жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ
«Тексерілді»
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
«Теңге бөбекжай – бақшасы»
жедел басқару құқығындағы
мемлекеттік комуналдық
кәсіпорынның басшы орынбасары
____________ Э.С.Бопылова
№12 «Гүлдер» МАД топ
Тәрбиешісі: Ногайбаева.А.Д
Мақсаты:Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау:шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірігеніне Аяз атаның,ақша қардың.Қоянның киімдеріне назар аударту,көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар:Аяз ата, ақша қар,қоян,түлкі, аю, балалар ата – аналар......
Музыка ойнап тұрады:Зал іші мереке сай безендірілген,
Айдар: Қандай әдемі шырша,үйдегі шыршаданда әдемі.Қандай биік екен.Мына әсем ойыншықтарды іліп әндетейін.Менің достарым қайда екен?
Жүргізуші: Айдар ,мұнда не істеп жүрсің?
Айдар:Мен шыршаны безендіріп жатырмын.Қараңызшы қандай әдемі шырша?!
Жүргізуші:Ия ,әдемілігіне көз тоймайды.Айдар басқа балалар қайда? Қарашы бізге көптеген қонақтар келіп қалыпты.Қане ертеңгілігімізді бастайық.
Айдар: Жарайды.
Жүргізуші: Жүзімізде қуаныш,
Әр көңілде жақсы үміт.
Келе жатқан жаңа – жыл,
Әкелсін көп жақсылық.
Хош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа – жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәріңізге .
Айдар: Жаңа жылдан «Гүлдер» тобы қалмапты,
Жаңа үмітпен алға қарай самғапта.
Бойындағы бар өнерін білемін,
Бүлдіршіндер өздеріңе арнапты – деп №12 «Гүлдер» тобының
бүлдіршіндерін қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар,қонақтар балабақша ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз. Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр жаңа шуақ,табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.
Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі безендірілген бізге көптеген қонақтар келген екен, Балалар біз қандай мерекені тойлағалы жатырмыз.
Балалар: Жаңа жыл мерекесін.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар, Балалар бізге бір қонақ келген сияқты қарайықшы.
Ескі жыл: Кіріп келеді.
Ескі жылың есіркеп,
Жаңа жылың жарылқап.
Еліңде болсын тыныштық,
Бейбіт күнің жарқырап.
Қоштасамын бүгін мен,
Сіздерді қимас қөңілмен.
Келер тышқан жылында,
Жақсылығымыз көп болсын.
Ашық болсын аспаның,
Аман болсын жас кәрің.
Жүргізуші: Аяулы да құрметті 2019 жыл! Сіз бізге құтты жыл болдыңыз.Біз сізге ризамыз ескі жыл.Сіз бізбен қуанышыңыз бен қызығыңызды аяған жоқсыз, сізге көп – көп рахмет.Бүгін біз сізбен қоштасқалы тұрмыз, қошсауболыңыз ескі жыл.
Ескі жыл: Мен сендерге сенемін балалар,қош сауболыңыздар.
Хормен: Қош сауболыңыз 2019 жыл!
Жүргізуші:Балалар міне бүгін көптен күткен жаңа-жыл мерекесіде келіп жетті.Қараңдаршы балалар, залымыз әдемі ойыншықтармен безендірілген,жасыл шырша тұр. Енді балалар келген қонақтарға шыршамызға арналған тақпақтарымызды айтып берейік.
Мыңжас,Адай. Айдар,Асемай. Сымбат,Асхат. Еркебұлан,Әнес.
Мыңжас:Атамызбен бірге ойнап, Адай:Шырша жаны көңілді,
Жаңа жылды бірге тойлап. Билеп барлық бала жүр.
Би биледік ән салдық, Дала нұр,қала нұр,
Жаңа жылда қарсы алдық. Құтты болсын жаңа жыл.
Өлеңде әзір биде әзір, Тамаша тамаша
Ойында әзір ән де әзір. Шыршамыз тұр жараса
Кел жаңажыл біздерге, Басында әсем жұлдызы
Кел жаңа жыл,жаңа жыл. Көз тоймайды қараса.
Айдар: Міне тағы бір жылды да өткердік, Асемай: Жаңа жыл тойында,
Өткен жылдың жақсылығын көп көрдік. Құттықтаймыз бәрінде.
Әр бір жылды жақсылыққа баладық, Әкемізді анамызды,
Қай бір жылды ұнатпадық жек көрдік. Қонақтардың бәрінде.
Жаңа жылға жаңа қадам басайық, Өлеңде әзір биде әзір,
Армандаған белестерден асайық. Ойында әзір, бәрі әзір.
Күлім деумен көк аспанның көгінде, Кел жаңа жыл біздерге,
Күндей болып жылы шуақ шашайық. Кел жаңа жыл жаңа жыл.
Сымбат: Борандатып Арқаланып, Асхат: Шырша диміз ёлканы,
Аяз ата келеді. Балалар билеп қоршады.
Ақ көңілмен пәк көңілмен, Түрлі түсті ойыншықтар,
Бізге сәлем береді. Шыршада көз тартады.
Бар баланың қонағы, Жаңа жылда келді,
Төрлет ата жоғары. Бізге қарай жылыстап.
Енді дала алақай, Өлеңде әзір биде әзір,
Ай күміске толады. Ойында әзір биде әзір.
Жұрттың бәрі атадай, Кел жаңа жыл біздерге,
Қашан жұмарт болады. Кел жаңа жыл жаңа жыл.
Еркебұлан:Аппақ тонға оранып Әнес: Далада қар борайды
Базарлықты мол алып Ақ мамыққа орайды.
Келді алыс сапардан Мұз болып қатады
Аяз ата оралып Жып жылтыр боп жатады
Қалып едік сағынып Ақ қырауға малынған
Күтіп алдық жабылып Сақалыда мүртыда
Жолын қойдық жарық қып Көптен күтіп сағынған
Шыршаларға шам іліп. Сәлем берді жұртына.
Жүргізуші:Жарайсындар балалар,сендер шыршаға арнап өте жақсы тақпақтар айтындар.Балалар айтындаршы,жалда жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
Балалар:Аяз ата мен Ақшақар!
Жүргізуші: Дұрыс айтасындар,олай болса қане барлығымыз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз ата,Аяз ата,Аяз ата!
(Сол кезде аю кіреді)
Аю: Мен қысқы ұйқыда болатынмын,қатты айқай – шу,тарс – тұрырстан шошып ояндым, «Не болып қалды?»-деп сұрап едім,бәрінің айтатыны бір сөз «Жаңа – жыл келіп қалды,жаңа – жыл!»-дейді.
Жүргізуші:Мәссаған балалар,аю жаңа – жыл дегенді білмейді екнғой!
Олай болса бәріміз ән айтып аюға жаңа – жылдың не екенін түсіндірейік.
Ән: « Жаңа жыл!»
Жүргізуші:Аю міне жаңа жыл деп осыны айтады.Балалар жаңа жылда қөңіл көтереді,ән айтады,би – билейді,жылда осылай ескі жылды шығарып салып,жаңа жылды қарсы аламыз. Жаңа жылымызға Аяз ата келеді,біздің балаларымызға көп сыйлықтар алып келеді,өнер көрсеткен балаға сыйлық береді.
Аю: Мен ұйқыда жатқанда сендер осындай қызықты қызықтайды екенсіңдерғой.
Жүргізуші:Аю сен көп ұйқыны қой да,біздің мерекеге жыл сайын келіп,бізбен бірге жаңа жылды қарсы ал.
Аю:Жарайды балалар сендерге рахмет,мен барып барлық аңдарға жаңа жыл мерекесі болып жатқанын хабарлайын.(аю шығып кетеді)
Мыстан кемпір: Міне менде келіп қалдым.
Жүргізуші: Кімсің сен?
Мыстан кемпір: Қалай кім? Мен Ақшақармын.
Жүргізуші: А-Аяз атаның немересі боласың ба?
Мыстан кемпір:Әріне мен,мені қарсы алмайсындар ма?
Жүргізуші:Сен Ақшақар болсаң,Аяз ата қайда?
Мыстан кемпір:Аяз ата сендерге асығып келе жатып,ағашқа қоржынын іліп,жыртып алды.Сосын сыйлықтарын шашып алды.Сендер күтіп қалады деп,мені сендерге жіберді.
Жүргізуші:Сен ешқандайда Ақшақар емессің, қане кет бұл жерден!
Мыстан кемпір:Меннен Аяз аталарың сәлемдеме айтып жіберді,мені қорғасын деді.
Жүргізуші: Балалар мүмкін ол шынымен Ақшақар шығар.
Балалар: Жоқ
Жүргізуші: Сонда кім болған.
Балалар: Мыстан кемпір.
Мыстан кемпір: А – менің кім екенімді таптыңдарма,менің мерекеге қатысқым келеді.Мені шыршаға қатыстырмасаңдар,мен Ақшақарды жібермеймін,пештегі отыма жақтырамын.
Жүргізуші:Енді не істейміз?Ол еріп кетеді ғой.Саған өзі не керек,айтшы?! Ақшақарды жібер.
Мыстан кемпір: Мен мерекегі қатысқым келеді,мына кішкентай, әдемі бүлдіршіндердің өнерін көргім келеді. Егер бұлардың өнері ұнаса, Ақшақарды жіберемін.
Жүргізуші: Жоқ мыстан әже, сіз олай демеңіз біздің балалар сізге жаңа жылдық тақпақтарын айтып береді.
Темірлан, Жансерік.
Темірлан: Жаңа жыл аяз атаны Жансерік: Аспан жерге төгілді
Бақшаға әкеп кіргізді Ақ күмісін уыстап
Қоржын толы сыйлығымен Жаңа жылда келді
Қуантады біздерді Бізге қарай жылыстап
Жаңа жыл келіп шыршаны Өлеңде әзір ән де әзір
Ойыншықтармен безеді Ойында әзір бәрі әзір
Аяз,ата ақшақар Кел жаңа жыл біздерге
Бар әлемді кезеді. Кел жаңа жыл жаңа жыл
Мыстан кемпір: Тек осы ғана ма балалардың өнерлері?
Жүргізуші: Жоқ мыстан әже,сіз асықпаңыз, біздің балалар биде билей алады.
Би: «Аяз ата»
Темірлан,Ахат,Әнес,Мағзум,Жансерік,Еркебұлан,Нұрислам,Адай.
Жүргізуші: Жарайсындар балалар, мыстан әже, біздің балаларымыз сіз туралы да тақпақ айта алады.
Мағзум: Қандай әже көріктісіз,
Ақшақар деп қалдіқ сізді.
Бізбен бірге көңіл көтер,
Қарсы алайық жаңа жылды.
Мыстан кемпір: Жарайсындар томпиған бүлдіршіндерім.Шынында да мына жер Аяз атасыз көңілсіз екен. Сендердің өнерлерің маған ұнады, мен барып сендерге Аяз ата мен Ақшақарды жіберейін.
Жүргізуші: Балалар, Мыстан кемпір бізді алдап кеткен жоқпа екен?
Қане енді, қарап тұрмайық
Бәріміз, бірге, дауыстап
Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.
(Осы кезде Аяз ата Ақшақар, аңдармен бірге кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Аяз ата: Сәлеметсіз бе, балалар!
Жаңа жыл: Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Жаңа жылда жұп жазбай,
Келіңіз қарсы алайық!
Жақсылыққа бағытталған,
Тышқанмын менжаңа жыл!
Жаңа жылда барлығыңыз,
Жаңа үміт таба біл.
Доңыз жылының мерекесін,
Берекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бибіт жолды қолдаймын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер қонақтар,сәлеметсіздер ме Аяз ата мен Ақшақар! Аяз ата қараңызшы, біздің шыршамыз көңілсіз болып тұр, бізге шыршаның шамдарын жағуға көмектесіңізші.
Аяз ата: Қуант бізді таңырқат, жасыл шырша шамдарыңды жарқырат!
Жүргізуші: Рахмет сізге Аяз ата біздің балалардің әсем әні де, биі де бар. Сіз отырып, сәл деміңізді алыңыз, ал біздің балаларымыз жаңа – жыл мерекесіне арнаған балалардың орындауында .
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Қандай керемет, Шынымен де біздің балалар әнші жұлдыздардан
кем түскен жоқ.Әншілерімізді қошеметтеп қояйық.
Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әсем, жадырап тұр. Аяз ата енді біздің кішкентай қыздарымыздың биін тамашалаңыз.
Би: «Қуыршақтар» Сымбат,Асемай,Диана,Амина.
Жүргізуші:Кел балалар, тақпақты,
Тақылдатып айтайық.
Аяз ата таңқалсын,
Сыйлық алып қайтайық – деп, келесі кезекті тағыда тақпақтарға береміз. Диана,Ахат,Нұрболат,Амина,Мағзум,Ернат.
Диана:Жасыл желек жамылғани Ахат: Келді аяз атамыз
Асыл моншақ тағылды Қасында ақша қары бар
Міне сұлу шыршамыз Қызыққа әбден батамыз.
Көптен күтіп сағынған Қарсы аламыз баршамыз
Ал балалар тұрмайық Атамызбен бірге ойнап
Аяз ата куансын Жаңа жылды бірге тойлап
Дөңгелене зырлайық Би биледік ән салдық
Жаңа жылды қарсы алдық.
Нұрболат:Тек қана саспайық Амина: Тілеймін мен бар әлемге
Ретімен бастайық Дос көп болсын жаңа – жыл
Алдымен ауланы Ата – әже, ата – әже
Тазартып тастайық Құтты болсын жаңа жыл
Соғайық ақ қала Жаңа жылым мол болсын
Ақ тонды ақ бала Басқан қадам оң болсын
Қолғабыс жасайық Төрле, төрле жаңа
Қар үйіп баққада Бізге құтты жол болсын.
Мағзум: Аяз ата таянып Ернат:Аяз ата ойды қырды
Таңмен бірге оянып Аралап жүр түгел шолып
Аяз ата келіп тұр Қарсы алғалы жаңа жылды
Ақ күміске оранып Ол да көптің бірі болып
Ал балалар тұрмайық Қайда қызық болса думан
Би билейік ойнайық Аяз ата сонда болды.
Аяз ата қуансын Күндіз үйде ойнап бізбен
Дөңгелене зырлайық. Балалармен бірге болды.
Түлкі: Аяз ата балалардың барлығы өнерлі, сүйкімді екен.Балалармен ойын ойнағым келіп тұр. Балалар менінен ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Ия!
Ойын: «Кім жылдам»
Түлкі: Олай болса, 6 бала ортаға келсін. 3 баладан екі қатарға тұрамыз. Ойынымыз «Кім жылдам» деп аталады.Ойынымыздың шарты:сендер аяқтарыңа мына аяқ киімдерін киіп алып мәрені бір айналып келулерің керек. басып, Ойын шарты түсінікті ме?
Балалар: Ия
Жүргізуші:Ал балалар тұрмайық,
Би билейік, ойнайық.
Аяз ата қуансын,
Дөңгеленіп зырлайық – деп отырып, « Тышқандар»биін тамашалайық.
Сымбат ірімшік,Асхат,Ернат,Айдар,Мыңжас,Нүрболат.
Жүргізуші: Жарайсындар балалар ендігі кезекте аяз атамызға арнап.
Аяз ата әнін айтайық.
Ән: «Аяз ата»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ендігі кезекті орыс тілінде тақпақтарға береміз.
Асхат,Нұрислам,Мағзум,Ернат,Сымбат,Мыңжас.
Асхат: Огоньки сверкают ярко Нұрислам:Снова будет праздник
Свечи, шарики подарки Снова Новый год
Скоро сказка в дом войдёт Елка и подарки
Скоро будет Новый год! Весёлый хоровод
Мағзум: Пусть волшебный огни. Ернат:У новогодный ёлочки
Светят ярко – ярко Зелёные толочки
Пусть всем деткам принесёт И снизу до верхушки
Дед Мороз падарки. Красивые игрушки
Сымбат: Дед Мороз, Дед Мороз. Мыңжас:Закружилься хоровод
Елку из лесу принёс Льются песни звонко
А пока я в сад ходила Это значит Новый год
Мама ёлку нарядила Это значит – ёлка!
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар е ндігі кезекті тағыда ағылшын тілінде
тақпақтарға кезек береміз.
Еркебұлан.Асемай,Айдар,Диана,Нұрислам.
Еркебұлан: Э хаппи ню е фо ми Асемай: Фазе фраст
Э хаппи ню е фо ю Брин мэни тойс
Э хаппи ню е фо эвериуан Фо литл гэрлс
Затс уат,ай уиш ай ду. Энд литл бойс.
Айдар: Ню едей э хаппи дей Диана: Ню е дей
Уе э глад энд уант ту плей Ню е дей
Уе ол данс энд син энд сей Лет ас синг
Уелком уелком ню е дей. Энд лет ас плей
Нұрислам: Фазе фрост
Бринг мэни тоис.
Фо дилт бойс.
Энд литл гйорлс
Аяз ата: Өте тамаша, Жаңа жыл, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің ата – аналары да бізбен бірге көңіл көтерсе екен димін.Мен сендердің ата аналарыңның өнерлерін тамашалағым келеді, Мен аналарымызбен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Кім жылдам» деп аталады (Ата-Аналармен ойын.
Аяз ата: Балаларым сендердің мерекелеріңе келіп қуанып,біраз. Демалып қалдым.
Өте жақсы би билеп,ән айтады екенсіңдер,мен де сендерге құр қол келген жоқпын,мен сендерге сыйлық алып келдім қане қабыл алығыздар!
(Сыйлықтарды тарату)
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, әріптестер және қонақтар!
Жаңа жыл сіздердің отбасыңызға бақыт пен қуаныш әкелсін!
Осымен «Гүлдер» тобының «Келші келші жаңа жыл!» атты
ертеңгілігімізді аяқтаймыз көңіл бөліп тамашалағандарыңызға рахмет!
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты деп
Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға береміз.
«Теңге бөбекжай бақшасы»
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында
балабақшаның қоғамдық
жұмыстарына белсене қатысқаны
үшін №12 «Гүлдер» тобының
тәрбиеленушісі Сарсенбек Нұрисламның анасы
Қонарова Ләззат
МАРАПАТТАЛАДЫ
Балабақша директоры: Г.Т.Байджанова
Басшының орынбасары: Э.С.Бопылова
Айдар: Қандай әдемі шырша,үйдегі шыршаданда әдемі.Қандай биік екен.Мына әсем ойыншықтарды іліп әндетейін.Менің достарым қайда екен?
Жүргізуші: Айдар ,мұнда не істеп жүрсің?
Айдар:Мен шыршаны безендіріп жатырмын.Қараңызшы қандай әдемі шырша?!
Жүргізуші:Ия ,әдемілігіне көз тоймайды.Айдар басқа балалар қайда? Қарашы бізге көптеген қонақтар келіп қалыпты.Қане ертеңгілігімізді бастайық.
Айдар: Жарайды.
Жүргізуші: Жүзімізде қуаныш,
Әр көңілде жақсы үміт.
Келе жатқан жаңа – жыл,
Әкелсін көп жақсылық.
Хош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаіа – жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәріңізге .
Айдар: Жаңа жылдан «Гүлдер» тобы қалмапты,
Жаңа үмітпен алға қарай самғапта.
Бойындағы бар өнерін білемін,
Бүлдіршіндер өздеріңе арнапты – деп №12 «Гүлдер» тобының бүлдіршіндерін қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар.
Тақырыбы: «Төрле, төрле, Жаңа жыл!»
Мақсаты:Балалардың өнерлерін жанжақты көрсету, атааналармен байланысты нығайту, әсемдікке, тапқырлыққа, шығармашылыққа баулу.
Түрі: мерекелік қойылым Ертеңгіліктің барысы: (ФАНФАРА) ойнатылады. 1жүргізуші :
Армысыздар, құрметті атааналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, Жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке, бірлік әкелсін дейміз! Жаңа жылым жаңа бақыт сыйласын,
Көгімізде бейбіт құсы самғасын.
Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін,
Қуанышпен арайласын ақ таңын! 2жүргізуші: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған,
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Кел, балалар келіңдер,Тамашаны көріңдер. 1–жүргізуші: Уа, халайық жараңдар!
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар
Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін,
Қарсы алайық ДОҢЫЗ жылын,Ұзатып сап ИТ жылын. 2жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Біз сіздерді Жаңа 2019 ДОҢЫЗжылымен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз! Балалар, енді Жаңа Жыл мейрамын бастайық!
Мыстан кемпір:Мен ұқыпсыз адаммын! Аааа! Қарашы мына шыршаны! Мына балаларға қарашы, өздері мәз мейрам болып тұр ғой!!! (Айналасына қарайды) маған осы жер ұнамайды! Мен мына тұрған балаларды қорқытып мейрамның тас талқанын шығарамын!!! Осы шыршаны жағып жіберемін! Қазір Кашей досымды шақырамын.(ұялы телефонын алып, номерді тере бастағанда, 2 сайқымазақ көңілді әуенмен кіреді) 1сайқымазақ:Қане біздің қонақтар! Басқаға мойын бұраңдар!Бізге қарай жақындапҚызық күлкі тыңдаңыздар! 2сайқымазақ:Барлығыңыз білетіндей шыршадаӨте қызық болатынынӨлең айтып, би билепСіздерді достар құттықтап Жаңа жылдарыңызбен!!!(кемпірге қарайды) 1сайқымазақ: Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе? Мыстан кемпір:Маған осы мереке ұнап тұрған жоқ!!! Жаңа жыл!!! Жаңа Жыл!!! Кім ойлап тапты осы мерекені??! Өздерің қарашы!!! Киімдері қандай??!! Маған мүлдем ұнамайды!!! Қазір Кащейді шақырып келемін, ол сондай мықты, сондай!!! ... (показывает силу) Қазір ол көрсетеді барлықтарыңа Ууух!!! 2сайқымазақ: Сөйтпеші солай! Қарашы қандай мейрам! Қандай әдемі балақайлар! Мына қызыл телпекті қарашы.Ал мынау қасқырды қара(показывает на детей в разных костюмах) Бірге ән айтып, би билеп, қуанайық. Кетпеші! Мыстан кемпір!!!Қайда асықтың? Қарашы айналаңа, адамдарда мереке, барлығы көңілді, бақытты, жаңа жылды қарсы алуда! 1сайқымазақ: Қане, қараңыздаршы, қандай тамаша шырша! Сол мерекені қанекей, бізбен бірге қалып, көңіл көтеріп, бәріміз би билейік. 2сайқымазақ:Жарайсыңдар, балақайлар! Билерің тамаша! Мыстан кемпір: Міне, осы балалар мені мазақ етті, өздері мәз екен, көңілдері жақсы екен, шыршаларын қарашы, тура жылтырап тұр екен. Кащей:Кемпір менде сіріңке бар, қазір біз шыршаны жағып жібереміз, сосын мереке болмайды.(қатты күледі) Мыстан кемпір: Иә, сол керек! Осы балаларға!!! (екеуі шыршаға жақындай бастайды)
Фея: Жаңа жыл ол ерекше мереке балалар оны асыға күтеді, келіңдер жақындаңдар, балалар бізге тосын сый дайындап қойды, бірге тамашалап көрейік., Мыстан кемпір: АААА, олай болса, біздің көңілімізден қаншалықты, шығатындарын байқап көрейік. Иә, иә, көрейік! (рассаживаются поудобнее) Кащей: Расыменде дұрыс айтасың, егер көңілімізден шықса, бұлардың шыршасына да, өздеріне де , тиіспейміз, ал егер ұнамаса БАЙҚАҢДАР, өз обалдарың өздеріңде Мыстан кемпір: Қараңыздаршы, өздерін! Билері де қандай тамаша! Фея: Ал, балалар, ертегілер елінен бізге Аяз ата мен Ақшақар келіп тұр! Бірге шақырайық, ортамызға Аяз ата мен Ақшақарды. Балалар: Аяз Ата! Ақшақар! (3 рет) (балалар шақыра бастайды) Аяз ата: Амансыңдар ма, ұлдарым, Амансыңдар ма, қыздарым?Қандай көркем қырларың, Қандай әсем жырларың!Асулармен алыстым, Асау желмен жарыстымТойларыңа асығып, Өздеріңмен табыстым. Ақшақар: Амансыздар ма, балалар? Ата –аналар, ұстаздар! Өздеріңді сағынып келдік! Жаңа жылдарың құтты болсын! ДОҢЫЗ жылы табыс, береке, бірлік әкелсін, тарихи жыл болсын! Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Қазір бәріміз бірге би билейік! Аяз ата: Жаңа жылдық мерекемізге қанша балалар келген? Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім би билесе, бәріне де сыйлығым бар!Қане қайдасыңдар? Ақшақар: Шырша айналып әндетіп, Би билеңдер сәнді етіп,Қандай жақсы Жаңа жыл, Өткізейік мәнді етіп.ДОҢЫЗ: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым. Мен дағы бір қонақпын. 12 жылда оралар,Үлкендерге ақ ниет, Сіздерге ақ ниет, Сіздерге мың рахмет.Ақшақар: Қош келдің, Жаңа Жыл!Аяз ата: Ал, айналайын Жаңа Жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат, 12 ай бойы бағып қақ. Жақсы Жыл бол! Дария нұр бол! Жаңа Жыл!Ақшақар: Ал, енді бірге шырша жырын айтайық.(Шырша әні)Аяз ата: Ал, енді жаңа жылдық шыршаның шамдарын жағайық па?!Барлығы: Иә!!!Аяз ата: Естімей тұрмын, қатты айтайық.Барлығы: Жарқыра, шырша!Аяз ата: Ал, балалар, біз
Ақшақар екеуіміз тамаша демалдық. Ойнадық, ән айтып, би биледік. Біздің баратын жеріміз көп. Сендер сияқты бүлдіршіндер асыға күтіп отыр. Рұқсат етсеңдер біз қайтайық. Алда барар ауыл бар! Сау болыңдар! Мыстан кемпір:Ооооой! Маған осы балалар ұнайды, өздері қандай мейірімді, әдемі, костюмдары қандай тамаша, мерекелерің сондай керемет өтті, менің көңілімнен шықтыңдар. Кащей: Йә, йә, мағанда қатты ұнадыңдар, ризамын сендерге, кешіріңдер біздей ақымақты, біз қателестік, енді сендерге жамандық ойламаймыз, дос болайық бәріміз. Барлығы: Сау болыңыздар, Аяз ата, Ақшақар!1жүргізуші: Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышта өтеді.Достық, бірлік, бәрінен де жеңеді.Жаңа жылда жақсылық болсын, Әр үйге құт, береке қонсын!Құтты болсын, жаңа бақытдостарым!2 жүргізуші: Бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз.Барлығы: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Қатысушылар: (Жүргізуші2, сайқымазақ2,)мұғалімдер (мыстан кемпір1, кащей1, фея1, доңыз1, ит1, аяз ата1, ақша қар1) атааналар
Жүргізуші:
Балалар қараңдаршы біздер ертегі әлеміне
келіп қалыппыз ғой, қараңдаршы мына
жерден нені көріп тұрсыңдар?
Ендеше
біз осы жерде Жаңа жыл мерекесін тойлайық.
Құрметті ата - аналар, қонақтар, «Балауса»
балабақшасының ұжымы мен кішкентай
бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан
Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден
құттықтаймыз! Жаңа жыл әр біріңіздің
отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс
пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін
дейміз.
«Бегім Ана» балабқшасының музыка жетекшісі Еспенбетова Ақзира Нағыметуллақызы
Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін
қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын
ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге
үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін
арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,
ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Балалар көңілді әуен ырғағымен қолдарына қар ұстап келіп, билейді.
Әуен аяқталуымен «аққала» келеді.
Балалар: Қар жауғанда топ бала
Соқтық міне, Аққала
Ән «Аққала» орындалады.
Әннен соң ортаға бір бала шығады
Қыс қызығы тамаша
Ойнаймыз біз таласа
Думанымыз жалғассын
Жаңа жылға тамаша!
1бала: Жаңа жылда жол болсын!
2 бала: Әрбір үйде той болсын!
3 бала: Берекелі жыл болсын!
4 бала: Ақ дастарқан мол болсын!
Барлығы бірге: Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Тәрбиеші: Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Ортаға балабақша меңгерушісі .................... шақырамыз
Шырша шамын жағу сәті
Ән «Елочка» хор
1 бала: Аяз ата келе ме?
Бізге сыйлық бере ме?
2 бала: Әрине, ата келеді
Бізге көп сыйлық береді.
Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді.
Түлкі: Мен түлкімін,түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлғаң, бұлғаң құйрығым
Текке өтпейді бір күнім
Аяз ата мұнда келмейді,
Сендерге сыйлық бермейді.
Балалар: Қалайша?
Түлкі: Аяз аталарың адасып кетіпті,
Сендерді таба алмай
Үйіне қайтып жетіпті.
Тәрбиеші: Бұл қалай болды? Думанымыз Аяз атасыз қалай өтпек?
Түлкі: Жарайды, мен кетейін (билей басып кетеді)
Тәрбиеші: Балалар, уайымдамаңдар.Аяз атамыз келеді,бізге сыйлық
береді.Бұл түлкінің кезекті бір қулығы болар.
Мұның артында бір шикілік бар сияқты.Ассамат,
Жанрус екеуің түлкінің ізіне түсіңдер, не бүлдіргенін біліңдер.
Екеуі: Жарайды, біз кеттік. (түлкінің соңына түседі)
Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.
Тәрбиеші тың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.Қардың
сықырын естідіңдер ме?
Балалар: Иә, естіп тұрмыз.
Тәрбиеші: Енді қарап тұрмайық
Бәріміз бірге дауыстап
Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Балалар: Аяз ата, Ақшақар!
Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады.
Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым
Қандай әсем жүздерің
Қандай мөлдір көздерің
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
Ән «Аяз ата» хор
Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық
толы сыйлығым ұшты-күйлі жоқ болып кетті.Осында келе жатып,
жоғалтып алдым. Енді не істесем екен?
Осы кезде түлкінің соңынан кеткен екі бала түлкіні алдына салып, қапшық толы сыйлықты алып келеді.
Аяз ата: Ә, енді есіме түсті, қу түлкі. Жолда бағана өлген боп жатып
қапшығымды қымқырған екенсің ғой.Түлкінің мұнысы
дұрыс па, балалар?
Балалар: Жоқ.
Түлкі: Қулық-сұмдықты жоямын
Өнерге ден қоямын
Аяз атам мені кешірсе
Сыйлығына тоямын.
Аяз ата: Онда, айыбыңды өтеп, өнеріңді көрсет.
Түлкі: Достарым менің келіңдер,
Бірге билеп көріңдер
«Аңдар биі» орындалады.
Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар.Билерің керемет екен.
Тәрбиеші: Ал, балалар, тұрмайық
Аяз атаға арнаған
Тақпақтарымызды айтайық.
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып.
Аяз ата: Сағынғаныңнан айналдым! Азамат бол!
Аққырауға малынған
Ақша қардай сақалы
Көптен күтіп сағынған
Көрдік Аяз атаны
Базарлықты баршаға
Әкеліпті ол тағы
Қарасын деп тамсана
Безендірдік шыршаны.
Тақпақтарды жаттадық.
Би биледік көрсін деп.
Аяз ата қуанып,
Бізге риза болсын деп.
Аяз ата: Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын
Бүлдіршіндер балалар
Би билеп, бірге ойнасын!
Би «Ұлпақарлар биі» орындалады
Жаңа жылды тойлайық
Ойнап асыр салайық
Атамыздың сиқырлы
Қолғабымен ойнайық.
Аяз ата: Балалар, шынында менің қолғабым сиқырлы. Қолғабымның сиқыры-
ойын шарты бойынша қолғап кімнің қолында қалып қойса,
сол бала бірден әнші болып шыға келеді.
Тәрбиеші: Рас па, олай болса, біз әзірміз.
«Қолғап» ойыны ойналады.
1.«Бәрін білгім келеді» орындайтын Айзере
2. «Зырлайды шанамыз» Досжан, Әлібек, Арман, Расул, Саят, Мәди
3.«Апатайым» орындайтын Ақтоты
Тәрбиеші: Қандай керемет, Шынымен де біздің балалар әнші жұлдыздардан
кем түскен жоқ.Әншілерімізді қошеметтеп қояйық. Аяз ата,
қолғабыңыз бізге қажет екен, бізге қалдырып кете алмайсыз ба?
Аяз ата: Қалдырар едім, қарағым, бұл қолғап мен болмасам күшін жояды.
Тәрбиеші: Өкінішті. Ескі жылмен қоштасып, жаңа жылмен достасатын
кез келді.Ұлуды шақырайық
Ұлу: Мен ұлумын, ұлумын
Өзім сондай сұлумын
Жаңа жыл кілтін табыстап,
Жыланға сеніп берейік.
Тәрбиеші: Жаңа жыл неге кешікті,
Уақыт 12-ден асып кетіпті.
Аяз ата: Жаңа жыл менің қасымда,
Қорықпа, апай аптықпа
Жатыр мына корапта
Шығады қазір асықпа
Сыбызғы үрлейді. Қорап ішінен жылан шығады.
Жылан: Ыс-ыс ысылдаймын
Мұныма еш қысылмаймын.
Қорғану үшін жауымнан
Айбат шегіп ысылдаймын.
Жамандыққа қаспын,
Жақсылыққа жақпын.
Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдық
Бір жасқа енді.
Әкелсін жыл ырыс-құт
Әлемде болсын тыныштық
Жаңа жылым тамаша
Ән салайық жаңаша!
Бір топ қыздардың орындауында «Жаңа жыл» әні орындалады.
Тәрбиеші: Қабағын еш түймейді,
Аяғы жерге тимейді.
Мерекеде шаттана
Күлдіргіштер билейді
Күлдіргіштерді қарсы алайық!
«Күлдіргіштер биі» орындалады.
Аяз ата: Ой, бәрекелді, балақайлар. Мен сендерге ризамын.Мені сендер
сияқты басқа да балалар күтуде. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Келесі жылға дейін көріскенше, аман сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Жаңа жылым төрле бізге нұр болып,
Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып.
Ән «Бізге жаңа жыл келді» хор
Кіші
топқа арналған сценарий Мақсаты:
Балаларды жасыл шыршамен таныстырып,жаңа
ән айтқызу. Балаларды жасыл шыршадан
шеңберде айналтып жүргізу, еркін би
билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып,
мерекені есте қалатындай етіп көңілді
өткізу. Зал әсем жаңа жылдық ойыншықтармен
безендірілген. Әуен ойналып, ортада
қоян шыршаны безендіріп жүреді. Сол
сәтте «Ну погоди» әуенімен қасқыр
кіреді. Қоян: Ой қасқыр келіп қалды:-деп
қаша жөнеледі, артынан қасқыр қуа
жөнеледі, екеуі шығып кетеді. Жүргізуші
мен балалар музыкамен билеп кіреді.
(Буратино киімімен) Би: «Буратино»
Буратино -Жүргізуші: Құттықтау сөз.
Келді міне жаңа жыл сәуле шашып Құлпырады
табиғат нұры тасып. Жаңа жылды ағайын
қарсы алайық Шашу шашып би билеп ән
салайық. Құрметті
ата-аналар,әріптестер,бүлдіршіндер,келе
жатқан жаңа жыл барлығыңызға құтты
болсын! Жаңа жыл бізге
құт-береке,қуаныш,жақсылықтар
сыйласын!Отбасымызға амандық,саулық
әкелсін! (Ұл балдар киінуге кетеді!!!)
Қоян: -Оооо, мына жерге қонақтар келіп
қалыпты ал мен болсам қасқырдан қашам
деп жүріп қонақтарды қарсылап алуды
ұмытып кетіппін-ау. Қоян: Құрметті
қонақтар,мерекеге қош келдіңдер!
Сіздердің жанұяларыңызға бақыт,қуаныш,табыс
тілеймін! Балалар мына жайнаған жарқыраған
мерекеге қош келдіңдер! Кәне барлығымыз
мерекені көңілді қарсалайық! Балалар
сендер ойнағанды жақсы көресіндерме?
қыс мезгілінде не жауады? Дұрыс,қар
жауады,біз қазір қар жинау ойынын
ойнаймыз Ойын: «Қар жинау» Қасқырдың
әуені ойналады,ортаға қасқыр кіреді.
Қоян қасқырды көре салып,шыршаның
жанында тұрған арыстанның маскасын
киіп алып шығады. Қорыққан қасқыр
алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.
Осы кезде ортаға аңдар кіреді.Қасқырдың
алданғанын көріп мәз болады. Жүргізуші:
Қош келдіңдер аңдарым Аю,түлкі,қояным
Мерекеде тұрмайық Би билейік паңдарым.
Қоян: Иә,аңдар,буратинолар келіңдер
қосылып би билейік бәріміз. Би: «Қояндар
биі» Жүргізуші: Қоянжан сен әсем шырша
безендіргенсін,бірақ оның шамдары
жанбаған. Қоян: Иә,қасқырдан қашам деп
жүріп шамдарын жағуын ұмытып кетіппін
Балалар маған шыршаның шамдарын жағуға
көмектесесіндерме. Бір,екі,үш шырша
шамы жарқыра түс (свет сөніп,шырша
шамдары жанады) Жүргізуші: Қандай тамаша
шыршамыз жарқырай түсті. Енді шыршамызға
арнап “Шырша”әнін шырқайық. Ән:”Шырша”
1.Шырша тауда туыпты,шырша тауда
өсіпті,Енді бізге қонаққа жасыл болып
келіпті Шырша,шыршамыз әнге қосылшы,Шырша
шыршамыз биге қосылшы. 2.Ойыншықтар
тізілген шырша бізге қарап тұр,Қандай
жақсы керемет,мерекеміз жаңа жыл (қыздар
маша киінуге кетеді)(Барлық қыздар
ұлбалалар киінуге кетеді) Осы кезде
қоян аяз ата киімін киіп ортаға шығып
ән айта бастайды,дәл сол сәтте қасқыр
ақшақар киімін киіп шығып әнге қосылып
жүріп қоянды байлап тастайды. Қасқыр
енді қоянға бас салып жегісі кеп жатқанда
әуенмен ортаға қорбаңдап аю кіреді. Аю:
-Қасқыр сен мұнда не істегелі жатсың?
Қоян: -Аю тезірек мені құтқаршы көмектесші.
Аю: Кәне жібер қоянды Аюдың даусынан
қорқып қасқыр қаша жөнеледі.Аю қоянды
шешіп, құтқарып алады. Қоян: -Аю саған
көп-көп рахмет.Мені қасқырдың ауызынан
құтқарып алдың. Жүргізші: Қош келдің
Аю! Сен мұнда қайдан жүрсің? Аю: -Қарсы
алғандарың үшін рахмет,бірақ мен өзімнің
Машамды іздеп жүр едім жаңа жыл болса
келіп қалды,ол үйдің бәрін шашып
кетіпті,сендер көрмедіңдер ме? Жүргізуші:
Аю сен ренжіме бірақ Машалар көп. Осы
кезде ортаға төрт Маша шығады. Аю: -Менің
Машам қайсысы екен? Машалар: -мен,мен,мен,мен
деп шулай бастайды. Аю: -Мен Машамды
тек биінен танимын.Кәнекей маған би
билеп беріңдеші. Би:”Машалар” Аю:Міне
менің Машам:-деп бір қызды көтеріп
алады.Жүр Маша үйге,дос қыздарыңды да
қонаққа шақыр! ( қыздар ақшақар киінуге
кетеді) Қоян: Балалар кәне ойын ойнап
жіберейік.Ойынның шарты аққала
құрастырамыз. Ойын:”Аққала құрастыру”
Жүргізуші: Қоянжан Аяз-атамен Ақшақарды
шақыруды ұмытып кетіппіз ғой кәнекеей
бәріміз дауыстап шақырайық Қоян:
Барлығымыз бірге: Аяз ата, Ақшақар
аууууу! Музыка әуенімен аязата, ақшақар
және кішкентай ұлпақарлар келеді.
Ән: «Аязата мен ақшақар әні» (Амандасу)
1.Аяз-ата: Сәлем,сәлем балалар,сәлем,сәлем
достар Ақшақар:Жаңа жылға келдік біз,
қуанамыз бәріміз. Қ-сын бірге: Қол
шапалақтап қарсы алыңдар, Шетелден
келдік аяз ата мен ақшақар Бүгін жаңа
жылмен құттықтаймыз, Жақсы көңіл сіздерге
сыйлаймыз. Жүргізуші: Қош келдіңдер
Аяз ата мен Ақшақар,біздің балалардың
сендерге арнаған тақпақтарымен әндері
бар. Келіңдер бізбен бірге қосылып ән
айтып, шыршаны айналайық Ән:”Аяз ата”
1.Жаңа жыл мереке, бақшамызға келді, Аяз
ата бізге сыйлықтар әкелді Әнде айтып
бердік, тақпақ айтып бердік, Риза болып
ата қалыпты. 2.Арқасында қапшық, Ол
қапшықта ойыншық, Қапшығын пашады,
Балалар қуанады. Ақшақар:-Менің
ұлпақарларым қайда екен? Аяз атаға
арнаған билері бар еді. Би:”Ұлпақарлар”
Осы кезде ортаға қасқыр кіреді. Қоянның
қасқырды көріп қорқақтап тұрғанын аю
байқап,себебін сұрайды. Қоян:-Мен
қасқырдан қорқып тұрмынол мені ұстап
алмақшы. Аяз ата:-Балалар менің қолымдағы
сандыққа қараңдаршы,бұл сандықты
ашайық.(музыка ойналады) Аяз ата сандығын
ашқан кезде ішінен Тауық яғни Жаңа жыл
шығады. Жүргізуші:Ей,жаңа жыл,жаңа бақыт
ырысым Жақсылақтың жаршысыда нұрысын
Адамдардың асқақтаған арманы, Ақындардың
таусылмайтын жырысын!-Жаңа тауық жылы
бізге қош келдің,саған арнаған құттықтаулар
бар қабыл ал. Аяз ата:-Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан Отырайын демалып
Маған тақпақ арнаңдар Тақпақтар:Балалардың
жаңа жылға арнаған тақпақтары. (Аяз ата
балаларға сыйлығын таратады.)Аяз ата:Ал
балалар мен басқа балабақшаларға барып
құттықтауларымды таратайын,сау
болыңдар!(ақшақар екеуі шығып кетеді)
Жүргізуші:Осымен біздің Жаңа жылға
арналған мерекеміз аяқталды,Сау
болыңыздар! “Машалар биі” “Буратино
биі” Отшашуды тамашалаймыз!(видео)
Дерек
көзі:
https://erketai.kz/ustazdar-enbegi/kosh-keldin-zhana-zhyl-kishi-topka-arnalgan-senarji/
Тақырыбы: «Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Ертеңгілікте балалардың жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік ертеңгілікке деген ой-қиялын, көркемдік талғамын дамыту. Таңғажайып сәттер ұйымдастыра отырып, балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылықтарын арттыру. Шырша мерекесін көңілді ұйымдастырып өткізу.
Безендірілуі: Ойыншықтар ілінген шырша, түрлі-түсті шарлар, жылтыр жаңа жылдық әшекейлер,жасанды қарлар,жаңа жылдық тілектер жазылған плакаттар.
Өтетін орны: Мектеп, 2 қабат фоесі
Ертеңгілік кейіпкерлері:
Жүргізуші -Асанбаева Дидар Сағданқызы / ШО тәрбиешісі/
Ақшақар -Жумадилова Альбина Жексембайқызы /МАД тобының жетекшісі/
Сайқымазақ - Маханова Ақмарал Күзембайқызы /ШО тәрбиешісі/
Аяз ата- Бектемирова Ляззат Калимжанқызы /ШО тәрбиешісі/
Қой жылы-Еркін Аяулым /МАД тобының тәрбиеленушісі /
Мешін жылы-Құрманғали Нұрхат /МАД тобының тәрбиеленушісі/
Түлкі- Искакова Айнұр Нұрқасымқызы /ШО тәрбиешісі/
Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, қонақтар бүгінгі «Ақбота» ШО және мектепалды даярлық тобының «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Төгілтіп көк жүзінен ақшақарды,
Көк көрпе жапты бүгін бақшаларды.
«Мен келдім есіктерді ашыңдар»- деп,
Жаңа жыл күллі әлемге жар салады.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңдайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын!- деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Имуханбетова Салтанат Жалқынқызына береміз.
/Осы кезде залға Ақшақар кіреді/
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме , құрметті балалар!
Мені таныдыңдар ма? Мен Ақшақармын ғой, біз Аяз ата екеуміз тұрамыз, Аяз ата сендерге сәлем айтты.Көп кешікпей өзіде келіп қалар.
-Қане, балалар, Аяз ата келгенше бір ойын ойнасақ қайтеді.
«Сылдырмақ» ойыны. Ойын шартымен балалар таныстырылады. Ойынды көңілді етіп ойнап шығады.
Жүргізуші: Қане, балалар тыңдайықшы, қар сықырлайтын сияқты.
/Осы кезде түлкі келеді/
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Қандай әдемі, көркем едіңдер. Мен түлкімін, сендерге асығып орманнан келе жатырмын. Менің аяғым тоңып қалды. Қане менімен билеңдерші, менің аяғым жылынсын.
/Музыка қойылып, балалар түлкімен бірге би билейді./
Жүргізуші: Қу түлкі, сіз қандай әнді жақсы көресіз?
Түлкі: А, мен бе, мен әжемді жақсы көремін, сондықтан әже туралы ән болса тіпті жақсы болар еді.
Жүргізуші: Ендеше, біздің балалар сізге арнап, барлық әжелерге арнап «Әжемнің шайы» әнін орындап берсін.
Ән: «Әжемнің шайы».
Түлкі: Рахмет балалар, әжемді сағынып жүр едім, көңілім бір көтеріліп қалды.
Жүргізуші: Балалар, тыңдайықшы тағы да қар сықырлайтын сияқты.
/Залға Сайқымазақ кіреді/
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, бізге көңілді Сайқымазақ келіпті.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме балалар, Мен жаңа жыл мерекесін тойлап жатқан балалардың көңілдерін көтеріп келе жатқан да, бір дауыстарың естілген соң, сендерге бұрылдым. Менімен көңілді ойын ойнағыларын келе ме?
Ойын: «Кім жылдам?» Ойын шарты балаларға түсіндіріледі.
Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар,ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер.
Жүргізуші: Балалар, бізге бір хабар жетті, Аяз ата жақын жерде келе жатқан сияқты, олай болса Аяз атаны дауыстап шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!
/Аяз ата және Жаңа Мешін жыл залға кіреді, балалармен амандасады./
Жүргізушы:Сәлеметсіздер ме Аяз ата, Сіз бізге жалғыз келмепсіз, жаныңыздағы кім?
Аяз ата: Бұл, 2016 жылы кіретін Жаңа Мешін жылы.
Ескі қой жылы: Қош келдің, Жаңа жыл!
Мен бір жыл бойы балалардың жанында, қызықты сәттеріне куә болдым, олар бір жылға есейді, тәртіпті, білімді болып өсіп келеді. Енді, мен кетейін, Мешін сенде балалармен қызықты уақыт өткізуге тілектеспін!
Балаларым қарағым,
Сендерді қимай барамын,
Орындалсын арманың,
Құтты болсын келген жылдарың!
Мешін: Рахмет саған Қой жылы, менде сен сияқты балаларға жайлы боламын,- деп сөз беремін.
Жүргізуші: Олай болса балалар, қой жылын шығарып салайық, біз саған ризамыз, біз сені әлі де күтеміз.
Барлық қатысушылар: Қош бол, Қой жылы!
Жүргізуші: Балалар Аяз атамызбен шыршаны айналып «Шырша жыры» әнін бірге айтайық.
Жүргізуші: Ал, енді, балалар өнерімізді көрсетіп, Аяз атадан тәттілер алайық
Жансұлтан: Борандатып, аққарлатып,
Аяз ата келеді.
Ақ көңілмен, пәк көңілмен,
Бізге сәлем береді.
Асем:Аяз ата, Аяз ата,
Сені күтіп жүрдік біз.
Томпаң қағып, арқаланып,
Келеріңе сендік біз.
Али:Жылда осылай келеді,
Көп қуаныш береді.
Шашу етіп біздерге,
Ақ күмісін төгеді.
Зере:Бізге Жаңа жыл енді,
Аяз ата бірге келді.
Алақай, айнала түрленді,
Балақай би биле, тұрма енді.
Ән: «Әжемді жақсы көремін». Орындайтындар:Еркін Аяулым және Нұрбол Альбина.
Олжас:Шырша қандай керемет,
Ойыншықтар ілінген.
Жымың қағып шамдары,
Бүкіл қызық тірілген.
Аяулым:Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жан ашыр.
Ата – әже, ата – әже,
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Ришад:Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Ұлназ:Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді.
Бізге қарай жылыстап.
Үнді биі. Орындайтындар:Абылайқызы Ұлназ және Болат Зере.
Жәнібек:Келіңдер, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер.
Нұрбек:Аяз Ата аппақ,
Сыйлығы оның тәтті-ақ
Ойыншықты көп берсең,
Мен айтамын тақпақ.
Алима:Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны,
Сағындым аяз атаны.
Альбина:Тақпақ айтам жыл басы
Құлағың сап тыңдашы,
Бар бөбекке өзімдей,
Тыныш өмір сыйлашы.
Нұрхат:Мерекеге келдік-ау.
Тақпақ айтып бердік-ау
Ойыншықтар тізілген.
Шыршаныда көрдік-ау.
Ән: «Құтты болсын, Жаңа жыл». Орындайтын: Нұрланқызы Әсем
Мерей: Аппақ бүгін қыр далам
Ақ дастархан жапқандай,
Халық біткен қарбалаң,
Қонақ күтіп жатқандай.
Адина: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата-әже,Ата-әже
Құтты болсын Жаңа жыл!
Айару: Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр,
Бір қолында шоколад,
Бір қолында мармелад.
Жұлдыз:Даланың да қаланың,
Думандатып отбасын,
Тағы міне, Жаңа жыл,
Қақты уақыт қақпасын.
Заманауи би. Орындайтын Жұмажан Мұғзиза.
Ильяс: Ағылсын жыр толсын,
Кеудеге нұр толсын.
Жеңісті-жемісті
Құтты болсын Жаңа жыл.
Айару: Шыршаны айналып
Билейміз ән салып.
Жаңа жыл өзіңді,
Жырменен қарсы алып.
Мұғзиза: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық,
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.
Ән: «Гүл бағушы қыз». Орындайтын: Бақытжан Жұлдыз.
Қарақат: Жаңа жыл, жаңа күн,
Нұр бақыт көңілге,
Өмірді жырлатып,
Тұрсын кеп еліме.
Еркежан: Жаңа жылды бар тілде,
Жаңа жырға балайды,
Жаңа жылға әркімде,
Жақсы үмітпен қарайды.
Іңкәр:Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Тамаша тойымыз,
Алақай, алақай,
Өседі бойымыз.
Медина: Жасыл шырша жанында,
Жиналдық біз асыға.
Басқа достар келгенше,
Би билейік мақтана.
Ақберен: Келді міне Жаңа жыл,
Қарсы алайық, бәріміз,
Күліп, ойнап, би-билеп,
Ән салайық бәріміз.
Самат: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Абзал: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған,
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Сезім: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылды жаңа жыр,
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Айқын: Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз,
Жарқын,жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
Аяз ата: Мен сендерге алып келген сыйлықтарымды таратайын, мені басқа жерде күтіп отырған бүлдіршіндерім бар, Ақшақар екеуміз соларға жол тартайық. /Аяз ата балаларға сыйлықтарды таратады./
Ақшақар: Жаңа жылда балалар,
Тек жақсылық тілеңдер,
Жылау, ауыру, жамандық,
Қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар балалар!
Балалар: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар!
Жүргізуші: Міне, құрметті балалар, келген қонақтар біздің Жаңа жылды қарсы алу ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге үлкен рахмет! Жаңа жылда әр отбасына құт-береке, денсаулық, мол табыс, бақыт тілейміз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген