жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Музыка
Музыка жетекшісі: Сулейменов Марс Абуович
Тақырыбы: «Туған өлкем»
Мақсаты: Болашақ ұрпақты Отан сүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін танып оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Білімділік: Отан, туған өлкесі туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөз қорын, ақыл-ойын молайту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: мақал-мәтелдер,
слайд, шарлар, жалау, әнұран музыкасы,
суреттер.
Музыка
жетекшісі:
Армысыздар, құрметті апайлар, балалар
және қадірменді қонақтар! Бүгінгі
Тәуелсіздік күніне арналған «Туған
өлкем»
атты АҰОҚ
қош келдіңіздер! .
Тәуелсіздік
күні еліміздің барлық азаматтары үшін
орны ерекше мереке деп білеміз, себебі,
осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді
ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап,
күтумен өтті.
Музыка
жетекшісі:
Бүгінгі
өтетін ашық сабағымыздың тақырыбы:
16-желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік
күніне арналған «Мәңгілік ел». Сондықтан
тәуелсіздігімізге арналған ашық
сабағымызды еліміздің мемлекеттік
әнұранымен бастайық.
ҚР. Әнұраны орындалады
Музыка жетекшісі:
Балалар біздің ата-бабамыздың басынан не күндер өтпеді ,осы тәуелсіздікті аңсаған бабаларымыз өз алдына ел болу үшін күресті. ХV ғасырдың ортасында көшпелі Өзбек мемлекетінің құрамынан, яғни Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан қазақ тайпалары Керей мен Жәнібек сұлтандардың басқаруымен дербес қазақ хандығын құрды
ХVI-XVIII ғасырлардағы жоңғарлардың шапқыншылығы болды. Халмақ пен жоңғарды білектің күшімен найзаның ұшымен ел қорғаған бабаларымыз бірліктің арқасында Абылайханның ақ туының астына жиылып жеңіске жетті.
1986 жылы қазақ жастарының көтерілуімен қанды қырғынмен осы тәуелсізідікке жетті.Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі. Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар ұмытылмас аға-апаларымыз – Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.
Қазақ деген затым бар. Қайрат деген атым бар. Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар деген Қайрат ағаларың ақтық сөзін айтып кеткен.
Міне балалар осындай қанды қарғынмен келген тәуелсіздігімізді әр жылы бүкіл қазақ елі болып тойлаймыз.Сендердің болашақтарыңның жарқын болуын тілейміз.
Ән тыңдау: «Желтоқсанның ызғары»
Музыка жетекшісі:
1990 жыл 24 сәуір күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды
Міне балалар тәуелсіз еліміздің рәміздері Ту Елтаңбасы Әнұраны бар
Балалар тәуелсіздік күніне тақпақтар білесіңдер ма? Онда сабағымызды сендердің тақпақтарыңмен жалғастырайық.
Тақпақтар:
Он алтыншы желтоқсан Елдің ұлы мейрамы. Жаңа шыққан көктемдей. Жаз күніндей жайдары.
Арымыздай тап-таза . Жанымыздай шуақты. Көтерілді биікке. Қазақстан байрағы.
Сергіту сәті.
Бір екі үш. Бойға жинап күш. Ағалардай Отанға. Сарбаз болам мен ертең.
Музыка жетекшісі: Біздің «Айгөлек»тобының Тәуелсіздік күніне арнаған мерекелік әнін қабыл алыңыздар
Ән айту. «Тәуелсіз елдің ұраны»
Музыка жетекшісі:
Тәуелісіз елімізбен бірге Сарыарқаның төрінен Астанамыз бой көтерді. Елбасымыз Н:Ә.Назарбаевтың құрметіне Астана қаласын , Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаланың атын Нұр-Сұлтан деп өзгертті.
Музыка жетекшісі: балалар бүгін біз еліміздің тәуелсіздігі жайлы сөз қозғадық ән айттық ,тақпақтар айыттық ,Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.
Қазіргі біздің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жыл 9 қазан айында сайланды.
Әр адамның туған жері өлкесі өзіне ыстық болады міне сендер осы Приозерск қаласында өмірге келдіңдер .Бұл өлке жанға жайлы Балхаш көлінің жағасында Орталық Қазақстанда орналасқан. Бұл қала әскери қала Кеңес өкіметі кезінде генерал Дорохов 1956 жылы салдырған екен.Негізі қазақтың қас батыры Ағыбайдың жайлауы болған қазақша аты Қоржынтүбек Бұл қалада қазір бірнеше ұлт өкілдері жасайды бәрі тату-тәтті 13 мың халқы бар.Ресей және Қазахстан әскери орналасқан .Бірнеше мектеп балабақшалар бар онда әр ұлттың балдары оқып тәрбиеленіп жатыр.Көлдің жағасында «Балхаш» демалыс санаториясы орналасқан бұл жерге әр жерлерден келіп дем алады.Қасымызда Сарышаған кенті орналасқан тұрақты қазақ халқы жасайды. Қаламыз күннен күнге көркейіп өсіп келеді.Мен осы қаламызға арнап өлең жаздым.
Қоржынтүбек
Саыарқаның даласы. Құлпырып тұр қарашы. Мені өзіне тартады. Ару Балхаш жағасы..
Қайырмасы:
Қоржынтүбек Сарышаған. Егіз қалам аңсаған. Алыс кетсем сағынып. Өзіңе арнап ән салам.
Қортынды:
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған «Туған өлкем» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне де келіп жетті.
-Балалар біз тәуелсіздік мерекесін қай айда тойлаймыз? -16 желтоқсанда -Астана қаласы кімнің құрметіне өзгертіліп қойылды? -Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне өзгертілді -Қандай ән орындадық? -Тәуеліз елдің ұраны әні -Біздің Президентіміз кім? -Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар сендер қай қалада тұрасындар? Приозерск (Қоржынтүбек)
Балалар бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдарыңа үлкен алғыс айтамын!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Тұрған өлкеміз өркендей берсін! Сабағымызды «Қара жорға» биімен аяқтаймыз .
Қарағанды облысы Приозерск қаласы «Балбөбек» бөбекжайы музыка жетекшісі Сулейменов Марс Абуови

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген