жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ
Сабақтың технологиялық картасы
ПәнФизика
Мерзімі________Топ_____
Сабақтың №____
Тақырыбы: «Жарықтың шағылу заңы. Жарықтың сыну заңы».
Сабақтың мақсаты
Білімділік:
1. Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну жіне шағылу ұғамын қалыптастыру, сыну заңы және шағылу заңы мен формуласын үйрету;
Дамытушылық:
Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған
құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау;
Жаңа білім беру, білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын
қалыптастыру;
Тәрбиелік:
Өзі және топ мүшесі үшін жауапкершілік ала білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі:Жаңа білімді және іс-әрекет түрлерін оқып үйренуін есте қалдыру
Сабақты қамтамасыздандырылуы:
а)оқу – көрнекілік құралдар:компьютер, интерактивті тақта
б)үлестірмелі материалдар:плакат және кестелер.
в)ТОҚ
Пәнаралық байланыс: электротехника
Өз бетінше жұмыс:тест тапсырмалары.
Сабақтың өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі ( 1 минут)
Сәлемдесу
Оқушылардыңсабаққақатысуынтексеру.
Оқушылардыңсабаққадайындығынтексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
ІІ. Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру ( 2 минут)
Өтілген сабақ бойынша сұрақ-жауап.
«Ой толғау»
Оптика дегеніміз не?
Жарық және оның маңызы.
Жарықтың қандай теориялары бар? (Жарықтың корпускулалық және толқындық теориялары бар).
Жарық жылдамдығы неге тең? (с=3*108 м/с)
Жарық көздері қаншаға бөлінеді және оларды ата?
а) Дербес жарық көздеріне не жатады? б) Шағылған жарық көздеріне не жатады?
6. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Тәжірибе арқылы көрсет.(жарық сәулесі біртекті ортада түзу сызық бойымен таралады).
7) Жарықтың шағылу заңы қалай тұжырымдалады? (1)түскен сәуле, шағылған сәуле және екі ортаның шекарасындағы сәуленің түсу нүктесіне жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады. 2) түсу бұрышы шағылу бұрышына тең).
ІІІ. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі ( 18 минут)
І-тәжірибе. Екі қабатты линза тәжірибесі.
Әртүрлі мөлдір заттар жарық сәулесін түрліше сындырады. Стакандағы судың бетіне кастор майын (ол жоқ болса басқаша мөлдір май) қалыңдығы 1 см болатындай етіп құямыз. Стаканға жақсылап жарықтандыру керек.
Ине алып оны стаканның дәл ортасынан майға батырамыз. Май қабатынан өткен соң ине суға да 1 см –дей еніп тұруы керек. Егер стаканның бүйірінен қарасақ жуандығы әртүрлі бір бүтін инені көреміз: иненің суға батып тұрған астынғы бөлігі қолымызға ұстап тұрған үстінгі бөлігінен жуандау, ал, майда тұрған ортанғы бөлігі бәрінен жуан болып көрінеді.
Инені аздап оңға – солға стакан шетіне қарай қозғап көреміз, сонда ол күтпеген жерден үш бөлікке «кесіліп» кетеді; иненің жоғарғы бөлігі мен астынғы бөлігі шетке қарай аздап ығысса, ортанғы бөлігі тіптен ығысып кетеді...
Инені жылжытуды жалғастырамыз. Сонда мынаны байқаймыз: ортаңғы бөлік бәрінен де тез ығысады, одан соң астынғы бөлік, ал үстінгі (ауадағы) бөлік ең баяу жылжиды. Ине үшке бөлініп кетті. (Әрине оптикалық тұрғыдан
ғ
ана).
Бүгінгі сабағымызда жарық сәулесінің аса бір қызықты қасиеті жарықтың сынуы мен мен оның қолданылуын қарастырамыз.
/Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбын жазады/
Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары.
Бұл
тәжірибелер екі түрлі ортаның шекарасында,
яғни су-ауа шекарасында жарық сәулесі
түскенде бір бөлігі шағылып, ал бір
бөлігі екінші ортаға өтетінін және
өткенде бағытын өзгертінін (сынатынын)
дәледейді.
Осы құбылыстан қандай тұжырым жасауға болады?
Жауап: Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жырқтың сынуы дейміз.
Сынған
сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға
сәуле түскен нүктеден тұрғызылған
перпендикуляр арасындағы бұрыш (
)
сыну
бұрышы
деп аталады.
Жарық аудан шыныға өткенде сынған сәуле перпендикулярға жақындайтынын тәжірибеден көрдік. Бұл сыну бұрышы түсу бұрышынан аз екенін көрсетеді. Сонымен қатар тұсу бұрышын сан мәнін (градус)сыну бұрышының сан мәніне бөле отырып олардың тұрақты екеніне назар аударамыз.
Бұдан қандай тұжырым айтуға болады?
Жауап:
Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.
,
бұл формула мен анықтаманы сыну заңы
деп атайды.
Бұл заңды Синелус заңы деп те атайды. Оны ХVІІ ғасырда (1621ж) В Синелус тұжырымдаған. Ал 1630 жылы Р. Декарт оған теориялық негіздеме жасаған. Формуладағы
n – сындыру көрсеткіші деп аталады.
Сындыру көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек ортаның оптикалық тығыздығына тәуелді. Заттың ауамен салыстырғандағы көрсеткіші «абсалют сындыру көрсеткіші» деп аталады.
Жарық сәулесі вакумда 300000 км/с жылдамдықпен тарайды. Жарық 300000 км/с кем жылдамдықпен таралатын орта оптикалық тығыздығы жоғары орта деп аталады.
Жарықтың бір ортадан екінші ортаға өткенде сыну себебі әртүрлі ортада жарық жылдамдығының түрліше болатындығынан. Яғни, оптикалық тығыздығы жоғары ортада жарық жылдамдығы кемиді. Ортаның сындыру көрсеткіші осы жылдамдықтың неше есе кемитінін көрсетеді.
Сонда берілген екі орта үшін (ауа – су, ауа – шыны...) заттың сындыру көрсеткіші
формуласымен
де анықталады. С- жарықтың вакумдағы
жылдамдығы, v –ортадағы жылдамдығы,
Онда екі формуланы біріктіріп былай
жазуға болады.
Қазіргі кезде көптеген заттардың сындыру көрсеткіштері тәжірибеде анықталып жазыған кестеге жазылған.
Заттар |
Ауаға қатысты сындыру көрсеткіші |
Су глицерин Алмас Мұз Тұз Кварц Қант Шыны сорттары |
1.33 1,47 2,42 1,31 1,54 1.54 1,56 1,47 до 2.04 |
ІV. Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру ( 10 минут)
№ |
|
|
n |
1 |
450 |
270 |
? |
2 |
45 |
? |
2,42 |
3 |
? |
300 |
1,56 |
«Жарық толқындары» тарауына қосымша тест сұрақтары.
Жарықтың теориялары нешеу болды?
1 C. 3
2 D. 4 E. 5
2. Ньютон қандай теорияны қолдады?
Толқындық D. Электромагниттік
Ағындық E. Шағылысу
Бөлшектік-корпускулалық
3. Сурет бойынша сәйкестігін анықта
Сурет бойынша сәйкестігін анықта |
|
Жарықтың түзу сызықты таралу заңы
|
|
Жарықтың тәуелсіз тарлу заңы
|
|
Жарықтың шағылу заңы
|
|
Жарықтың сыну заңы
|
|
4. Жарық дегеніміз -
Бөлшек D. Толқын
Корпускула E. Электромагниттік толқын
Тербелістер
5. Геометриялық оптика дегеніміз -
Оптиканың бөлімі
Оптиканың мөлдір ортада жарықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі
Оптиканың тығыз ортада жарықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі
Оптиканың тығыз емес ортада жарықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі
Жарықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі
6. Жарық жылдамдығын зертханалық тәсілмен алғаш зерттеген ғалым:
Ремер С. Физо E. Ньютон
Кулон D. Максвелл
7. Жарық жылдамдығы -
300 000 км/сағ C. 300 000 м/с
300 000 мм/с D. 300 000 км/с E. 300 000 мм/сағ
V. Сабақтың қорытындысы( 5 минут)
№ |
Сұрақ |
Шағылу |
Сыну |
Шағылу заңы |
Сыну саңы |
Сындыру көрсеткіш |
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
Көл бетінен күн көрініп тұр. Бұл қандай құбылыс? |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
4 |
Судағы балықтар үлкен болып көрінеді. Бұл қандай құбылысты көрсетеді? |
|
|
|
|
|
5 |
Вакумдағы жарық жылдамдығының ортадағы жарық жылдамдығына қатынасына тең тұрақты шама: |
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
VІ. Рефлексия ( 4 минут)
Не білдің?
Нені үйрендің?
Нені білгің келеді?
VІІ.Бағалау ( 2 минут)Оқушылардың білімін бағалау.
VІІІ. Үй тапсырмасы ( 3 минут)«Жарық табиғатының адам өміріндегі рөлі » тақырыбында реферат жазып келу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген