жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ
Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімі: Қауіпсіз мінез- құлық негіздері, валеология, көркем әдебиет, сурет.
Тақырыбы: Жүрек және оның қызметі.
Мақсаты: 1. Балаларды адамның ең негізгі мүшесі – жүрекпен таныстыру.
Жүректің жұмысы және оның қызметі туралы мәлімет беру.
2. Балаларға денсаулық туралы, көркем сөздерді жатқа айтуды қалыптастыру.
3. Салауаттыөмір салтын сақтай отырып, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, жұмбақ,мақал-мәтелдер.
Көрнекілігі: Суреттер, жүрек, слайд,бейнелеу өнеріне қажетті құралдар,валеология елінің картасы.
Сөздік жұмыс: жүректің соғуы,қан айналым.
Билингивизм: Жүрек- сердце-хард, денсаулық – здоровье-хэлс.
Әлеуметтік инклюзивтік: Қуаныш, Жәнібек (баяу қимылдайтын балалармен)
Ойын технологиясы: Қимылды ойын: «Қызыл жалау»
Әрекет кезеңдер
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Балалар ән ырғағымен залға кіріп,шеңбер бойлап жүреді,жүгіреді,қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүреді,қолды белге ұстап,өкшемен жүреді. П.жаттығу: Күн нұрындай көңілім, Даламдай кең пейілім. Жүрегім толы мейірім, Бәріне ортақ шуағым. Шұғыламды баршаңа, Жарқыратып сыйлаймын. |
Балалар өлең шумақтарын көңілді айтады |
Ұйымдастырушы ізденістік
Сөздік жұмыс Билингивизм
Қызықтыру сәті
Жүрек
Тәрбиеші
|
Дұрыс айтасыңдар балалар,әрдайым жүрегіміз мейірімге толып,жүрек жылуымызды айналамызға сыйлап,күндей күліп жүрейік-деп бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастайық. Балалар біз өткен оқу іс-әрекетінде қай аялдамаға келіп тоқтадық? Тыныс алу мүшелеріне нелер жатады екен? Дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар суық тиіп ауырмас үшін не істеу қажет? Олай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер шешуін табыңдар. Жұмбақ: Таппайтын тағат Тығулы сағат (жүрек)
Сыртқа шығар жолы тұйық Түсі шымқай қызыл сұйық (қан)
Өте жақсы балалар,олай болса келесі аялдама жүрек аялдамасы екен.Бүгін сендермен жүрек және оның қызметімен танысатын боламыз. Адамның тағы бір аса маңызды мүшесі бар екен,онсыз өмір сүруге болмайды. Бұл қай мүше? «Сағат емес бірақ соғады».Бұл біздің жүрегіміз. Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан. Жүрек соғуын кім де болса тыңдай алады.Кәне қолымызды жүрек тұсына қойып жүрек соғысын тыңдап көрейікші. Біздің әке-шешеміздің,бауырларымыздың жүректері де осылай соғады. Жүрек-қан айналымын реттейтін басты мүше.Үлкен күшпен жиырылғанда өзінен жарты стақандай қан айдап шығады,сонан соң қайта жиырылады.Жүрек демалыссыз жұмыс істеп тұрады. Жүрек ауырмауы үшін және дұрысжұмыс істеуі үшін оны шынықтыру қажет. Дене шынықтырумен шұғылдану,шаңғымен,конькимен сырғанау,суға түсу, таза ауада қыдыру,күнделікті жаттығу-дененің бұлшық еттерін нығайтады.Сондай-ақ жүректің бұлшық еттерін дамытып,дұрыс соғуына көмектеседі. (слайд арқылы жүректің қызметін көрсету) қан айналым,жүректің соғуы Жүрек-сердце-хард,денсаулық-здоровья-хэлс.
Жүрек кіреді. Балалар менің көңіл күйім көтеріңкі, өзімді жақсы сезініп, денсаулығымның мықты болу себебі неде деп ойлайсыңдар? Себебі мен күнделікті таңертеңгілік жаттығу жасаймын, таза ауада көп серуендеймін, спортпен шұғылданамын, сондықтан менің көңіл күйім өте жақсы. Ал сендер спортпен шұғылданасыңдар ма?
Олай болса балалар ,спорт туралы кім тақпақ айтып береді?
Өте жақсы балалар. Денсаулық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Жарайсыңдар балалар сендер спорт туралы тақпақ та, мақал – мәтел де біледі екенсіңдер. Енді менімен бірге жаттығу жасап, бойларыңды сергітіп алыңдар.
Сергіту сәті: Балалар бойларың сергіп, көңіл күйлерің көтеріліп қалды, солай ма? Енді балалар, дені сау, көңілді жүректің суретін салып беріңдерші? Балалар сендер өте білімді екенсіңдер, салған суреттерің маған қатты ұнады, олай болса денсаулықтарың мықты болу үшін спортпен шұғылдануды ұмытпаңдар сау болыңдар.
Балалар енді ойын ойнап денемізді қыздырайық Қ/О: « Қызыл жалау» Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді, тәрбиешінің нұсқауы бойынша жалауды алып жүгіреді, қай топ бірінші бітсе, сол топ жеңіске жетеді.
Релаксацияға арналған жаттығу: Әр бала қолынан бәрі келетін болашақ дәрігер – емші кейіпіне енеді. Дәрігер сипап, сезу арқылы емдейді. Ол мүшелеріне бұйырады.
|
Тыныс алу мүшелері аялдамасына мұрын,кеңірдек,өкпе
спортпен шұғылдану қажет
балалар жұмбақтың шешуін табады
Жүрек
Балалар өз жүрек соғысын тыңдайды
Балалар слайд қарайды Балалар қайталайды
Ия
Нариман Шарлау үшін әлемді, Қуат керек әуелі. Жігер керек,от керек, Ерлік керек,еп керек. Ол үшін ең керегі, Шынықтыр сен денеңді. Рабиға Жанға құт-шынығу, Жаттығу тынығу. Сымбатты болу да, Спорттың жолында. Ералы Күнделікті ойын да, Құт берер бойыңа. Шынығу ем болар, Шынықсаң ем қонар. Әмина Қолды шайып мен енді, Жарты кесе су ішем. Шынықтырып денемді, Жаттығуға кірісем. Рухая Денсаулықтың жаңасын, Ақшаға қайдан аласың? Тыста ұзақ жүргенің, Ұзақ өмір сүргенің.
Спорт-денсаулық кепілі. Дені саудың-жаны сау. Денсаулық-зор байлық. Тазалық-денсаулықтың досы. Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде.
Жүректің суретін салады
Балалар ойынды қызыға ойнайды
Балалар көздерін жұмып тұрып тыныштық сәтін орындайды |
Рефлексивтік түзетушілік |
Балалар, бүгін біз адам денесінің қай мүшесімен таныстық? Жүрек қандай қызмет атқарады?
Жүрек қалай жұмыс істейді?
Жүрегіміз жақсы жұмыс істеу үшін не істеуіміз қажет? Дұрыс айтасыңдар, спортпен шұғылдану бұлшық еттерді дамытып, дұрыс соғуына көмектеседі. Естеріңде болсын, жүрекке көп салмақ салуға болмайды, көп жүгіру, ауыр жұмыс істеу жүректі әлсіретеді. Жүректі жаман әдеттен сақтау қажет.Салауатты өмір салтын сақтап,сымбатты да әсем болып жүрейік.
Мейіріммен бар әлемге, Жүрек нұрын себейік. Аулақ боп жаман әдеттен, Аман есен жүрейік -деп оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз. |
Жүрекпен
Қан айналымын реттейтін басты мүше. Үнемі, демалыссыз жұмыс істейді. Спортпен шұғылдану керек.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жүректі және оның қызметін.
Меңгереді: жүректің қызметін және спорттың денсаулыққа пайдасын, күнделікті жаттығудың маңыздылығын
Жасай алуы: Жүректің суретін сала алды, қимылды ойынды ойнай алды
Талас аудандық сотына
Өндіруші:Исмаилова Марал Бериковна
01.12.1987ж.т.
Мекен-жайы Қаратау қаласы,Рысбек Батыр көшесі №36
ИИН:871201401783
Ұялы телефоны:
Борышкер:Таниржанов Жасұлан Ауелбекович 26.04.1987ж.т.
Мекен-жайы Қаратау қаласы,Рысбек Батыр көшесі №36
ИИН:870426302449
Ұялы телефоны:
Арыз
(алиментті өндіру туралы)
Мен Исмаилова Марал Берікқызы 2013 жылдың 3-ші қазанда Таниржанов Жасұлан Ауелбекұлымен
АХАЖ –бөліміне заңды некеге тұрдық.Осы некеден ортақ екі баламыз бар.Әуелбек Рахман
Жасұланұлы 7-ші қазан 2013 жылғы.Әуелбек Айша Жасұланқызы 9-шы желтоқсан 2014 жылғы.
Жолдасым Таниржанов Жасұлан Ауелбекұлы үйге,яғни жанұясына ешқандай көмек көрсетпейді.
Әуелбек Рахман Жасұланұлының денсаулығы жоқ 2013ж.т.Ұлымыз жиі ауырады,дәрі-дәрмегіне,
тамағына,тағыда сол сияқты керекті заттарды алуға қаражат жетпейді.Ауруханаға жиі жатамыз.
Осы жоғарыдағы мән-жайларды ескере отырып.Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы»
кодексінің 10,21-баптарына,ҚР-ның АІЖҚ-ның заң талаптарына сай соттан
С ұ р а н а м ы н:
Борышкер:Таниржанов Жасұлан Ауелбекұлынан кәмелетке толмаған екі балама алимент өндіруді.
Арызға қосымша тіркеледі
1.Исмаилова Маралдың жеке куәлігінің көшірмесі.
2.Таниржанов Жасұланның жеке куәлігінің көшірмесі.
3.Неке қию туралы куәлігінің көшірмесі.
4.Әуелбек Рахманның туу туралы куәлігінің көшірмесі
5.Әуелбек Айшаның туу туралы куәлігінің көшірмесі
6.Исмаилова Маралдың мекен-жайы туралы анықтама
7.Таниржанов Жасұланның мекен-жайы туралы анықтама
8.Әуелбек Рахман Жасұланұлының стационар картасының анықтамасының көшірмесі №3238
9.Әуелбек АйшаЖасұланқызының денсаулығы жайлы анықтама
Исмаилова Марал Беріковна 11.01.2017ж
Түсіндірме беру
Сөйлеуді дамыту
Құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсе алады,сөйлем және күрделі сөздерді,заттар және заттардың жалпы мағыналас сөздерді (көлік,өсімдіктер,киім ) қолданады.
Сан есімдерді ретімен атайды.Үлгі бойынша әңгіме құрастыра алады,шағын әңгімелер мен ертегілерді мазмұндайды.
Жалпы балы:72.7% құрады.
Көркем әдебиет
Көркем шығармаларды эмоционалдықабылдай біледі.Таныс ертегілердің мазмұнын айтып,кейіпкерлердің мінез-құлқын ажырата біледі.
Драма:
Барлық дыбыстарды анық және әртүрлі қарқында дыбыстап,түрлі интонацияда айта алады.Сахнаны,алаңды бағдарлайды,театрландырған қойылымды дайындау барысында ересектермен және құрдастарымен өзара әрекет ете алады.
Жалпы балы:70.3% құрады.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
5 көлемінде санай алады,сандарды ретімен атайды,санай алады.Геометриялық пішіндерді ажыратады және атайды,кеңістікті және уақытты бағдарлай алады.
Құрастыру
Құрылыс бөлшектерін атайды және құрылыс жасай алады.Қағаздан көлемді пішіндерді жасай алады.Табиғи материалдан түрлі заттар дайындайды.
Жаратылыстану
Үй жануарларын және олардың төлдерін,үй құстарын атайды.Жабайы аңдардың түрлерін біледі.Бөлме өсімдіктерін,балабақшаның ауласындағы өсімдіктерді атайды.Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді қарапайым байланыстар орната алады.Табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережесін біледі.
Жалпы балы:74.8 %құрады.
«Әлеумет» Қоршаған ортамен танысу
Өз туған елді,мекенін,туған жерін айтады.Еңбек адамдарына және олардың еңбектерінің нәтижелеріне құрмет көрсетеді.Мемлекеттік және ұлттық мерекелерге қатысады.Мемлекеттік гимн біледі.Бағдаршамның белгілерін,көшеден өткенде өзін дұрыс ұстауды біледі.
Экология негіздері
Өлі табиғат объектілерін ажыратып,табиғат құбылыстарын,табиғаттағы және ауа-райындағы маусымдық өзгерістерді ажыратады және айтады.Ағаштардың түрлерін,бұталарды,гүлдерді,жидектерді,көкөністер мен жемістерді ажыратады және оларға күтім жасаудың қарапайым әдістерді біледі.
Жалпы балы:77 5 % құрады.
Мақсаты:
-мерекелік көңіл-күйін құру
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: жүргізуші, 2 Клоун, Мыстан бикеш.
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра, орамалдар,
Репертуар:
• Әндер:
1. «Әжетайым»,
2. «Айналайын, ақ мамам» сөз. А. Табулдиева, муз. И. Нусупбаева
3. «My dear, dear mammy»
• Билер:
1. «Из чего же»
2. «Бикештер»
3. «Алақай»
• Ойындар:
1. Гүлді жина эстафетасы
2. Ананың даусын тану
3. Мергендер
4. Күндерді жина
Ертеңгіліктің барысы:
Музыкамен ұлдар залға кіреді. Жарты щеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші: Ұлдар, бүгін Әйелдердің мерекесі ғой! Бәрі дайын ба? Ешкім кешіккен жоқ қой? Әне, қыздар да келе жатыр! Қарсы алайық!
(Музыка әуені естіледі де, қыздар залға кіреді.)
Жүргізуші (қыздар кірген кезде): Қараңдаршы, біздің қыздарымыз қандай әдемі болып кетіпті!
Ұлдар қыздарға басын иеді.
Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемділік сыйлайды.
1 бала:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.
2 бала:
«Жаным» дейсің мені,
Жаратушым – бір сен.
Жалғыз өзің, тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!
3 бала:
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
4 бала:
Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
5 бала:
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.
Ән «Айналайын, ақ мамам!» (отырады)
Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға сюрприз дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оларды шақырайық па?
Балалар: Иә!
Бәрі шапалақтайды. Залға екі сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіңдер ме, қымбатты қыздар!
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, сайқымазақтар!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!
2 сайқымазақ: Ал менің атым Вили Тили. Мен де сендерді құттықтаймын.
Бәрі балалардың қолынан ұстап амандасады.
1 сайқымазақ: Біз бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтереміз.
2 сайқымазақ: Ал қазір біз сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз.
Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді.
(Бәрі күледі)
Жүргізуші: Қой Вили Тили, Вили Тили Сендер мойындарыңдыр сындырарсыңдар. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал.
Ой балалар, балалар
Ойналық та күлейік
Қане енді бұралып
Би билеп те берейік
Би «Из чего же»
1 Сайқымазақ: Қандай жақсы би. (Қимылдарды қайталап билеп тұрады) Тағы да билейікші.
Жүргізуші: Жоқ, Вили Тили, біз мерекені жалғастырайық. Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Балалар шашырап тұрады.
1 бала: ______________________________
Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін», деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
2 бала: ________________________
Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне.
3 бала: _____________________
Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем.
4 бала:________________________
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем!
Ән «Әжетайым»
Әннен кейін машинаның гуілдеген дыбысы естіледі.Мыстан бикеш кіреді.
Мыстан бикеш: Мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге сондайлық мәз болып отырсыңдар?
Жүргізуші: Сен кімсің? Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың?
Мыстан бикеш: Мен Мыстан бикешпін, сендер мені не таныған жоқсыңдар ма? Сендер мыстан кемпірді білесіңдер ме? Мен оның жалғыз сүйікті немересімін.
Сайқымазақтар: Ал мыстан кемпірдің өзі қайда?
Мыстан бикеш: Ол пенсияда ғой! Енді мен оның орынбасары боламын.
Енді мен барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де ертеңгіліктеріңді бұзбақпын. Болды, қайтыңдар үйлеріңе. Мереке болмайды.
Жүргізуші: Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз ғой. Неге кетуіміз керек? Біз ешқайжаққа кетпейміз.
1 сайқымазақ: Мыстан бикеш, сен өзің үйіңе кет. (оған үрлейді)
2 сайқымазақ: Иә, барған жеріңе бар. (итереді)
Мыстан бикеш: Солай ма? Ал қазір мен сендерге көрсетемін. Менің шляпам сиқырлы, қазір мен сендерді бақаларға айналдырамын.
Қане сайқымазақтар,
Бақаға айналыңдар.(шляпасымен тербейді)
Сайқымазақтар бақа болып бақылдайды, секіріп залдан шығады.
Мыстан бикеш: А ха ха, енді сендерді ешкім күлдіртпейді. Көңіл күйлеріңді ешкім көтермейді.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен не істедің. Сен балалардың мерекесің бұздың ғой.
Мыстан бикеш: Иә, ал сендер маған не істей аласыңдар. Ештеме істей алмайсыңдар ғой.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізге Тили Вили мен Вили Тилиді қайтаршы.
Мыстан бикеш: Ал сендер маған олар үшін не бересіңдер.
Жүргізуші: Біз саған гүлдерді жинай аламыз.
Мыстан бикеш: Гүл дейсіңдер ме? Жарайды, келісемін.
Ойын «Гүлді жина» эстафетасы
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын құмыраға салады.
Ойынның аяғында жүргізуші гүлдерді құмырадан алып Мыстан бикешке сыйлайды.
Мыстан бикеш: Гүлдерің неге сондайлық аз? Онда мен сендерге сайқымазақтарды қайтармаймын.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізді неге алдадың. Біз сенің айтқаныңды орындадық қой. Ал сен болсаң алданшақ екенсің. Балалар, айтыңдаршы, адамдарды алдауға болады ма?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, білесің бе жаман қылықтарды істеуге болмайды. Солай ғой балалар? Қазір біздің балаларымыз саған өмірде қандай болу керек және қандай болмау керек екенін айтады.
Екі бала шығады.
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» тақпағын айтады.
Мыстан бикеш: Ой, балалар. Енді ұқтым. Менің барлық істеген істерім жаман болды екен. Ал жақсы болып қалу үшін, маған кішкене билеп, көңіл көтеру керек.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, саған арнайы біздің балаларымыз Бикештер туралы би билеп береді.
Би «Бикештер»
Мыстан бикеш: Рахмет сендерге балалар, енді мен ешқашан да жаманшылық істемеймін. Ал сайқымазақтарды қазір әкелемін.
1Сайқымазақ: Алақай, рахмет сендерге балалар, сендер бізді құтқардыңдар.
2 сайқымазақ: Сендер болмасаңдар, біз әрқашан бақа болып жүруші едік.
Мыстан бикеш: Жарайды балалар, маған апамды Мыстан кемпірді мерекемен құттықтауға бару керек.
Жүргізуші: Ал осы гүлдерді оған сыйла.
Мыстан бикеш: Сауболыңдар!
Сайқымазақтар: Алақай!!! Алақай! Мерекені жалғастырайық!
Алақай!
Жүргізуші: Біз де өте қуаныштымыз, сондықтан «Алақай, балақай» биін билейік.
Би: «Алақай, балақай»
Отырады.
1Сайқымазақ: Вили Тили, балалар бізге би биледі. Ал біз оларға не көрсете аламыз?
2 сайқымазақ: Мен оркестр адаммын ғой. Сондықтан оларға музыкалық аспаптарда ойнайық.
Сайқымазақтар музыкалық аспаптарды алады да қалай болса солай ойнайды. Аспаптар қолдарынан түсіп, өздері құлай береді.
1сайқымазақ: Қалай, ұнай ма?
Жүргізуші: Қойыңдар, құлақтарымыз ауырып қалды. Одан да, біздің музыканттарды тыңдап алыңдар, үйреніңдер.
Музыкалык аспаптық ансамбль «Илигай»
2сайқымазақ: Осы балабақшаның балалары би де билей алады, музыкалық аспаптарда да ойнайды. Ал біз әнді жақсы айтамыз.
1 бірінші сайқымазақ: бізге микрофон беріңіз, моэстро музыку.
(музыка ойнайды, 1 сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады, екіншісі соған қарап күледі)
2 сайқымазақ: Тили Вили, сен мүлдем ән айта алмайсың. Ал мен болсам Алмас Кішкенбаев сияқты ән айта аламын. Ал тыңдаңдар.
(жуан дыбыспен күлкілі айтады)
Жүргізуші: Тили Вили, Вили Тили, сендер босқа өз тамақтарыңды шаршатпаңдар. Біздің балаларымыздың әнін тыңдаңдар. Балалар, аналарымызға ән айтайық.
Бала:
Жалықпастан үйреніп,
Бір неше тіл білеміз
Шет тілінде сызылтып
Сүйікті ана туралы
Ән салуды сүйеміз.
Ән «My dear, dear mammy!»
1 Сайқымазақ: Қандай әдемі ән. Дауыстарың қандай жақсы.
2 сайқымазақ: Ал дауыстарыңды тексердік. Жақсы екен. Енді құлақтарыңның естуін тексерейік. Қазір сендер бұрылып тұрасыңдар. Ал бір баланың анасы оны күнім немесе жаным деп шақырады. Сендердің мақсаттарың ананың даусын тану.
Ойын «Ананы дауысынан тану»
Жүргізуші: Тили Вили, Вили Тили, сендер көп ойындарды біледі екенсіңдер.
1 сайқымазақ: Иә, білеміз. Тағы ойнаймыз ба, балалар?
Балалар: Иә.
2 сайқымазақ: Ал, қазір маған 4 , бала шығады.
«Күндерді жина» ойны
Ойын шарты: әр бір командаға күннің бөліктері беріледі (шеңдер және 10 шуақтары). Балалар осы боліктерден күн құру керек. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді.
1 сайқымазақ: Балалар, мен сендерге тағы сыйлықтарды әкелдім. (үш шелек, бір шелектің ішінде кубиктар)
2 сайқымазақ: Балалар, осы нәрселермен ойын ойнасақ!
Жүргізуші: Балалар, ойнаймыз ба?
Балалар: Иә.
1 сайқымазақ: маған 10 бала керек.
Ойын «Мергендер»
Ойын шарты: он бала ойнайды. Олар екі командаға бөлінеді. Әр бір команда шелектерге кубиктарды лақтыру керек. Ойын эстафета түрде ойналады.
Жүргізуші: Рахмет, сендерге сайқымазақтар. Сендер бүгін бізді қызықтырып жүрдіңдер.
1 сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз.
2 сайқымазақ: Және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетеміз.
Фокустар:
Саусақпен. Саусақты жұтып алады.
Орамалдармен. 1 сайқымазақ қалтасына орамал салады, ал екіншісі өз қалтасынан бірдей орамалды шығарады.
Гүлмен. Бір гүлді каробқа салып, айтады: «Қазір осы гүл басқа бояумен боянады». Шығарса, боянбапты. Ой, неге боянбайды.
Екінші сайқымазақ: Сен білмейсің бе, сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер.
Балалар айтады.
1 сайқымазақ: Фокус, покус. (Себеттің ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды.
Балаларға кәмпиттер таратылады.
Жүргізуші:
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген