400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
.Жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және оларға баға беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: дүниетану

Мектеп: «Бөлек батыр атындағы орта мектеп» КММ

Бөлім:

Табиғат құбылыстары

Күні:12.02.2020ж

Мұғалімнің есімі: Камалова А

Сынып:4 «Б»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жасанды ортадағы менің қауіпсіздігім

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.1.4.4 Жасанды ортада өзінің қауіпсіздігін жоспарлау.

4.1.4.3.Жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және оларға баға беру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:. Жасанды ортада өзінің қауіпсіздігін жоспарлай алу мен өмірден мысалдар келтіріп,ұсыныстар айту.

Көптеген оқушылар: түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және оларға баға беру

Кейбір оқушылар: Өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды. Нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды.

Бағалау критерийлері:

  • Зерттеу негізінде өз өңірінде жасанды апаттар туындау ықтималдығын

болжайды;

  • Оқулықта берілген суреттер бойынша фазьл құрастырып,сұрақтарды

талдайды;

  • Сол сұрақтар бойынша жолда жүру ережесін құрастырады;

  • Проблемалық сұрақтарға өмірден мысалдар келтіріп айтады;


  • нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды;

  • өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар

Оқушылар:

-зерттеу негізінде өз өңірінде жасанды апаттар туындау

ықтималдығын болжайды;

-жасанды ортадағы өзінің қауіпсіздігі туралы талдайды;

-нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды;

-өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды.

Пәнге тән лексика мен терминология

Қауіпсіздік,жол жүру ережелері;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жасанды ортадағы қауіп-қатерден қалай қорғану керек?

Құндылықтарды дарыту

Жасанды ортадағы өзінің қауіпсіздігі туралы талдай отырып,кеңестер

мен ұсыныстарды айту арқылы өмірде кездесетін жасанды қауіп –қатердің

алдын алу және өмірде шынайы қолдану керек.

Пәнаралық байланыстар

Көркемеңбек пәнін еске түсіру арқылы пазл құрастыру,жаратылыстану пәнінмен және шынайы өмірден мысалдар келтіру.

АКТ қолдану дағдылары

Суреттер,видеолар

Ресурстар

Оқулық, үлестірме қағаздар,суреттер мен тапсырмалар

Алдыңғы оқу

3-сыныпта «Жанды табиғат» тарауында оқып танысқан. Оқушылар ауа-райының қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыруды, табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлауды біледі.

Саралау

тапсырма біреу, алайда оқушылардан жеке нәтиже күтіледі.

Бағалау

Бір-бірінің жұмысын дискриптор арқылы бағалайды. Өзімнің тарапынан жол ережесіне байланысты фичкаларды әр тапсырманы орындағанда тарату,бағалау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы


2минут











5минут











1минут

Оқушыларды ленталардың түсіне қарай топтарға бөлу

Психологиялық дайындық:

Кел балалар ойнаңдар,

Бағдаршамға қараңдар.

Жанған кезде көздерім,

Ережені бұзбаңдар.

Үлкен біздің қаламыз,

Есте сақтап аламыз.

Қызыл,жасыл,сары шам,

Көшеде тұр бағдаршам.

Алдыңғы білімді еске түсіре отырып,үй тапсырмасын тексеру.

Топтық жұмыс.Оқушыларды лентаның түсіне қарай топтарға бөлемін.

«Жедел жауап» әдісі арқылы Суреттер сөйлейді ойыны арқылы

бір немесе екі кеңес айтып кету керек.

I –топ: Үйден өрт шыққан кезде не істеу керек?


II- топ: Үйден өрт шығуы мүмкін бе? Неге?


III-топ: Бөлмеге газ таралған кезде не істеу керек?


IV-топ: Суқұбыры жарылғанда не істеу керек?


Қ/Б: Өте жақсы!Жақсы!Орташа! планшет ойыны арқылы бір бірін бағалайды.

Сұрақтар арқылы тақырыпты хабарлау

Жасанды ортадағы менің қауіпсіздігім

Бүгінгі сабақтың мақсатын оқимыз,осы өз ортамыздағы қауіпсіздік жоспары мен ережелерін құрастыру арқылы берілген тапсырмаларды өз деңгейінде орындаймыз.




ленталар






суреттер






планшет





кеспе қағаздар

Ортасы



12 минут
























Бүгінгі тақырыпты жақсылап түсініп алу үшін фазьл ойынын ойнайық.Әр топқа мен үлкен бір суреттер шығатындай суреттердің қиындыларын таратып бердім. Енді осы суреттерді құрастыру арқылы кеспе қағаздарда берілген сұрақтарға ауызша жауап беру арқылы дәптерлерімізге өз тарапымыздан жол жүру ережесін құрастырайық.Пәнаралық байланыс орнату.Көркемеңбек пәнімен байланыстыру арқылы пазьл құрастыру,ал жаратылыстану пәнінен мысалдар келтіріп,шынайы өмірмен байланыстыру.

Оқу дағдылары:оқылым,жазылым,айтылым,тыңдалым;

I –топ:Күн сайын үйден шыққан адамға түрлі қауіпті жағдайларға кез болуы мүмкін.Сендердің тараптарынан қандай қауіпсіздік кеңес берер едің?Қаладағы жол белгілерін еске түсіріп жіберейік.

II- топ:Сен жаяу жүргіншісің,алайда көліктер өтетін жолда балалар ойнап жүр,осы балалар қауіпті жағдайларға ұрынбау үшін сендер қандай қауіпсіздік кеңес берер едің?Оның белгісі қандай?

III-топ: Сен велосипедшісің, алайда бұл жағдай неге қауіпті?Қала көшелерінде велосипед тебуге арңалған жол бар ма? жағдайларға ұрынбау үшін сендер қандай қауіпсіздік кеңес берер едің?Оның белгісі қандай?

IV-топ: Сен көліктегі жолаушысың,көлікте отырған кезде қандай ережелерді білу керек?

Дескрипторы:

  • Суреттерді құрастыру арқылы кеспе қағаздарда берілген сұрақтар жауап береді;

  • Ереже құрастырып,ұсыныстар айтады;

ҚБ: Тамаша. Өте жақсы.Жақсы. Мұқият бол.Тырыс . (Оқушыларға жол белгілеріне байланысты фичкалар тарату.Оқушылар тарапынан от шашу арқылы бағалау.)

Міне солардың бәрінде қауіпсіздік ережесін есіңнен шығармауың қажет. Сенің үйіңнің айналасында да қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан оны да ескере жүру керек:







Постер

Кеспе суретер мен оқулықтар





Дәптермен жұмыс









Кеспе суреттер

Аяқталуы

20 минут




Саралау.Жаппай,жеке.Бір минуттық тапсырма тәсілі.

Оқу дағдылары:оқылым, тыңдалым, айтылым;

«Кім жылдам,тез ойлан» ойыны арқылы мен сіздерге сұрақтар қоямын.
Құрылыс алаңында немесе трансформатор күркесінің жанында ойнамау керек.Неге?
Саябаққа немесе орманды жерге жалғыз барма.Неге?

Үйінің айналасында қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін?

Дескрипторы:

  • шынайы өмірде кездесетін қауіп қатер туралы айтты.

  • өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды.

ҚБ: Тамаша. Жақсы. Мұқият бол.Тырыс.Талпын. (Оқушыларға жол белгілеріне байланысты фичкалар тарату. Жеке оқушыларды бағалау.)

Саралау әдісінің қарқын тәсілі арқылы жағдайятты талқылауға берілген сұрақтарға жылдам, кезекпен кезек жауап берейік.

Оқу дағдылары:оқылым, тыңдалым, айтылым;

1.Белгісіз біреу үйіңнің есігін ашпақшы болса не істер едің?

2.Бейтаныс адам телефон соғып,үйде кім бар екенін сұраса не істер едің?

3.Сабақтан келгенде үйіңнің есігі ашық болса ,қандай әрекет жасайсың?

Дескриптор

  • Әр жағдайға өз пікірін айта алады;

  • Сұрақтарға жауап беру арқылы өмірмен байланыстырды;

ҚБ: Тамаша. Жақсы.Талпын. (Оқушыларға жол белгілеріне байланысты фичкалар тарату. Жеке оқушыларды бағалау.)

Ал балалар фичкаларды санау арқылы қай топтың фичкалары көп болады сол топ бүгінгі сабақтың белсенді оқушылары болады.

Кері байланыс орнату барысында оқушылар «Табыс баспалдағы» әдісі.







оқулықтар













Проблемалық сұрақтар













көліктер

Қосымша ақпарат


Саралау - Сізқосымшакөмеккөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлайсыз?

Кейбір оқушыларға ойлану арқылы диаграммаға қарап,Балалардың жиі ұшырайтын көше оқиғасының себептерін талау жұмыстарын беремін. Қолдауды қажет ететін оқушыларға суреттер бойынша сұрақтар қоямын.

Бағалау - Оқушылардыңүйренгенін, материалдымеңгергенінтексерудіқалайжоспарлайыз?

ҚБ: Тамаша. Жақсы. Мұқият бол.Тырыс.Талпын. (Оқушыларға жол белгілеріне байланысты фичкалар тарату. Жеке оқушыларды бағалау.)

Кері байланыс орнату барысында оқушылар «Табыс баспалдағы» әдісі.

Сабақбойыншарефлексия

Сабақтыңоқумақсатышынайыма?

Бүгіноқушыларнебілді?

Сыныптағыахуалқандайболды?

Мен орындағансаралаушараларытиімдіболдыма?

Мен бүкілуақытішіндеүлгердімбе?

Мен өзжоспарымақандайтүзетулеренгіздімжәненеліктен?


Қорытындыбағамдау

Қандайекінәрсетабыстыболды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандайекінәрсесабақтыжақсартаалады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақбарысындасыныпнемесежекелегеноқушылардыңжетістіктері/қиындықтарытуралы не білдім? Меніңкелесісабағымдыжетілдіруге не көмектеседі, неге көңілбөлукерек?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
726
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі