400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:қазақ тілі

Тақырыбы: Етістік

Күні:27.02.2017 ж

Мұғалімнің аты–жөні:Мырзагелді Г.М

Сынып:2 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Оқушыларға етістік туралы түсінік беру, жеке өзіндік ойлау қабілеттерін дамытып, ойларын еркін жеткізуге дағдыландырып, сөйлем ішінде етістікті таба білуге үйрету.

Оқу нәтижелері


Барлық оқушылар:

Жаңа білімді меңгереді. Сөйлемдерде кездесетін етістіктерді таба алады және сөйлем құрай біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Тапсырмаларды тиянақты орындайды, сұрақ қоя біледі.

Кейбір оқушылар:

Тапқырлық танытады, ізденеді, шығармашыл тұлға екенін көрсетеді. Бес жолды өлең жаза алады. Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Тілдік мақсат








Оқушылар:

........ (істей) алады..

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Гулесті, боздайды, мияулайды


Сыныптағы диалог (жазылым) үшін пайдалы тілдік бірліктер

Сұрақтар арқылы талқылауға арналған тармақтар


Талқылауға арналған тармақтар:

Етістік туралы талқылатын тармақтар


Сіз неліктен .... екенін айталасыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Алдыңғы оқылым


Заттың қимылын білдіретін сөздер

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Күлімде, күн, күлімде

Күлкіменен түлейік.

Күлкі – өмір ажары,

Күліп өмір сүрейік!

Ұстаздарға бәріміз,

Ұзақ өмір тілейік!

Топтарға бөліну,топбасшыларын сайлау,топқа ат қою

1-топ:Зат есім

2-топ:Сын есім

3-топ:Сан есім

4-топ:Етістік

Бағалау талаптары түсіндіріледі.









Бағалау парақшасы


Ортасы

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Кел, ойланайық!

Ребус шешу.

-Қандай сөз шықты? Балалар, міне бүгін «Етістік» туралы түсінік аламыз.

-Егер көңіл –күйлеріңіз жабырқаулы болса, жұдырығымызды жұмып, бұлтты көрсетеміз, ал егер көтеріңкі болса, алақанымызды ашып, күнді көрсетеміз.

-Біз қолымызбен не істедік?

-Қолымызды жұмдық, аштық, яғни іс –қимыл жасадық.

-Дұрыс айтасыздар! Жұмдық, аштық сөзіне сұрақ қоямыз?

-Не істедік? Не қылдық?

- Дұрыс айтасыздар!, -балалар, олай болса «Етістік» дегеніміз не екен?


«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі

Ерте, ерте, ертеде Зат есім мен Етістік көрші болыпты. Олар өте тату тұрыпты. Зат есім балаларына заттың, құбылыстың аттарын беріпті. Ал Етістіктің балаларының есімдерінің заттың қимылын білдіретін сөздер екен.

Бірде екі көршінің балалары тоғай ішіне ойнауға барады. Тоғай іші сап –салқын екен. Олар шалғында асыр салып ойнады. Қайтатын кез болды. Тоғай ішінде екі соқпақ жол бар еді. Біреуі Зат есімнің үйіне, екіншісі Етістіктің үйіне апаратын жол. Балалар өз үйлеріне апаратын жолды таңдай алмай, біраз абдырап тұрып қалды...

-Балалар, Зат есім мен Етістіктің балаларына жол табуға көмектесейік. (Оқушылар сөздерді екі топқа бөліп, сұрақтар қояды, ол сөздерден сөйлем құрастырады).


Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығуда суреттегі жануарлар мен құстардың атын жазады. Олардың қасына не істейді? қайтеді? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып қояды.

2-жаттығу.

1-топ:Зат есім Өлеңді мәнерлеп оқиды

2-топ:Сын есім Етістіктерді теріп жазады

3-топ:Сан есім Етістіктерге сұрақтар қояды

4-топ:Етістік Етістіктерге сөйлем құрайды

Дәптермен жұмыс.

4-жаттығу. Жұмбақты жатқа жазады. Етістіктерді тауып, сұрақ қояды.

Топтық жұмыс. «Не істейді?» ойыны.
Ойынның шарты: Әр топқа бір заттың суреті беріледі. Сол затқа байланысты оқушылар «Не істейді?» сұрағына жауап беретін қайталанбайтын бір қимыл айтуы керек.

1-топ:Зат есім Ит

2-топ:Сын есім Мысық

3-топ:Сан есім Қоян

4-топ:Етістік Адам


Сергіту сәті.

Иiлiп оңға бiр, иiлiп солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

«Сұрақты ұстап ал» әдісі
Ойынның шарты: Слайдта берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

1. Заттың атын білдіретін сөз табы (Зат есім)
2. Көкшетау, Тараз, Алпамыс, Есіл, Құтжол – қандай зат есімдер? (Жалқы)
3. – лар, - лер,- дар, - дер, - тар, - тер қандай жалғаулар? (Көптік)
4. Сөз таптарын ата (Зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
5. Сынып бөлмесінде кездесетін жалпы есімдерді ата. (Сағат, парта, орындық, кітап)

5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.

1.Орманда биік ағаштар ... . 2.Оқушылар үзіліске .... .

3. Апасы Мұратты дүкенге ... . 4. Әсел Қарағандыдан ... .

5. Әсет қолын сабынмен ... .

Керекті сөздер: жұмсады, келді, жуды, шықты, өседі.

Топпен жұмыс.

1-топ:Зат есім «Жалғасын тап»

2-топ:Сын есім Сөзжұмбақ шешу

3-топ:Сан есім Венн диаграммасы

4-топ:Етістік Сәйкестендіру


Бүгінгі сабағымызды «Кір ілу» әдісімен қорытындылаймыз. (Оқушылар бүгінгі сабаққа қатысты сөздерді жіпке іледі).

Бағалау (Топ басшылары бағалайды)

Үйге тапсырма:

149-бет, 3-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз. Сөйлемдеріңдегі етістіктерді тауып, астын сыз.




Слайдтар




























Оқулық





Аяқталуы

  • Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

  • Нені үйрендіңдер?

Стикерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады.

Стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ құзіреттілігі


Бес жолды өлең жаза алады


Топ басшылары бағалайды. Бағалау парақшасын толтырады.

Әдебиеттік оқу

Математика

Рефлексия

1.Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

2.Бүгін оқушылар не білді?

3.Сыныптағы ахуал қандай болды?

4.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

5.Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?


Төмендегі бос ұяшыққа

сабақ туралы өз пікіріңізді

жазыңыз. Сол ұяшықтағы

сіздің сабағыңыздың

тақырыбына сәйкес келетін

сұрақтарға жауап беріңіз.










Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескертіңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескертіңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?

1.

2.















































Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Ақши орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Қазақ тілі

Тақырыбы: «Етістік»





Мұғалім: Мырзагелді Г.М

2 «А» сыныбы











2016-2017 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі