жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ
Білім саласы : «Коммуникация» «Таным» «Шығармашылық»
Бөлімдері:Сөйлеуді дамыту,Құрастыру,Жапсыру
Тақырыбы:Көңілді қыс
Мақсаты:
Білімділік: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге,өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық:Есте сақтау қабілеттерін арттыру,ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік:Табиғатты аққала,ойынға қажетті заттар.
Блингвизм: қыс-зима,желтоқсан,қаңтар,ақпан,декабрь,январь,февраль.
аялауға,әсемдікті сезініп,көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: Әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ –жауап,көрсету,ғажайып сәт,ойын,сергіту сәті
Көрнекілік: мазмұнды суреттер
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушы
Ізденуші ұйымдастырушылық
|
«Шаттық шеңбер »
Күніміз ашық болсын Түніміз тыныш болсын Ауамыз таза болсын Суымыз мөлдір болсын
Балалар бүгінгі күн өте ерекше күн. Бізге көптеген қонақтар келіпті. Олай болса жақсы көңілмен оқу қызметін бастайық. Балалар мен сендергеөлең жолдарын оқып бергім келіп тұр. Шанамен зырғып желетін Коньки,шаңғы тебетін, Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар? Өте дұрыс айттыңдар. Осы қыс мезгілінде неше ай бар? Атап айтып көрейікші Қыс айларын орыс тілінде айтайықшы Өте тамаша балалар. Қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Қандай ойындар ойнайсыңдар?
Балалар ,қыста ауа таза болады.Сондықтан да сендер ауырмау үшін,денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек.Ойын арқылы денелерің шынығады. Балалар,біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз? Дұрыс айтасыңдар,сонымен қатар 16 Желтоқсан-Тәуелсіздік күнін,1-желтоқсан Елбасы күнін тойлаймыз! Балалар мынау ненің суреті? Аққала неден жасалады? Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік. Қардың түсі қандай? Қар мұздай ма, жылы ма?
Ғажайып сәт:(осы кезде аққала келеді) Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен сендермен ойнауға,сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.
Кел төрлет,сен туралы айтып отыр едік.Балалар,қонаққа не келді? Аққала:балалар,мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын: «Қар жинау» Ойын шарты:Қар ерімей тұрып,шелекке тез жинау. Жарайсыңдар, балалар . Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап,бір сергіп қалайық.
Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз, Орнымызда айналып, Билеп-билеп аламыз. Алға қарай бір адым Артқа қарай бір адым Оңға қарай бір адым Солға қарай бір адым Жоғары-төмен қарайық Орнымызды табайық
Қане,балалар қыс туралы кім тақпақ біледі?
Жарайсыңдар! Қане,балалар ойын ойнап жіберейік. Аққаламызға суретін құрап берейік.
Ойын: «Аққала құрастыру» Балалар үш топқа бөлінеді 1-ші,2-ші топ балалары аққала құрастырады 3-ші топ балалары аққала жапсырады. Аққала неше бөліктен тұрады? Оның бөліктерінің пішіні қандай? Мұрны қандай пішінге ұқсайды? Аққаланың түсі қандай? Аққала:Рахмет балалар,сендер өте ақылды,өнерлі,тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен,мен жылы жерде көп тұра алмаймын,еріп бара жатырған сияқтымын.Еріп кетпей тұрғанда,қайтайын.Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын,келесі жылы кездескенше сау болыңдар! Балалар аққаламен қоштасайық!(аққала шығып кетеді)
|
Балалар көңілді айтады.
Қыс мезгілі
3 ай бар Желтоқсан,қаңтар,ақпан Декабрь,январь,февраль Қар жауады,аяз болып боран соғады
Бас киім,үстімізге тон,аяғымызға етік,қолымызға қолғап киеміз Қар лақтырып,аққала жасап,шанамен сырғанақ тебеміз
Жаңа жыл
аққала қардан қарды қолмен ұстап көреді ақ мұздай
Аққала келді
Балалар қызыға ойнайды
Балалар қимыл іс-әрекет арқылы көрсетеді
Ақниет Қыс мезгілі көңілді, Аспаннан ақ қар төгілді Шанамен біз ойнаймыз, Шаңғы теуіп зырлаймыз
Нұрайдар Қар жауғанда топ бала Соқты қардан аққала Мұрны сәбіз,үп-үшкір, Көзі көмір қап-қара
Балалар аққала құрастырады
жапсырады Үш бөліктен тұрады дөңгелек үшбұрышқа ақ
Аққаламен қоштасады |
Рефлексивті түзетуші |
Балалар бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік? Бізге бүгін қонаққа не келді? Барлығымызға ұнады ма? Жарайсыңдар, балалар,енді келген қонақтарымызбен қоштасайық Мақтап мадақтау
|
Қыс мезгілі
Аққала ұнады |
Талас ауданы әкімдігі
білім беру, дене шынықтыру
және спорт бөлімінің «Әйгерім»
балабақшасы мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіп орны
«Балбөбек» 1- кіші сәбилер тобы
Ұйымдастырылған ашық оқу іс- әрекеті
Тақырыбы: Көңілді қыс.
Тәрбиеші: Сарманова Л.Е

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген