Сабақтың
тақырыбы:
воскография техникасы .
Мақсаты:
бейнелеу
өнеріндегі графика техникаларының бірі
воскография әдіс-тәсілдерін үйрену.
Міндеті:
-
оқушыларды жұмыстың негізгі әдістері
мен орындалу еркімен таныстыру;
- эстетикалық
талғамы мен көркемдік елестетудің
дамуына көмектесу;
- жұмыстарды орындауда жинақтылық
пен ұқыптылық;
Сабаққа
қажетті материалдар:
А
3 көлемді қағаз, қылқаламдар, акварель,
гуашь бояулары, су құятын ыдыс, жай
қарындаш, өшіргіш, тіс тазалағын
немесе
үшкір зат, майшам (парафин), сабын,
қолсүрткіш.
Сабақтың
жоспары:
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
2.
Оқу материалын түсіндіру.
а)
мақсаттары мен міндеттері.
ә)
кіріспе әңгіме.
б)
сарамандық жұмыс.
3.
Сергіту сәті
4.
Сабақтың қорытындысын жасау.
Жаңа
сабақ
Бейнелеу
өнерінің неше түрі білесіңдер? Дұрыс.
Бес,
олар - живопись, графика, мүсін, сәулет
өнері және қол өнері. Міне, осы бейнелеу
өнерінің түрлерінің бірі графика
техникасына тоқталып өтейік. Графика
дегеніміз не? Графика деген сөз гректің
«grapho» - «жазамын», «сурет саламын» деген
сөзінен шыққан. Ол сурет салу өнері.
Графика қарындашпен, тушьпен ақ қағаз
немесе картон бетіне салынатын сурет.
Графика өнері туындаларын тек көрмелерде
ғана емес, күнделікті тұрмыстада жие
кездестіреміз.
Бала
кезімізден кітапқа, оның ішіне,
мұқабасына салынған суреттерді көп
көретінбіз. Міне, осылардың бәрі кітап
графикасы деп аталады.
Гратография
( граттаж) - француз сөзінен аударғанда
«сызбалау», «тырмалау» деген мағынаны
білдіреді. Бұл әдісте қара тушьпен
жабылған қағаз немесе картон бетін ұшты
затпен сызбалау, тырмалау арқылы сурет
салынады.
Граттаж техникасының тағы бір атауы
бар, ол воскография. Яғни, воск немесе
парафинмен жұмыс. Воскография техникасының
айырмашылығы қара қағаз бетіне түсетін
ақ сызықтар.
Қазір
міне воскография техникасымен салынған
суреттерді тамашалайық.
Воскография
техникасында жұмыс жасау өте оңай және
қызықты. Алдымен қағаз бетіне қажет
сурет салып алып, акварель бояуымен
бояп, кептіріп аламыз. Дайын суреттін
бетін парафинмен тегіс жағып қоямыз.
Парафин лезде кебеді. Содан соң бетіне
сабын араластыра отырып, қара түсті
гуашь бояуын жағып, кептіреміз. Кептіру
үшін уақыт қажет. Міне, енді негізгі
жұмысқа кірісуге болады. Қағазға салынған
сурет ізімен
бетін
ұшты затпен сызбалау, тырмалау арқылы
сурет саламыз.
Сарамандық
жұмыс: оқушылар
воскографина техникасымен жұмыс жасайды
Сергіту
сәті:
физкультминутка
Сабақтың
қорытындысын жасау: оқушылар
арасында шағын көрме ұйымдастыру,
бағалау.
Назарларыңызға
рахмет!
Қ.Медетов
атындағы балалар өнер мектебі
Ашық
сабақ
Дайындаған:
бейнелеу өнері класы мұғалімі
А.А.Сатыбалдина
2018-2019
оқу жылы