400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: « Бөлек батыр атындағы орта мектеп» КММ

Әдебиеттік оқу пәні.. Таңғажайып ертегілер

Күні:

Мұғалімнің есімі: Омаркулова А

Сынып 4

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.1.3.1 Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру

4.2.6.1 Кейіпкердің,кейіпкерлердіңіс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Ертегінің қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды. Өз болжамдарын басқалардікімен салыстырады, себебін түсіндіреді. Ертегі кейіпкерінің бірі бай баласының іс- әрекетіне жан-жақты талдау жасап, жалмауыз кемпірмен салыстырады.

Оқушылардың басым бөлігі: Ойды мақалмен түйіндейді.

Кейбір оқушылар: Қиял-ғажайып істердің маңызын ажыратып көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Сюжеттің дамуын болжайды. Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалайды.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің дамуына үлес қосу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Ертегінің түрлерін ажырата алады.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет


Ресурстар

Басталуы


Сабаққа дайындық .Сәлемдесу

Қызығушылықты ояту

(МК) «Еске түсір» айдарыбойынша мультфильмнен үзінді көрсету.

Ертегінің түрлерін еске түсіре отырып, қиял-ғажайып ертегілердің өзіндік ерекшеліктерін айтқыза отырып, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталып өту.

Ертегі сюжеттері бейнеленген суреттер топтамасы

Ортасы



Мағынаны тану

(Т) «Ойлан» айдары бойынша«Шарль Перроның ≪Бармақтай Бала≫ ертегісіндегі етіктің ерекшелігі неде екенін айтады. Егер оқушылар бұл ертегімен таныс болмаса, мұғалім қысқаша мазмұнымен таныстырады.

«Мұндай таңғажайып кейіпкері бар қай ертегіні атар едің?» деген сұрақтар төңірегінде ойланып, ойларын ортаға салады. (МК, Т) «Түсініп оқы» айдары

Мақсаты: Оқушылар мәтін мазмұнымен «Аялдамамен оқу» және «Болжау» әдісі бойынша танысады. Бір оқушы мәтінді өзі бір сөйлемнен немесе 2-3 сөйлем, бір абзацтан кейін аялдап, тоқтап оқып, оқиғаның әрі қарай қалай өрбитінін сұрақтар қою арқылы болжатып, оқушылардың ойын біліп отырып оқиды. Әр сұрақтың жауабы шағын топтарда талданып, ұжымға жарияланып отырады. Өзге топтардың жауабын тыңдап, толықтырады. Оқиға желісі бойынша қойылған сұрақтарға өз ойын білдіреді. Мысалы: «Бай баласының алтын сақасын неге жұртқа қалдырып кетті? Неге олай жасады деп ойлайсыңдар?» т. с. с. сұрақтарға өз ойын білдіреді

Таныс емес сөздердің мағынасын ашуға тырысады.

Дескрипторы:

1. Мәтін мазмұнын талдай отырып оқиды.

2. Келесі бөлімдегі оқиға желісін болжайды.

3. Болжамдарын ертегі нұсқасымен салыстырып, бағалайды.

ҚБ: асық арқылы бағалау



Оқулық






















(Ұ)«Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша бір заманда сөз тіркесінің мағынасын ашады

Бір заманда– бір мезгілде деген мағынада. (Т) «Терминдер хатқалтасы» әдісі

Фантастика (грек сөзі) – қиялдау өнері. Мұндай шығармаларда шындыққа жанаспайтын құбылыстары бейнеленеді. Фантастикалық шығарманың негізгі ойы – жақсылықтың жеңуі. Оның кейіпкерлері қиындықтан аман-есен құтылып шыға алады. Қиял-ғажайып ертегілерінің оқиғасы фантазияға құрылады.

(Ұ) Барлық топ «Алтын сақа» тақырыбы бойынша «Асық ату» ойыны арқылы тапсырма орындайды.

1. Бай баласын сипаттайды. (Батыл, қамқор, күшті т. б.) 2. Бай баласын салыстырады. (Жалмауыз кемпірмен)

3. Бай баласын ұқсатады. (Ержүрек батырға, өйткені... ) 4. Бай баласын қолданады. (Бай баласының есімі аңызға

айналды, ертегіде оның аты қалды... Егер мен оның орнында болсам... )

5. Бай баласының ісін жақта немесе датта (Істегені дұрыс па, бұрыс па, талдау жаса, өз ойыңды білдір).

6. Ұсыну немесе бағалау.

(Отан үшін отқа түс, күймейсің. Елің үшін алыссаң, өлмейсің )


Сөздік дәптер







Термин жазылған хатқалта


ҚБ: «Отшашу» әдісі арқылы бағалау «Тыңда» айдары:

Ертегі үзіндісі тыңдалып, сұрақтарға жауап беріледі. (ЖЖ) «Ойлан» айдары бойынша

Кейіркер сөзіндегі қатені табады. Дескрипторы:

1. Берілген сөйлемдерді мұқият оқиды.

2. Кейіпкер сөзінің қате жазылған жерін табады. ҚБ: «Оң көрші» әдісі

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырмаларды мұғалім өз қалауынша пайдалана алады.



Аяқталуы

Рефлексия.

(Т) «Қорытындыла» айдары «Сақина салмақ» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру

ҚБ: «От шашу» әдісі арқылы бағалау Үйге тапсырма:

1. Үлкендердің көмегімен тайды жүгендегенде, тоқым салғанда, ер салғанда, айылын тартқанда деген сөздердің бір-екеуін таңдап, сөздік құрастыр.

2. Жылқы малының атауларын жасына қарай теріп жазып ал. Мысалы, құлын, ...

«Кемпірқосақ» әдісі арқылы жүргізіледі.



Арнайы кесте

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Диалог және қолдау көрсету: Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

«От шашу» әдісі

Асық арқылы бағалау

Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
495
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі