400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақша көшбасшысы

Жарияланды 9-11-2014, 20:08 Категориясы: Бала-бақша

Тақырыбы: «Балабақша көшбасшысы»
Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып,, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қадағалау. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Көшбасшылық қабілетін ояту, білімді, дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: тапсырмалар бойынша слайдтар, суреттер, есеп амалдары жазылған карточкалар, әуенді музыкалар,

Ашық шараның жүру барысы:
Жүргізуші:
- Сәлеметсіздер ме құрметті сайыс қонақтары, балалар. Бүгінгі «Балабақша көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. «Білімді ұрпақ - ел тірегі»- дегендей бүгін ересек, мектепалды даярлық топтар арасындағы білім додасын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысушыларды қарсы алайық.
Сайысымызды бастамас бұрын сарапшылар алқасын сайлап алайық (әр бір тур бойынша балалардың алған ұпай сандарын санап қатерге беріп отырады, ал балалардың әр тур бойынша аз бал жинаған бір бала ойынан шығып отырады)

Жүргізуші:
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын күшті тындырар күшің барда.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің барда! – деп сайысымызды бастаймыз.

Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:
І бөлім «Бәйге»
ІІ бөлім «Жеті жұрттың тілін біл.»
ІІІ бөлім «Қызықты тоғыздық.»
ІV бөлім «Көкпар»
V бөлім «Жорға»
VІ бөлім «Жүзден жүйрік»
Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын.

І бөлім: «Бәйге»
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп, бәйге сайысына кезек береміз.

Қарап тұрмай бәйгіге еріңіз,
Шәкірттерге әділ баға беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Бұл бөлімде балалар қойылған сұрақтарға тез және нақты дұрыс жауабын беру керек. Берілген сұраққа жауапты білсеңіздер алдарыңызда тұрған тетікті басып жауап бере алатындарыңызды білдіресіңдер. Тетіктерді баспай жауап қабылданбайды. Жауап бере алмаса, келесі бала жауап бере алады. Сарапшылар назарына әр дұрыс нақты жауап үшін 5 ұпайдан беріледі. Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін «Бәйге» сайысын бастаймыз. Дайынбыз ба?

1. Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)
2. Бағдаршамның көздерін ата? (Қызыл, сары, жасыл.)
3. Бір аптада неше күн бар? (жеті)
4. Республикамыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана)
5. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
6. Біз қай қалада тұрамыз? (Атырауда)
7. Дыбыстың жазба таңбасы қалай аталады? (әріп)

8. Алма, алмұрт, жүзім, өрік бұлар нелер, қалай аталады? (жеміс - жидектер)
9. Бір тәулікте неше мезгіл бар? (5 - таңертең, түс әулеті, бесін немесе түсқайта, кеш, түн)
10. Қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, картоп бұлар нелер, қалай аталады? (көкөністер)
11. Сөздер неге бөлінеді? (буынға)
12. Жыл басына нелер таласты? (хайуанаттар)
13. Адам тіршілігіне қажетті жылуды қайдан алады? (Күннің көзінен)
14. Мақалды жалғастыр: (Отан – оттан да...................)
15. Қ. Р. Президенті? (Н. Ә. Назарбаев)
16. Төрт түлік малды ата? (қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі)
17. Сөйлем неден құралады? (сөзден)
18. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге - дауысты, дауыссыз)
19. Түйенің төлі қалай аталады? (Бота)
20. Құйрығы екіге айырылған құс? (қарлығаш)
21. Адамның көру мүшесі? (көз)
22. Аяз ата қай мерекеде келеді? (жана жылда)
23. Қыста ұйқыға кететін аң? (аю)
24. Тудың түсі қандай? (көк)
25. Нанды қайда пісіреді? (наубайханада)

2 тур. «Жеті жұрттың тілін біл».

Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілінді құрметте» - деп Қадыр Мырзәлі ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.
Келді кезек жұмбақты шешуге,
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт соған несібе.
Бұл турда жұмбақтар жасырылып, оның шешуін балалар үш тілде айту керек.
(Қазақша, орыс, ағылшын) Ойыншылардың есіне жауап тетікті баспай қабылданбайды. Жұмбақ шешуін екі тілде айтқан бала – 5 ұпайға ие болады, ал үш тілде айтқан бала – 10 ұпайға ие болады. Бұл сарапшылардың қатеріне береміз. Ал бастаймыз, мұқият тыңдаңыздар! Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

1. - Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады (аю - медведь - bear)
2. - Жылт - жылт етеді, жылғыдан өтеді. (су - вода - water)
3. Жайған жастық сөгілді, аппақ мамық төгілді. (Қар - снег - snow )
4. Жұдырықтай қызыл шар, тілді үрген шырын бал. (алма - яблоко - apple)
5. Онсыз астың дәмі жоқ, ассыз оның мәні жоқ (тұз - соль - salt )
6. Жеті қазынаның бірі - адамды күзетіп жүретін досы.(ит – собака - dog

"Зерде" интеллектуалды ойыны

Мақсаты: Балалардың алған білімдерін тиянақтау, өткен оқу іс - әрекеттердегі тақырыптарды еске түсіру. Барлық білім беру салаларын қамту арқылы балалардың сөздік қорларын байыту, ой - өрістерін кеңейту, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, шапшаңдылыққа, отансүйгіштікке, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, мнемокесте әдісі, ойын.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сайысқа қажетті құралдар

Ұйымдастыру кезеңі:
Армысыздар, құрметті әріптестер мен құрметті қонақтар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін, ең алдымен азаматтық пен білім қажет» - деп Ш. Уалиханов атамыз айтып кеткендей, еліміздің болашағы осы бүлдіршіндер екені даусыз.
Осы мақсатпен бүлдіршіндер арасынан суырылып шыққан балаларымыздың қатысумен өтетін «Зерде» зияткерлік – танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Балалар: Сәлем бердік туған елім,
Тал бесігім, туған жерім.
Сәлем бердік бәріңізге,
Өскен ортам, еркін далам.

Әділ - қазы береді,
Өздеріңе билікті.
Сайыста кім жеңеді,
Сол алады сыйлықты.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
(Әділқазы мүшелерімен таныстыру)

Ойын 6 - кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру
2. Кім жылдам?
3. Мозайка
4. Ненің дауысы?
5. Орнын тап
6. Жылдам жауаптар

Ал, ендеше тұрмайық,
Ойынымызды бастайық.
Не үйрендік, не білдік,
Соны ортаға тастайық.

1 кезең Таныстыру. Бүгінгі сайысымызға 3 топ қатысқалы отыр. Осы топтардың мүшелерімен таныс болайық.

2 кезең Кім жылдам? Бұл кезеңде сендерге сұрақтар қойылады. Алғашқы болып жауап берген топ 1 ұпайға ие болады.
Сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
2. 4 бұрыштан 1 бұрышты алып тастасақ, неше бұрыш қалады? (3 бұрыш?)
3. Жыл мезгілдерін ата. (Қыс, көктем, жаз, күз)
4. «С» дыбысынан келетін сөздерді атаңыз. (Сағат, сиыр, сырға, сыр)
5. Сиыр төлі қалай аталады? (Бұзау)
6. Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады (Мысық)
7. Түсіп қалған сөзді орыс және ағылшын тілдеріне аударыңыз.
Жеті жұрттың тілін біл
........ түрлі білім біл (Жеті – семь – seven)
8. Жыл қайыру бойынша осы жыл қандай жыл? (Қой)
9. Әкеңнің әкесі саған кім болады? (Ата)
10. Алма, алмұрт, апельсин, лимон бір сөзбен қалай аталады? (Жемістер)
11. Аспанда қанша күн бар? (Бір)
12 Онға дейін тура және кері сана

3 кезең Мозайка Мына жерде 3 конверт берілген. Осы конверт ішінде
3 қиылған сурет бар. Суреттерді құрастырып, осы суретке байланысты тақпақ немесе өлең шумағын құрастыр.

4 кезең Ненің дауысы? Қазір сендерге әр түрлі мультфильмдердің дауысы естіледі. Сол мультфильмнің атауын табуларын керек.

5 кезең «Орнын тап» деп аталады. Балалар, бұл кезеңде топ басшылары сынға түседі.
Алдарыңда тұрған ертегі және мультфильм кейіпкерлеріне назар салып қарап алыңдар. Сендердің көздеріңді байлай, орнын ауыстырамын. Ал, сендер алғашқы тұрған орындарын тауып берулерің керек.











Тақырыбы: «Тәрбиеші Балабақша жүрегі»

Жоспары:

І. Ашылу салтанаты

ІІ.  құттықтау сөз

ІІІ. Сайыстың өтуі

ІҮ. Марапаттау, номинациялар беру

Ү. Қорытынды


Мақсаты: Тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, педагогикалық жағдайларды шешу. Ұжымда ауызбіршілікті нығайтуға бағытталған. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.


Шарты:

  1. Өзін өзі таныстыру

  2. Мақал-мәтел (жалғасын табу)

  3. «Тапқырлық танытыңыз» (жағдаяттар қою)

  4. «Өнерлі өрге жүзер» Тәрбиешінің өз өнері

  5. Қол өнері

  6. Сән үлгісі 2018 жыл


Жүргізуші: - Құрметті әріптестер, ұжымдастар! Бүгінгі «Тәрбиеші Балабақшажүрегі » сайысына қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын балақша-бақша меңгерушісі Ансагаева Анар Жаркенқызына сөз кезегін ұсынамыз!

Жүргізуші: - Бүгін бізде үлкен мереке! Қазіргі қоғам жастардың бойына адами құндылықтары сүйіспеншілік, мейрімділік, әділдікті сіңіріп тәрбиелеуді көздейді. Рухани тәрбие балалық шақтан бастау алып, адам өмірінің әр кезеңінде дами отырып нәтижесінде дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс алады. Ал осы құндылыққа жол ашатын – тәрбиеші, яғни педагог. Тәрбиеші тәрбие ғана беріп қоймай, Абай атамыз айтқандай
«Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан»,- дегендей болашақтың бақыт жасын салады. Мұндай ізденіс - бүгінгі таңда біздің тәрбиешілеріміздің бойында ұшаң теңіз.

Тәрбиеші...
Осы сөзде қаншама ұлылық бар
Жүрегінде маздаған жылылық бар
Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым
Ұстаздығы сан сырды ұғынып қал.

Журекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты тәрбиешіге шын көңілден
Жолдаймыз сәттілік пен сәлем бүгін,- дей келе
 тәрбиешілерімізді қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық. Тәрбиешілеріміз дайын болса, сайысымызды бастайық. Сайысымызды бастамас бұрын, сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:


1.Өзін өзі таныстыру

2.Мақал-мәтел (жалғасын табу)

3.«Тапқырлық танытыңыз» (жағдаяттар қою)

4.Тәрбиешінің өз өнері

5.Қол өнері

6.Сән үлгісі 2018 жыл


Ендеше сайысқа әділ төрелік ететін әділқазы төрайымы мен мүшелерін таныстырып өтейін.

Әділқазы төрайымы:

Науырзым ауданының Білім беру бөлімінің әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызы

Мүшелері:


Енді қай тәрбиеші бірінші бастайтынын жеребе тастау арқылы анықтаймыз. Олай болса, тәрбиешілер менің қолымдағы жеребені ашып көру арқылы қай тәрбиеші бастайтынын анықтап берсін.

Ақыл, көрік бойларына жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға
Тәрбиешілер өздерін таныстырып өтеді.
1. Ал, қанекей танысайық! 1-ші бөлімінде тәрбиешілер өздерін таныстырады.

(Әділ қазылардан әр бөлім бойынша ұпай санын сұрап отыру).

Жүргізуші: - 2- бөлім «Мақал- мәтелдерді жалғастыру»,

Ат жақсысын мақта,

Адам жақсысын жақта.


Анам берген туған тілім,

Атам берген құрал тілім.


Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.



Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт-берекең — атаң қымбат,


Аймалайтын — анаң қымбат,

Асқар тауың — әкең қымбат


Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Адал адам Отанын сүйеді.

Әкесіне қарап ұлын,

Шешесіне қарап қызын таны.


Әкесіне тартып ұл тумас,

Шешесіне қарап қыз тумас.

Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.


Табиғат жер байлығы,

Батырлар ел байлығы.

Намысы бар жігіттің,

Нар күшіндей күші бар.

Адам мен адам арасы,

аспан мен жердей.


Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,

Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.

Ынтымақ түбі –игілік,

Тірлік, тірлік түбі – бірлік.


Ағайын тату болса – ат көп,

Абысын тату болса – ас көп.


Рахат түбі — кейіс,

Бейнет түбі — кеңіс.


Жүргізуші: -Ал, тәрбиешілер сайысқа қалайсыздар,
Сіздер өтер әліде көп сын бар.
Асығыңды ал қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап айтсаң сұраққа жарайсыздар, - дей отырып сайысымыздың 3 бөлімі бойынша «Тапқырлық танытыңыз» (педагогикалық жағдаяттар) сайысын бастаймыз.

1. Кезекті серуенге дайындалып жатқанда бір тәрбиеленушінің қалтасынан хат шығады. Бұл хатта баланың анасы тәрбиешіге баласын түскі ұйқыдан кейін шынықтыру шараларына қатыстырмауын өтініпті. Себебі көрсетілмеген. Сіз ата-ананың өтінішін орындайсыз ба? Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?
2. Тәрбиеші топқа хабарландыру ілу арқылы барлық ата-аналарды сенбілікке шақырады. Екі ата-ана ғана келеді. Тәрбиешінің көңілі толмайды. Сенбілікті басқа күнге ауыстыруға тура келеді. Осы істі қалай түсіндіруге болады? Алдағы уақытта қалай әрекет етер едіңіз?
3. Күндіз балабақшаға құм таситын көлік құм әкеледі. Құмды қақпаның алдына түсіреді. Меңгеруші: «Ата-аналарға кешкісін құмды тасытып алыңыздар» деген ұсыныс айтады. Сіз ата-анадан қалай көмек сұрар едіңіз? Егер олар келісім бермесе сіз не істер едіңіз?
4. .Балаңыз танертен жылап, мазаланып балабақшаға барғысы келмейді. Ал балабақшада мерекелік ертенгілік болады. Сіздің әрекетіңіз.
5. Бала тәрбиешінің кітапты желімдейміз деген тапсырмасын орындауда желім төгіп алды. Топ балалары қуана секіріп айқайлап «біз сені айтамыз» деп жүгіре жөнелді. Сасып қалған балаға ешкім көмектеспегендіктен бала жылап қалды. Сіздің шешіміңіз.

Жүргізуші: Қашаннан қазыналы халқым менің,
Өнердің өнегелі алтын кені
Даралап дарынымен шықсын озып, 
Танытып көпшілікке өз өнерін, - дей отыра, 2-ші бөлімі бойынша «Өнерлі өрге жүзер» сайысын бастаймыз

Жүргізуші: - 5- бөлім «Тәрбиеші қол өнері»

Жүргізуші: Өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс, - демекші келесі сайысымызды бастаймыз.
6. Сән үлгісі – 2018. Бұл сайыста тәрбиешілер киім үлгілерін көрсетеді. Ал, енді барлық тәрбиешілерді қошеметтеп қарсы алайық
 «Сән үлгісі 2018»

Әділқазылар алқасының шешімі дайын болғанша ортаға шығып билеп алыңыздар.

Кімдер жүйрік,
Өнерпаз білейікші,
Әділқазы алқасына тек әділдікті,
Ал, тәрбиешілерге сәттілік тілейікші, - деп келесі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына сөз беріледі. 

( Әділқазылар шешімін тыңдау, мадақтамалар табыстау).

Жүргізуші: Ұядағы балапан қақты қанат

Қарға емес, қыранға өзін балап.

Жас қанатта жетеді мұратына

Болса егер таудан да биік талап


Барлығына риза болсын көрермендер,
Ой бөлісті, бақ сынасты үміткерлер.
Осыменен бұл сайысты тәмамдасақ,
Тағыда жүздесерміз сіздерменен белестерде! – дей келе баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!
Қош! Сау болыңыздар!

 Скачать материал




Ат жақсысын ...,

Адам жақсысын ....



Анам берген ... тілім,

Атам берген ... тілім.



Ана сүті бой ...,

Ана тілі ... өсіреді.



Алтын ұяң — ... қымбат,

Құт-берекең — ... қымбат,


Аймалайтын — ... қымбат,

Асқар тауың — ... қымбат


Бұлбұл ... сүйеді,

Адал адам ... сүйеді.


Әкесіне ... ұл тумас,

Шешесіне қарап ... тумас.

Адамның табиғатсыз ... жоқ,

Табиғаттың оны айтар ... жоқ.


Табиғат ... байлығы,

Батырлар ... байлығы.

Намысы бар ...,

Нар күшіндей ... бар.

Адам мен ... арасы,

аспан мен ....


Ақ сауыттың ... бар, жеңі жоқ,

Шын жақсының ... бар, кегі жоқ.

Ынтымақ түбі –...,

Тірлік түбі – ....


Ағайын тату болса – ... көп,

Абысын тату болса – ... көп.

Рахат түбі — ...,

Бейнет түбі — ....


1. Кезекті серуенге дайындалып жатқанда бір тәрбиеленушінің қалтасынан хат шығады. Бұл хатта баланың анасы тәрбиешіге баласын түскі ұйқыдан кейін шынықтыру шараларына қатыстырмауын өтініпті. Себебі көрсетілмеген. Сіз ата-ананың өтінішін орындайсыз ба? Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?


2. Тәрбиеші топқа хабарландыру ілу арқылы барлық ата-аналарды сенбілікке шақырады. Екі ата-ана ғана келеді. Тәрбиешінің көңілі толмайды. Сенбілікті басқа күнге ауыстыруға тура келеді. Осы істі қалай түсіндіруге болады? Алдағы уақытта қалай әрекет етер едіңіз?


3. Күндіз балабақшаға құм таситын көлік құм әкеледі. Құмды қақпаның алдына түсіреді. Меңгеруші: «Ата-аналарға кешкісін құмды тасытып алыңыздар» деген ұсыныс айтады. Сіз ата-анадан қалай көмек сұрар едіңіз? Егер олар келісім бермесе сіз не істер едіңіз?


4. .Балаңыз танертен жылап, мазаланып балабақшаға барғысы келмейді. Ал балабақшада мерекелік ертенгілік болады. Сіздің әрекетіңіз.


5. Бала тәрбиешінің кітапты желімдейміз деген тапсырмасын орындауда желім төгіп алды. Топ балалары қуана секіріп айқайлап «біз сені айтамыз» деп жүгіре жөнелді. Сасып қалған балаға ешкім көмектеспегендіктен бала жылап қалды. Сіздің шешіміңіз.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі