400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың таным көкжейегін кеңітіп, білім-ғылымға деген құштарлығын оятады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: №19 ЖОББМ

Мерзiм: №21 сабақ 12.02.2020ж

Тақырып: «Адами қарым – қатынастар әлемі»

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: Сыпайылық,сыйластық,әдептілік

Мұғалiм: Жумабаева Эльвира Сансызбайқызы

Сынып: 5 ә


Сабақ мақсаты: Оқушылардың айнала қоршаған ортамен ізгі қарым қатынас жасау туралы түсініктерін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

*Ізгі қарым қатынастың маңызын аша отырып,сыпайылық қасиетін ұғындыру.

*Айнала қоршаған ортамен ізгі қарым қатынас жасауға үйрете отырып,сыйластық қасиетіне дағдыландыру.

*Үйлесімді өмір сүруге,әдептілікке тәрбиелеу.



Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Көңіл күйлеріңіз қалай оқушылар? Олай болса әдеттегідей

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп

2. Талап.

3. Тыныштық.

4.Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

  1. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

  2. Үй тапсырмасын тексеру

№21сабақ 89 бет «Сәлем» мәтінін оқып келу.

Жақсы дайынсыздар ма

Сұрақтар:

1. Әкесінің баласына ескерту жасауының себебі неде?

2. Сәлемдесу кезінде адамның бойында қандай қасиеттер көрініс береді?

3. «Сәлем - сөздің анасы» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Өзің адамдармен қалай сәлемдесіп жүрсің?

Бүгінгі жаңа тақырып Адами қарым қатынас әлемі

Дәптерлерімізді ашып, жазамыз дәйексөзді жазамыз

.



  1. Дәйексөз.


Кішіпейілділік – кісінің көркі


Халық нақылы

Сұрақтар:


  1. Кішіпейілділік дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Өздеріңіздің кішіпейілділік танытқан кездеріңіз болды ма?




  1. Оқиғаларды әңгiмелеу.

Сабыр суы \аңыз әңгіме\

Бір адамның басынан мынадай оқиға өтіпті.Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп, шағым айтады:

-Маған әрдайым көршілерім тиіседі,біздер ұрысып қала береміз. Көршілермен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл кеңес,көмек сұрап келіп отырмын. Не амал етсем екен?

Ақсақал ойланып отырып,келген адамға бірнеше сұрақ қояды. Содан соң бір құты су береді де: осы су саған көмектесу тиіс. Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде осы суды ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей,аузыңда біраз уақыт ұстауың керек, дейді. Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді. Сірә, суға бірдеңе қосып берген болсаңыз керек. Сіз берген судың көмегі тиген еді. Мен көршілеріммен жақсы қарым - қатынас орнатып қалған едім. Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім көтеріліп,тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Көршілерім баяғы жырын қайта бастады. Менің ішкі тыныштығымды бұзды. Сіздің көмегіңсіз болмайтын болды, деп тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал күліп: ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген кәдімгі су. Оның саған көмегі көршілерің жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны,үндемей қарсы алуға мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді - өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді өзің тізгендей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың дейді.


Сұрақтары:

1.Судан қандай қасиеттер алуға болады?

2.Ішкі тыныштыққа нелерді жатқызар едіңдер?

( Адам жанының тыныштығы ,берекесі)

3.Сыпайылық, сыйластық қасиеттері адам бойында

ұяласа, онда жүрегімізде не орнайды?

( Ішкі тыныштық орнайды )



Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.


1-топ. «Әдепті адам қандай болуы тиіс?» тақырыбында ереже құрастырыңдар.


2-топ.«Сендердің көзқарастарың бойынша адами қарым-қатынас деген не?» постер құру.


3-топ.

4-топ.




  1. Топпен ән айту Мейірім

Әні: М.Жәутіков

Сөзі: Я.Заханқызы

  1. Мейірбан ақ жүректен,

Арайлап таң күледі.

Жақсының шарапаты,

Жазира жан жүрегі.

Баланың пейіліндей,

Ананың мейіріндей.

Ықылас, тілек, ата-ана сеніміндей.

Қ-сы: Мейірім кәусар бұлақ,

Мейірім шамнан шырақ.

Мейірім күндей ыстық,

Мейірім- мейірім, тату достық!

  1. Көңілі ашық аспан,

Мейірі шуақ шашкаң.

Жандардың махаббаты

Сарқылмас бұлақ, дастан.

Іздері жүріп өткен,

Сәулелі нұрын төккен.

Мейірбан адамдардың,

Қашанда жаны көктем!



  1. Үй тапсырмасы.

№22сабақ 93 бет

« Алмаш » мәтінін оқып келу.



  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

- Көзімізді жұмып, өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды айналамыздағы адамдарға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Айналамызға шексіз сүйіспеншілік сыйлайық!

- Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет, сау болыңыздар!!

Жайлап көздеріңізді ашуға болады.































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі