жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ
Білім саласы :«Таным»
Бөлімдері:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.Құрастыру
Тақырыбы:«Ойнайық та,ойлайық»
Мақсаты:
Білімділік: Реттік санау қабілеттерін нығайту.0-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санау,сандардың көршілерін атау.Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.Ұзын-қысқа,кең-тар ұғымдарын ойын арқылы бекіту.
Дамытушылық:Жұмбақ,логикалық есептер бере отырып,есте сақтау қабілеттерін арттыру,ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік:Зейінділікке,ойшылдыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл:сұрақ-жауап,жұмбақ логикалық есеп,сергіту жаттығу.
Көрнекілік: 0-ден 5-ке дейінгі сандар,геометриялық пішіндер,суреттер.
Блингвизм: қыс-зима,желтоқсан,қаңтар,ақпан,декабрь,январь,февраль.desember,ganuary,february.
Әлеуметтік инклюзивтік: Дәурен,Жанәлі
Әрекет түрлері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастырушы-лық Ізденістік
Билингивизм
|
П/Жаттығу «Шаттық шеңбер ». Шеңберді біз құрамыз Қол ұстасып бәріміз. Ақ тілекті жолдайық Әлемде нұр тыныштық, Қайырлы таң балабақша Қайырлы таң достарым Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Балалар бүгінгі күн өте ерекше күн. Бізге көптеген қонақтар келіпті. Олай болса жақсы көңілмен оқу қызметін бастайық. Қане балалар,есімізге түсірейікші,бір жылда неше мезгіл бар? Осы төрт мезгілді атайықшы. Ал,қазір жылдың қай мезгілі? Өте дұрыс айттыңдар. Осы қыс мезгілінде неше ай бар? Атап айтып көрейікші Қыс айларын орыс және ағылшын тілінде айтайықшы Өте тамаша балалар. Олай болса аптада неше күн бар? Соларды атап көрейікші
Балабақшаға неше күн келесіңдер? Неше күн демаласыңдар?
Тосын сәт: Түлкі кіріп келеді.Балалармен амандасады.Апай аң патшасы арыстан орман мектебін ашпақшы.Кімде кім менің берген тапсырмамды орындай алса,мектепке қабылдаймын депті.Бірақ мен мына тапсырмаларды орындай алмай сіздерден көмек сұрап келіп тұрмын.
Тәрбиеші:балалар түлкіге көмектесеміз бе? Қане қандай тапсырмалар.
1-тапсырма: Д.О: «Адасқан сандар» 0-ден 5-ке дейінгі сандарды рет-ретімен орналастыру,тура және кері санау және сандардың көршілерін атау.
2- тапсырма: Д.О: «Ойлан-тап». Логикалық есептеу 1.Табақта 3 алма Қолымда 2 алма Барлығын қосқанда, Болады неше алма? (5 алма)
2.Бес алманың үшеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады? (екі)
3.Бөлменің 4 бұрышы бар, Әр бұрышта 1 мысықтан отыр, Барлығы неше мысық? (төрт)
4.Қоянның неше құлағы бар? (2) Неше құйрығы бар? (1)
Өте жақсы балалар.Қане орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз, Орнымызда айналып, Билеп-билеп аламыз. Алға қарай бір адым Артқа қарай бір адым Оңға қарай бір адым Солға қарай бір адым Жоғары-төмен қарайық Орнымызды табайық
Қандай геометриялық пішіндердің түрлерін білеміз?
Өтежақсы,олай болса келесі тапсырманы орындауға дайынбыз ба?
3-тапсырма: Д.О: «Неге ұқсайды?» Жұмбақ жасыру арқылы жауабын шешіп,атап,қандай пішінге ұқсайтынын айтып беріңдер
1.Таңмен көзін ашады Әлемге нұрын шашады (күн)
2.Төрт бұрышты,бір ауызды (сандық)
3.Айдалада ақ отау Аузы мұрны жоқ отау (жұмыртқа)
4.Тікен-тікен тік пісте, Қысы-жазы бір түсте (шырша)
5. Төрде жатып шалқиған Дәу қарны бар қампиған (жастық)
4-тапсырма:Д.О: «Ұзын-қысқа,кең-тар» Балалар Қызыл телпек әжесінің үйіне қай жолмен барады? Қасқыр қай жолмен барады?
Тәрбиеші:Міне түлкі сенің тапсырмаларыңды толық орындап болдық.Аң патшасы Арыстан сені мектепке қабылдайды.Оң жол тілейміз. Түлкі: Рахмет балалар.Сендерден көп нәрсе үйрендім.Алақа.а.а.а.й мектепке қабылданатын болдым (шығып кетті) Геометриялық пішіндерден «шырша» құрастыру
|
Балалар көңілді айтады.
4 мезгіл бар Қыс,көктем,жаз,күз
Қыс мезгілі
3 ай бар Желтоқсан,қаңтар,ақпан Декабрь,январь,февраль
7 күн бар Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі, Бейсенбі,жұма, сенбі,жексенбі 5 күн 2 күн
Иә,көмектесеміз
Балалар тапсырманы орындайды
5 алма
Екеуі қалады
4 мысық отыр
2 құлағы бар 1 құйрығы бар
Балалар қимыл іс-әрекет арқылы көрсетеді
Шеңбер,тіктөртбұрыш,үшбұрыш, Сопақша,шаршы
дайынбыз
Балалар жұмбақтың шешуін табады,қандай пішінге ұқсайтынын айтады
Шеңберге ұқсайды
Тіктөртбұрышқа ұқсайды
Сопақшаға ұқсайды
Үшбұрышқа ұқсайды
шаршыға ұқсайды
тар ұзын жолмен барады
кең қысқа жолмен барады
Балалар жұмыс жасайды |
Рефлексациялық түзетушілік |
Балалар бізге кім келді? Түлкіге қандай тапсырмалар орындауға көмектестік?
Өте жақсы балалар ,түлкі сендерге риза болып кетті. Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? Белсенділік танытқан балаларды мақтап-мадақтаймын
|
Түлкі келді 0-ден 5-ке дейінгі сандарды Рет-ретімен орналастыру,тура Және кері санау,көршісін атау,логикалық есептер шығардық,заттың қандай пішінге ұқсайтынын,жұмбақ шештік ,ұзын-қысқа,кең-тар ұғымдарын ажыратуды үйренттік
ұнады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:0-ден 5-ке дейінгі сандарды біледі,тура және кері санайды,көршілерін атайды.
Игереді: кейіпкерге тапсырмаларды орындауға,кең-тар,ұзын-қысқа ұғымдарын ажыратуға көмектесе алды
Меңгереді: тапсырмаларды орындады

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген