып тастауға болмайды. Түнде судың бетін ашық қалдыруға болмайды.
-Балалар су деген сөзді үш тілде айтайықшы.
Су - вода, water (уота)
Экранға назар аударайықшы: -Балалар қарандаршы мына суретте балалар не істеп отыр? -Қане біз де қолымызбен мұрнымызды қысып,жауып көрейікші. -Не сезіндіңдер? -Дем ала алмай қалдық . Мұрнымызға ауа жетпей қалды . Балалар біз ауаны немен жұтамыз? Дұрыс айтасыңдар біз ауаны мұрынмен жұтып, ауызбен шығарып дем аламыз. -Балалар бізге ауа қажет пе? -Дұрыс айтасыңдар, бізге ауа өте қажет, ауасыз біздің күніміз жоқ. Жануарларға да, құстарға да, өсімдіктерге де ауа өте қажет.
-Балалар ,біз суды көре аламыз, ұстай аламыз, ішеміз. -Ал, ауаны көре аламыз ба? - Ұстай аламыз ба? -Дұрыс айтасыңдар, біз ауаны көре де, устай да алмайды екенбіз. -Ауа туралы қандай көркем сөз білеміз? Қане бәріміз бірге айтайықшы.
Бір нәрсе жер мен көктің арасында, Көрінбейді өзі түгіл қарасы да. Білінбей жер үстінде жүрседағы, Пайдалы адамзаттың баласына.
-Жарайсыңдар балалар! -Балалар ауа сөзін үш тілде айтып көрейікші. Ауа- воздух, air (ейя)
-Ауаны ластауға болмайды, Зауыттрадан шыққан түтіндерден,көліклерден шыққан газдардан, ауа ластанады. Содан біз тез ауырып қалуымыз мүмкін. -Ауаның бізге пайдасы өте көп, біз ауамен демаламыз. -Ауа тазару үшін бізге өсімдіктер, талдар қажет екен. Бөлме өсімдіктері,талдар лас ауаны өздеріне сіңіріп, бізге таза ауа береді екен ,сондықтан біз талдарды, өсімдіктерді көп егуіміз керек. -Ал біз өсімдіктерді,талдарды қайда егеміз? -Дұрыс айтасыңдар, біз өсімдіктерді, талдарды жерге егеді екенбіз. Экранға назар аударайықшы: -Балалар мынау топырақтың суреті. Жерге біз бау- бакша егеміз. Жердегі топырақ құнарлы болса өсімдіктеріміз, көкөністеріміз, жемістеріміз дәмді болып піседі. Жерге біз талдарды, гүлдерді көп егеміз.Жердің бізге пайдасы өте мол. Мына ыдыста құнарлы топырақ бар, оның түсі қоңыр, түрі борпылдақ, осы топыраққа біз талдарды, өсімдіктерді, гүлдерді,көкөністерді,жемістерді егеміз. -Жер туралы қандай мақал- мәтел білесіңдер?
1. Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпемең жерге өкпелеме.
2.Жер қазына ,саусаң да таусылмайды. -Балалар жер деген сөзді үш тілде айтып көрейікші.
Жер- земля, ground (граунд)
-Балалар су, ауа, жер - осылардың барлығын бір сөзбен өлі табиғат деп айтамыз. -Балалар шаршаған боларсыңдар, қане орнымыздан тұрып, бір серігіп алайық.
Күн болып жанайық, Су болып ағайық. Терең, терең демалып, Жүгіріп , жүгіріп алайық.
М.Монтессори әдісін қолдану арқылы тәжірибе жасату. -Балалар алдымызда үш орталық бар. Әр орталықта біз тажірибе жасаймыз.
1-ші орталық. Суды бір ыдыстан келесі ыдысқа құю арқылы судың дыбысын есту, Саусақ, білек қол маторикасын дамыту. -Балалар біз судың мөлдір, түссіз, иіссіз, дәмсіз екенін білдік. Енді судың дыбысын есту үшін бір ыдыстан екінші ыдысқа құйып көреміз. -Көрдіңдер ме балалар судың дыбысы сылдырлап құиылады екен.
2-ші орталық. Ауаны целофан калташаға толтыру. -Балалар біз суды көре аламыз, ұстай аламыз, іше аламыз. Ал ауаны көре алмаймыз,ұстай алмаймыз. Біздің алдымызда целофан қалташалар жатыр. Енді біз ауаны сезу үшін калташаларды үрлеп ішіне ауа толтырамыз.Көрдіңдер ме балалар ауаны үрлесек калташаға толады. Қалташаны ауаға толтыру арқылы біз ауаның бар екенін сездік. Бірақ ауаның түсі жоқ екен. Ауаны шығарсақ қалташа қайтып өз калпына келеді.
3-ші орталық. Бақшаға көкөністер егу. Балалар біздің алдымызда бақшамыз тұр. Осы бақшадағы топырақты қопсытып, көкөністер егеміз. Алдымен топырақты тырмамен қопсытамыз, содан соң арықтар жасаймыз, жасалған көшеттерге дән себеміз.Сепкен дәндерімізді суғарамыз. Жақсылап түптейміз. Содан кейін көкөністеріміз бен құлпынайымыз құнарлы топырақтын,судың, ауаның көмегімен пісіп шығады. Көрдіңдер ме балалар, көкөністерді егу үшін бізге топырақ қажет, олардың өсуі үшін су,мен ауа да қажет екен. -Сондықтан да жер ,су, ауа бір біріне өте қажет екен. - Жарайсыңдар балалар ,енді орнымызға отырамыз.
|
Ағаштар, гүлдер, тау,аспан,жер,құстар,мысық,ит.
Су Түсі жоқ. Иісі жоқ
Жоқ,өмір сүре алмаймыз.
Ішеміз,шомыламыз,жуынамыз, шәй қайнатамыз, тамақ пісіреміз Балалар мұқият тыңдап отырады.
Балалар тақпақты мәнерлеп айтады.
Мақал мәтел айтады.
Суды ластауға болмайды. Суды ысырапсыз пайдалануға болмайды. Суды ағызып тастауға болмайды.
Су- вода,уота
Мұрындарын қысып, жауып отыр. Балалар мұрындарын жауып отырады. Дем ала алмай калдық, ауа жетпей қалды.
Мұрынмен.
Иә, қажет.
Жоқ,көре алмаймыз. Жоқ,ұстай алмаймыз.
Тақпақты айтады
Ауа,воздух, ейя
Жерге, топыраққа.
Мұқият тыңдап экранға қарап отырады
Жер- земля, граунд.
Балалар сергіту сәтін іс-қимылмен көрсетіп ,айтып жасайды.
Орталықтарда жұмыс жасайды
Балалар суды бір ыдыстан келесі ыдысқа жақыннан және алыстан құйып көреді. Судын қандай дыбыс шығаратынын естіп, айтады.
Су сылдырлап ағады.
Балалар целофан қалташаларды алып ,ішіне ауаны ауызбен үрлейді. Ауанын целофан қалташаға толғанын сезіп, түсі жоқ екенін көреді.
Балалар монтессори бақшасымен жұмыс жасайды. Фетр матадан тігілген бақшаға көкөкністер мен жемістерді егіп, суғарып, түптеп, жемістері мен көкөністері піскен соң, себетке теріп алады.
Балалар орындарына отырады |
Рефлексивті түзетуші |
-Балалар біз бүгін нелердің қасиеттерін білдік? -Дұрыс айтасыңдар. Олай болса өлі және тірі табиғатты Венн диограммасымен ажыратып көрейік. Балалар осы Венн диограммасы арқылы оң жағына тірі табиғаттын, ал сол жағына өлі табиғаттың суреттерін орналастырамыз. -Балалар,өлі табиғатқа не жатады? Ал, тірі табиғатқа не жатады? -Балалар,осылардың бәрін біз бір сөзбен табиғат деп айтамыз. -Жарайсыңдар балалар, бүгін сендер көп нәрсе үйреңдіңдер. Енді топқа барып басқа да тажірибелер жасап үйренеміз. -Барлықтарың бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сол үшін мен сендерге жарайсыңдар деген смайликтер таратамын. Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Барлықтарыңызға көп-көп рахмет.
|
Судың, ауаның, жердің.
Балалар суреттерді кезек –кезек алып екі жаққа ажыратып орналастырады.
Тау, тас, су, ауа, жер. Тал, гүл, жануарлар, құстар, балықтар. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Өлі табиғат пен тірі табиғатты ажырата алады.
Меңгерді: Су, ауа, жердің қасиеттерін меңгерді. Көркем сөз, мақал- мәтелдерді меңгерді. Үш тілде айтылуын меңгерді.
Жасай алды: Өлі табиғаттың ішінде су, ауа, жермен тәжірибе жасай алды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген