жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ
Білім беру саласы: Коммуникация
Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан
Мақсаты: Мемлекет рәміздері туралы білімдерін бекіту.Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан туралы балаларға ұғындыру.Көпұлтты отанға деген сүйіспеншілік,құрмет сезіміне тәрбиелеу.Балаларды елін,жерін сүюге,Отанын қастерлеуге,шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Слайд шоу- «Қазақстан рәміздері», бейне көрініс: «Көк тудың желбірегені»,Астана қаласының көрікті жерлері,мақал-мәтелдер.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар сендер күннен күнге әдемі,ақылды болып өсіп келесіңдер.Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма? Тәрбиеші көзіне «күлгін көзілдірікті» киіп,менің көзімдегі көзілдірік жай көзілдірік емес,бұл ғажайып көзілдірік,бұл көзілдірікті кигенде мен адамның жан дүниесіндегі ерекше адами құндылықтарды яғни сендердің бойларыңдағы жақсы қасиеттерді көре аламын.Амира сен ақылды қызсың,Марлен сен ақкөңіл баласың,Балсезім сен еңбекқор қызсың,Дастан сен тамаша баласың,Раяна сен өте мейірімдісің,Жаннұр сен білімге құмар қызсың.
Біздің еліміз сендердей тамаша жас ұрпақтары бар бақытты ел.Сендер бақытты елдің бақытты ұландарысыңдар.Ендеше караоке арқылы «Біз бақытты балдырған» әнін орындап жіберейікші. Балалар біреу есік қағатын тәрізді тыңдайықшы.Ой балалар,бізге шет елден Америкадан қонаққа Джон мырза келді.Ол сендердің әндеріңді естіп,сендермен танысып,біздің еліміз туралы тереңірек білгісі келеді екен.Ол сендерге бірнеше сұрақтар бергісі келеді.Сұрақтарына жауап береміз бе? Шет елдік қонақ: -Балалар сендер тұратын мемлекет қалай аталады? -Қазақстан мемлекетінің елбасы кім?
- Елбасы қандай адам болуы керек ?
-Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?
-Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
-Тамаша,сендер рәміздер туралы қандай өлең-тақпақ білесіңдер?
Шет елдік қонақ: Қандай тамаша өнерлі,білгір балалар. Тәрбиеші:Джон мырза сіз біздің Қазақстан туралы тереңірек білгіңіз келсе,мына слайд шоуды тамашалаңыз. Слайд шоу: «Қазақстан рәміздері» Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің көпұлтты тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кішкентайынан спортты,белсенді демалысты жақсы көреді,сол себепті республикадағы барлық тұрғындар спортпен айналысып,дені сау,бақытты,салауатты өмір сүргендерін армандайды.Біздің елбасымыз кітап оқығанды өте жақсы көреді.Сондай-ақ ән айтқанды,домбыра шерткенді ұнатады,тіпті өлең жазып,ән шығарады. -Балалар,егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 27 жыл болды.
Мұзға жанған желтоқсанның жалауы. Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы, Ол әркімге еркін өмір сыйлайды, Жақсы атақпен нұр шапағын жинайды.
Сергіту сәті Ұлытау тобының «Жұмыр қылыш» мульти-анимациялық сергіту сәті музыкасына қимыл қозғалыс жасату.
Тәрбиеші шетелдік қонаққа қарап:Біздің балаларымыз Отан туралы көптеген мақал-мәтелдер біледі.
«Ұяшықты таңда» ойыны. Ойын шарты: Экранда көрсетілген ұяшықтардан балалар өздеріне ұнаған суретті ұяшықты таңдайды.Ұяшық бетінде көрсетілген тапсырманы орындайды.Рәміздерді құрастырады. |
-Ия
Балалар шеңберге тұрып,тәрбиешінің берген сипаттамаларына мәз-мәйрам болады.
Хормен әнді орындайды.
Қазақстан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Білімді,ақылды,іскер,жан-жақты,өз Отанын шексіз сүйетін адам болуы керек. Ту,Елтаңба,Әнұран
Астана
Сезім: Әйнегі күн,шатыры-аспан. Кең дала,төсегі толқыған есік. Көлдері көкке күмістер шашқан, Қазақстан Республикам менің.
Алинұр: Әнұраным-жан ұраным,Айтар әнім,сөйлер сөзім. Туған жерім,сағынарым. Мәңгі бақи шырқалады. Республика ән ұраны.
Қазақстан Республикасының Ән ұранын тыңдайды.
Баладар мұқият тыңдайды.
Қимылмен жасайды
Айжұлдыз: Ердің көркі елімен, Отан көркі жерімен.
Жанна: Отан оттанда ыстық.
Бекжан: Отансыз адам,ормансыз бұлбұл. Қызығушылықпен ойнайды.
«Мен Отанымды сүйемін!»жылулық шеңберімен аяқтайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік |
||
Рефлексивті-түзетуші |
-Балалар, біз бүгін немен таныстық ?
Балаларды мақтап,мадақтап оқу-қызметін аяқтау. |
«Мен Отанымды сүйемін!»жылулық шеңберімен аяқтайды. -Мен өз мемлекетімді мақтан тұтамын. -Мен өз Отанымды шексіз сүйемін! -Мен өз Отанымның бақытты ұланымын! |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Отанымыз Қазақстан туралы
Игереді: Мемлекеттік рәміздер туралы
Меңгереді: Сұрақтарға жауап береді,тапсырмаларды орындайды
Бекітемін «Таукент гүлдері» бөбекжай -балабақшасыМКҚК-ның меңгерушісі:
Жамиева.Қ.Н
.2019 ж
«райхангүл»кіші тобында
«Таным»білім беру саласы
«жаратылыстану» «Құрастыру»білім бөлімі бойынша
«көліктер»тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.
Орындаған тәрбиеші:Танеева.А
2018-2019 жыл.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім бөлімі: Аппликация.
Тақырыбы: Достарыма арналған шарлар.
Мақсаты: Негізгі түстер туралы білімдерін бекіту.Жапсыру іс әрекеіне баули отырып,достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:Слайд,суреттер.
Блингвалдық
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу: Біз қандаймыз,қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжісуді білмейміз. Қуанайық,достарым. Күлімдейік достарым.
|
Балалар шеңберге тұрып,тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік |
-Балаларға түрлі түсті шарлар туралы түсінік беру. Жұмбақ жасыру: Бала біткен соғады, Жеңіл шарды домалақ. Ұрсаң ұшып жоғары, Жерге түсер домалап Ол не? Үрлесең үріліп кетер, Көп үрсең жарылып кетер Ол не? -Балалар ,тыңдаңдаршы,ненің дауысы? Балалар бүгін түлкі мен Қоянның туған күні екен.Олар достарының туған күніне арнап шарларды үрлепті. -Балалар, сендер түлкі мен қоянға шарларын үрлеп беруге көмектесесіңдер ме? Шарлардың пішіні қандай? Түстері ше? Түлкінің қолында 1 қызыл сопақша және 1 дөңгелек сары шар,ал қоянның қолында 1 жасыл,1 қызыл дөңгелек шар бар.Енді осы шарларды орындарына жабыстырайық. Түлкі мен қоян мәз-мейрам болды.Енді олар достарына сыйлықтарын сыйлай алады.
Сергіту сәті:Музыкамен орындалады.
|
Балалардың жауаптары:
- доп
-Шар Тыңдайды. - Иә,көмектесеміз.
Баладар мұқият тыңдайды.
Балалар көңілді орындайды.
|
Рефлексивті-түзетуші |
-Балалар, біз бүгін немен таныстық ? Шардың түстерін атап беріңдерші? -Бізге қонаққа кім келді? -Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? Балалар ,бүгін тапсырманы жақсы орындағандарың үшін рахмет!
|
-Балалардың жауаптары: Балалар өз ойларымен бөліседі,тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді .
Балалар тәрбиешінің айтқан рақметіне қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Кеңістікті бағдарлай отырып рет-ретімен орналастыруды.
Игереді:Суреттегі шарларды дұрыс орналастыра білуді,қажетті түстерді үйлестіре алуды.
Меңгереді:Желімді дұрыс қолдана отырып,орындалу ретін сақтап,бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.
Бекітемін «Таукент гүлдері» бөбекжай -балабақшасыМКҚК-ның меңгерушісі:
Жамиева.Қ.Н
.2019 ж
«райхангүл»кіші тобында
«Шығармашылық»білім беру саласы
«Аппликация» білім бөлімі бойынша
«Достарыма арналған шарлар»тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.
Орындаған тәрбиеші:Танеева.А
2018-2019 ж
Бекітемін «Таукент гүлдері» бөбекжай -балабақшасыМКҚК-ның меңгерушісі:
Жамиева.Қ.Н
.2019 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген