400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
тарбиешіге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»

«Әйгерім» балабақшасының «Әйгерім» балабақшасының

әдіскері меңгерушісі

_________Н.Е.Омарова _________К.Ж.Жуманазарова

«___»__________2018ж. «___»__________2018ж.


Білім беру саласы:Таным,Шығармашылық

Бөлімі: Жаратылыстану.Жапсыру

Тақырыбы:Көктем кереметі.

Мақсаты:Көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейту.

Балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін және майда қол

моторикасын дамыту.Тіл байлығын молайтып ,сөздік қорын байыту.

Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс:көктем кереметі

Керекті құралдар: Қағаз,желім,қылқалам

Көрнекілігі: слайд

Үш тілді компонент: Наурыз- Март – Мarch, Сәуір-Апрель- Airil,

Мамыр- Май – May

Бәйшешек- Подснежник- Snowdrop

Бақбақ- Одуванчик- Dandelion

Қызғалдақ – Тюльпан- Tulip

Наркез- Нарцис- Narcissus

Бөртегүл –Сирень – Lilac

Ойын технологиясы: Д/О: «Көктем кереметі»

Әрекет кезеңдер

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Жиналған осы жылуды

Досымызға сыйлайық

Балалар шаттық шеңберін құрып,өлең жолдарын қимылмен көрсетіп айтады.



Ұйымдастырушылық

ізденістік

Әңгімелесу.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

Көктем мезгілінде неше ай бар?


Көктем айларын атап беріңдерші

Орыс тілінде кім атап береді?


Ағылшын тілінде айтайықшы

Көктем мезгілінің басқа мезгілдерден айырмашылығы қандай?


Дұрыс айтасыңдар.

Көктем мезгілінде яғни табиғат құлпырады екен, гүлдер өседі .

Көктемнің ең алғашқы гүлі бәйшешек. Бәйшешек гүлі өте нәзік гүл, ол қардың астында өседі . Қар еріп кете салып артынша шығатын бәйшешек.

Бәйшешек орыс және ағылшын тілінде айтайықшы?

Одан кейінгі өсетін гүл ол бақ-бақ гүлі. Бак-бақ гүлі көк шөптермен бірге өседі екен,түсі сары күнге ұқсайды. Бақбақ гүлін орыс және ағылщын тілінде айтайықшы. Ал мынау қызғалдақ гүлі . Қараңдаршы қандай әдемі жайқалып тұр. Қызғалдақтың түстері әр түрлі болады екен,

Қызыл , сары, күлгін ,сиякөк түріде кездеседі.Қызғалдақты орыс және ағылшын тілінде айтайықшы? Көктемнің алғашқы гүлдерінің бірі нарцисс.Нарцисті орыс және ағылшын тілінде айтайықшы?



Бұл гүлдер қайда өседі?

Мына гүлге қараңдаршы қандай

әдемі.Бұл гүлді бөртегүл деп айтады.Бөртегүл ақ және күлгін түсті болады.Исі қош иісті.Ол ағашта өседі.Бөртегүлді орыс және ағылшын тілінде айтайықшы?

Көктем мезгілінде тағы қандай өзгерістер болады?




Дұрыс айтасыңдар.

Жеміс ағаштары гүл ашады , ағаштар жапырақ шығарады. Жерге көк шөптер шығып , бүкіл табиғат оянады. Жәндіктер тіріледі , көбелектер гүлден -гүлге ұшып қонады , құмырсқалар мен қанқыз жәндігі өз тіршілігіне кіріседі .

Олай болса , қанекей бәріміз орнымыздан тұрып, көңілімізді көтеріп алайық.

Сергіту сәті орындалады.



Олай болса маған кім көктем туралы тақпақ айтып береді?




































Жарайсыңдар балалар сендер көктем туралы көп тақпақтар біледі екенсіңдер. Балалар,сендерге осы көктем гүлдерінің ішінде қандай гүл ұнайды?

Неге сендерге бақбақ гүлі ұнайды?

Олай болса осы бақбақ гүлін жапсырып көрейікші?


Жұлмалау тәсілін пайдаланып бақ-бақ гүлін жапсыру

Жасалу жолдарын түсіндіремін.






Қазір жылдың

көктем мезгілі

көктем мезгілінде үш ай бар


наурыз , сәуір , мамыр

март , апрель , май


мач, ейприл ,мэй

күн жылынады, көк шөптер шығады, гүлдер өседі, жеміс ағаштары гүлдейді










Подснежник- Snowdrop





Одуванчик - Dandelion








Тюльпан - Tulip




Нарцисс - Narcissus





Жерде өседі








Сирень - Lilac



Күн жылынады, жаңбыр жауады,құстар ұшып келеді














Балалар қимылмен көрсетеді


Алисұлтан

Қандай қызық көктемде,

Күн шуағын төккенде.

Гүл тереміз алуан

Шығып алып көк белге.

Көктем күні керемет.

Ақсезім

Күн ашылса болғаны ,

Көлбеңдейді көбелек .

Бар табиғат нәр алып,

Шыға келер жаңарып.

Қызғалдақ боп құлпырған,

Көктем біздің балалық.

Райланар

Қар еріді ,су ақты,

Күндер келді шуақты.

Байтақ дала келбеті,

Түкті кілем сияқты.

Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада,орманда,

Құстар әні төгілді








Бақбақ

Себебі,ол күнге ұқсайды,анамыз сияқты жылуын шашып тұрады


Балалар жұмыс жасайды


Рефлексивтік түзетушілік

Дидактикалық ойын:

«Көктем кереметі»

Ойын арқылы оқу қызметін қорыту.Балаларды мақтап , мадақтау. Сыйлыққа көктем гүлдерін таратып беремін

Ән: «Көктем келді»

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнады.


Күтілетін нәтиже:


Білуі: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін біледі.

Меңгеруі:Көктемнің алғашқы гүлдерін танып,атауларын ажырата алды.

Жасай алуы:Бақ-бақ гүлін жұлмалау әдісін пайдаланып жапсыра алды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
423
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі