Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2020
751
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

14 сабақ

Мектеп: №78 мектеп-гимназия

Мерзімі: 10.12.19

Сабақтың тақырыбы: МЕНІҢ ҰЖЫМЫМ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, әдептілік, батылдық

Мұғалім: Бейсембай Ж.Е

Сынып: 4 «Г» Оқушылар саны: 12


Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Менің ұжымым тақырыбын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың әдептілік туралы түсініктерін кеңейту;

Дымытушылық: Оқушылардың адалдық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, әдептілікке, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер, бейнебаян плакат, т.б

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды топқа бөлу. Әр оқушы өзінің есімі жазылған қағазды алып, сол бойынша белгіленген орынға отырады.

Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Сапарғали Бекалиннің «Қорқақ» мәтінің сұрақтар қою арқылы сұрау.

  • Офицер неліктен ашуланды?

  • Барлық бала неліктен жазаланды?

  • Шоқан қандай батылдық жасады?

  • Өз кінәңді басқаларға арту дұрыс па? Неліктен?

  • Қандай адам достарын ұятқа қалдырмайды деп ойлайсыңдар?

  • Өзіңді достарыңның ортасында қалай ұстайсың?

5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап.

3. Дәйексөз.

«Татулық - табылмас бақыт»

Нақыл сөз

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіндер?

(Ұл балаларға 2 рет, қыз балаларға 2 рет, бакрлығы 2 рет айтып, дәптерге жаздырту)



4. Әңгімелеу

«Бірлік» тақырыбында бейнебаян көру және әңгімелеу.

  • Бұл бейнебаянда қандай іс-әрекеттер көрдіңіздер?

  • Дұрыс әрекет құндылығын қай жерден байқай аламыз?

  • Бірлік не үшін керек?

  • «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген мақалды қалай түсінесіздер?

  • Сіздердің сыныптарыңызда осындай бірлік бар ма? Қай кезде ұйымшылдықтарыңызды көрсетесіздер?

Қорытынды: Ұжыммен бірге болу – бақыт. Адам ұжымда өзін еркін сезінеді, өзін қолдайтын, сенім білдіретін, жігерлендіретін адамдардың бар екенін түсінеді. Ұжыммен бірлесіп іс-әрекет жасау, өзара түсіністік таныту, бір-біріңді сыйлай білу маңызды.


5. Шығармашылық жұмыс

І топ

«Бірлік» тобы

Мырзабай Жұмаевтың « Ұжым деген не?» мәтінің сахналап көрсету.

ІІ топ

«Әдеп» тобы

Ұжымдағы әдептілік ережесін құрастыру.(оқушыларға қосымша ретінде суреттер, нақыл сөздер колдануға болады

4-тапсырма: Ақ қағазға алақаныңның суретін сал. Оған парталасыңның бойындағы бес жақсы қасиетті жаз. Ал парталасың сенің бойыңдағы бес жақсы қасиетті жазады. Сыныптағы барлық бала осы тапсырманы орындасын. Содан соң барлық балалардың жазғандарын жинап, ондағы ең көп аталған қасиеттерді іріктеп алыңдар. Осылайша сынып оқушыларына тән жақсы қасиеттерді білетін боласыңдар.




6. Топпен өлең айту.

«Достарым»
Сөзі: М. Асандікі
Әні: Е. Жақыпхановтікі

Балалықтаң бүлдіршін жыр жазайықшы,
Анамызға шат күлкі тыңдатайықшы.
Күй ойнасын кеудеде көктемдей сезім,
Қол ұстасып кел достар сырласайықшы.
Қайырмасы:
Достарым, достарым,
Әсем әнге бастадым.
Көңіл қарлығаштарым,
Достарым менің.
Арманым арманым,
Әсем жырды арнадым.
Жарқын жүзді жандарым,
Менің достарым.

Армандарға достарым шығайық бірге,

Азаматқа ел қорғау ылайық біл де.

Кең жазира мекенге еркелейікші,

Көк шалғынға аунап терейік гүлдер.

Қайырмасы:

Тамылжыған ғажайып гүлдері балдай,

Балалықтың қызықты күндері қандай?

Болашақтың дәурені қолын бұлғайды,

Шақырады көктем гүлдерін арнай.

Қайырмасы:



7. Үй тапсырмасы.

6-тапсырма (62бет)

Өздерің ұжым болып тындыратын істердің жоспарын құрып жазыңдар.

Кері байланыс



8. Соңғы тыныштық сәті.

Балалар денелерінізді түзу ұстап, бастарынызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңыздар. Өзіңіздің бойынызға жақсылық, адалдық, татулық, кішіпейілділік, батылдық қасиеттерін сіңіріп алыңыз. Бүгін сіздер өте көп жақсы істер жасадыңыздар, ойларыңызды жеткізе білдіңіздер, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сіздерге рахмет айтамын!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!