жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ
"Астана-Отанымның жүрегі"
Музыка залы әсем безендірілген, экранда Астана туралы видеоролик жүріп тұрады.
Мақсаты: Балаларға Астана қаласы туралы түсінік беру. Балалардың елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Астананы қаласын мақтан етуге үйрету.
Дамытушылығы: Астана қаласы туралы түсінік алу.Әдемі ғимараттарын мақтан ету. Рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздың астанасы Астана қаласына деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, слайд,музыкалық диск, Астана қаласының фото суреті.
Киіпкерлер: Дымбілмес , Жүргізуші, Алтын адам
Сабақтың түрі: музыкалық композициялық ашық сабақ
Сабақтың әдіс-тәслі: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Музыка жетекшісі: Қайырлы күн, құрметті балалар, қоңақтар, әріптестер. Астананың құрылғанына 20 жыл болды. Сендер осы тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бүлдіршіндерсіндер. Ал бүгін біз Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы туралы толық түсінік алып, оқып үйренеміз.Балалар бүгінгі сабағымызды Қазақстан Республикасының әнұранымен ашайық.
ҚР әнұраны орындалады.
Балалар есікті қағып бізге сабақ өтуімізге кедергі келтіріп тұрған кім екен қарайықшы!
Музыка жетекшісі: Бұл кім екен?
Дымбілмес: Мен Дымбілмеспін бүгін "Айналайын" бөбекжайында музыкалық композициялық ашық сабақ бар дегенді есітіп қатысуға бел байладым. Рұқсат бересіздер ме кіруге?
Музыка жетекшісі: рұқсат береміз бе балалар ?
Балалар , қонақтар кіргіземіз бе сабағымызға Дымбілместі ? Рұқсат, Дымбілмес кіре ғой ! Дымбілмес кел қадірлі қонағымыз болып біздің "Астана -Отанымның жүрегі" атты ашық сабағымызға қатыс. Сен өзі Астана қаласын білесің бе?
Дымбілмес: жоқ мен Астананы көрген емеспін сендермен оқып үйренсем болады ма?
Музыка жетекшісі: әрине кел отыра ғой.
Астана қаласы бұрын Ақмола деп аталған, оның туған жылы 1830 жыл. Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елордасы атауы Астана болып өзгертілді.Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километрді алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО -ның шешімі бойынша Астана қаласы «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Астана қаласы шапшаң қарқымен дамып келеді және де келешегі өте зор. Астана қаласында зәулем ғимараттар тұрғызылған бізің мақтанышты қаламызға айналған. 6 шілде Астана күні болып белгіленді.
Қала барма дүниеде Астанадай аңсаған. Мақтанышпен айтады бас қаланы қанша адам. Барлық ұлттың бірлігі бейбітшілік қаласы. Астанамен құлпырған Сарыарқаның даласы.
Музыка жетекшісі: Есікті тағы бір кісі ұрып тұр, бұл кім болды екен ?
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар балалар мен Алтын адаммын мен сендерді Астана қаласын қыдыртып таныстыру үшін автобуспен келдім .
Музыка жетекшісі:Балалар сендер Алтын адамды танисындар ма .Ал балалар сендермен бірге Астана қаласына саяхат жасайық .Мен сендерге Астананы аралатып таныстырайын . Олай болса Автобусқа мінеміз балалар.Астана қаласын аралап қыдырып қайтайық.
(Машинаның дыбысы естіледі.)
(Слаид арқылы Астана қаласының суреттерін ашып үлкен ғимараттармен таныстырамыз)
Балалар Астана қаласында ең бірінші бізге не көрінеді қандай ғимарат?
Бәйтерек – Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған , салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген . «Бәйтеректің» биіктігі 97 м ,диаметрі 27 м; Әлемде бірінші рет салмағы 300 тоннадан тұратын шарды биікке көтері.
Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.
Бейбітшілік
пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс
кешені, сәулет өнерінің
бірегей туындысы. Ол Астанақаласының
қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.
Пирамида іспетті
етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте
салтанатты түрде ашылды
Нұр
Астана мешіті
- Бүгінде әлем жұртшылығын өзінің әсем
сәулетімен тамсандырған «Нұр Астана»
орталық мешітінің құрылысы 2002 жылы
басталып, 2005 жылы пайдалануға берілді.
Ол заманауи бейнеде салынған үйлердің
арасынан өзгеше көрінгенмен, үйлесімі
де жоқ емес.
"Думан"
ойын-сауық
орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш
дүниеге келген бірден-бір нысан.
Мұхитаралдың су қоры - 3 миллион литрді
құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз
тұзы қажет болды.
Назарбаев
Университетi
— қазақстан Республикасы Президентінің
бастамасымен ашылған Астанадағы жоғары
оқу орны. Н. А. Назарбаев университетті
өзінің атымен атауға рұқсат берді.
Университеттің идеясы – бұрын «Болашақ»
бағдарламасы бойынша шетелге барып
оқыған студенттерге енді Қазақстанда
сол сапа мен деңгейдегі білім алуға
мүмкіндік беру.
Бүгін
сіздермен Еуразияның жүрегінен орын
тепкен елордамыз Астана қаласының сол
жағалауында орналасқан әлемдік сәулет
өнерінің кестесінен орын алып үлгерген
тамаша өнер туындысы - "Хан
шатыр"
ойын-сауық орталығы туралы әңгімелейтін
боламыз.Оның биіктігі 150 метрді құрайды.
Хазрет
Сұлтан мешіті — Астана қаласындағы
орналасқан мешіт. Дәстүрлі ислам стилінде
салынған ғибадат үйі ,Хазрет Сұлтан
мешітінің құрылысы 2009 маусым айында
басталған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев
Астана қаласын дамытуға арналған
жиналыста Хазрет Сұлтан мешітінің салып
жатқан құрылыс компаниясына құрылысты
6 шілде күні аяқтауды бұйырды. 2012 жылдың
6 шілде күні Хазрет Сұлтан мешітің
салтанатты түрде ашылуы өтті. Ашылу
салтанатына ҚР-дың президенті Нұрсұлтан
Назарбаев қатысты.
Музыка жетекшісі :Балалар Астана туралы тақпақтар білесіңдер ме? Мен Астана қаласына 10 жылдық мерей тойына арнап жазған өлең шумақтарым бар еді сендерге оқып берейін.
Астананы тұрғызған елбасым бар айбатты. Біздің елдің ұрпағы бірлігімен қайратты. Өркендей бер Астанам ұзақ болсын ғұмырың. Мәңгі болсын қазағым бейбіт сенің өмірің.
Жетекшісі: Бәрекелде балалар енді автобусқа мініп "Айналайын" бөбекжайына барып осы қала туралы ән айтайық ойын ойнайық.Балалар Астана көп ұлтты қала енді сөздікке қарайық осы сөздерді менімен бірге айтып қайталайық.
ғимарат- здание аялдама-остановка көрікті-красивый жаға-берег орталық-центр ойын-сауық орталығы-развлекательный центр
Ал балалар міне астана қаласын көрдіңдер ,менде астанаға келгенде "Астана "әнінің сөзін жазып, әнін шығарып едім ,сол әнді қазір сендермен бірге орындағым келіп тұр. Бірге жаттап аламызба балалар?
Ән айту:«Астана вальсі».
Астана вальсі Сөзі мен әні : Сулейменов М.А
Сарыарқаның даласы. Құлпырып тұр қарашы. Астанамыз төрінде . Есілдің ол жағасы.
Қайырмасы:
Астана,Астана,Астана. Мақтанышы елімнің. Астана ,Астана,Астана. Мақтанышы жерімнің.
Бәйтерегі төрінде. Қазақтың бұл жерінде. Нұр-Астана аталған. Берекелі елінде.
Музыка жетекшісі: Сендерге ұнадыма Астана қаласы ?
Алтын адам: Дымбілмес сен астананы көріп балалармен қаланы тамашаладың ,енді сен менімен жүр біз екеуміз Елбасының халыққа жолдауын көріп тыңдайық!
Дымбілмес: әрине менің көзім ашылды балалардан көп нәрсе үйрендім .Алтын адам мен енде сенімен бірге Елбасымыздың халыққа жолдауын тыңдайын.
Сабақты қортындылау: «Сиқырлы сандық»
Берілген сандарды таңдап,жасырынған сұрақтарға жауап бер.
1.Есіл өзенінің жағасында орналасқан қала? 2.Астанаға неше жыл? 3.Бәйтеректің ұзындығы қанша? 4.Қ.Р.тұңғыш президенті кім? 5.Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне неше жыл? 6.Бір сөзбен ата (Әнұран,елтаңба,ту) 7.Әнұранды жатқа білесің бе? 8 .Астана қаласы ұнады ма?
Музыка жетекшісі: балалар міне Астана қаласы туралы көп мәлімет алдыңдар .
Астана қаласы ұнады ма сендерге? (Ия) Алтын адам немен келді? (Автобуспен) Біздің елбасымыз кім? (Назарбаев Н.Ә.) Дымбілмес не көрді? (Астананы)
"Астана –Отанымның жүрегі" атты музыкалық композициялық ашық сабақ "Қара жорға" биімен аяқталады. Балалар осымен Астана қаласына арналған ашық сабағымыз аяқталды .
Назарларыңызға рахмет!
Бекітемін
«Айналайын» бөбекжайы
директоры
_______А.Кульмағанбетова
« » ______ 2018ж
«Жас өнерпаз» зертханасы
Тақырыбы: «Астана-Отанымның жүрегі»
Жетекшісі: Нұршаева П.М.
Мүшесі: Сулейменов М.А.
Приозерск -2018

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген