жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ
Әдіскер/ Методист _______________________
қолы/подпись
№2«Күншуақ»ІI сәбилертобы үшін
ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности
во ІI младшей группе №2 «Күншуақ».
Өткізілетін күні, айы, жылы/Число, месяц,год проведения: «15» 04. 2019ж./г.
Тәрбиеші/Воспитатель : Сейтова З.О.
Білім беру саласы/ Образовательная область:«Қатынас», «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/
/Раздел организованной учебной деятельности: «Сөйлеуді дамыту», «Музыка», «Экология негіздері».
Тақырыбы/ Тема: «Түссіз ауа»
Білімділік міндеті/ Образовательная задача: Ауа туралы түсініктерін қалыптастыру, ауаның адам өміріндегі, табиғаттағы алатын орны.
Дамытушылық міндеті/Развивающая задача:Зерттеу-іздестіру қабілеттерін арттыруға жұмыс жасау.
Сұрақ-жауап арқылы балалардың тілін, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.Суреттерді дұрысорналастыруға, кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге үйрету.
Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача: ауаның қадірін білуге тәрбиелеу
Көрнекі құралдар/ используемый материал: дорбалар, стақан, түтікшелер, суреттер, қатты қағаз.
Үштілділік компоненті/ Полингвальный компонент:Ауа-воздух-Air, Зерттеушілер –Исследователи- Researcher, Зертхана – Лаборатория- Laboratory
Іс-әрекет қызметі/ Этапы деятельности |
Тәрбиешінің іс-әрекеті/ Деятельность воспитателя |
Балалардың іс-әрекеті/ Деятельность детей |
Мотивациялық-қозғаушылық/ Мотивационно-побудительный |
-Балалар, бізге қонақтар келіпті. Кәнекей қонақтармен амандасайық Шаттық шеңбері. Қайырлы таң алтын күн! Қайырлы таң көк аспан! Қайырлы таң жер ана! Қайырлы таң достарым! Жұмбақ шешу: Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. |
Амандасады.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып айтады.
Шешуі: ауа. |
Ұйымдастыру-іздестіру/ Организационно-поисковый |
Дымбілмес келеді. -Сәлеметсіңдер ме,балалар. Мен сендерден көмек сұрауға келдім, мүмкін сендер білетін шығарсыңдар, маған досым осындай шар сыйлаған еді (шарды мыжғылайды). Маған өте қызық болып тұр, ішінде не бар екен, өзі жұмсақ сияқты, мүмкін мақта бар ішінде? Тәрбиеші: кәне, балалар шардың ішінде не бар екенін айтайықшы (Дымбілмес шардың аузын ашып желді шығарады) -Қап! Сендер мені алдайын дедіңдер ме? Ал егер шар ішінде ауа бар болса неге мен оны көрмедім, ол бар болса, қайда тығылып қалды екен? (ауаны жан-жақтан қарап іздейді). -Дымбілмес тоқтай тұр, біз балалармен қазір саған бәрін айтып түсіндіреміз. Ауа ешқайда тығылып тұрған жоқ. Балалар ауа деген не, қалай ойлайсыңдар? Дұрысайтасыңдар, балаларауамен біз демаламыз, ауа болмаса, біз өмір сүре алмаймыз. Ауа таза болу үшін топқа бөлме өсімдіктерін өсіреміз. Тағы таза ауа болу үшін топта терезені ашып, даладан таза ауа кіргіземіз. Ауа далада да, үйде де бар. Бірақ біз оны көзімізбен көрмейміз. Өйткені ауа мөлдір және түссіз болады. -Енді Дымбілмеске тәжірибе жасап, ауаны ұстап алайық, солай ма балалар! Тәжірибе жасайтын адамдарды қалай атайтынын білгілерің келе ме? Зерттеушілер –Исследователи- Researcher, ал зерттеушілер қайда тәжірибе жасайды? Зертхана – Лаборатория- Laboratory «Ауаны қалай ұстап аламыз» Балалар мына үстел үстіндегі дорбаларды қараңдаршы, оның ішінде не бар? Енді біз оны үрлеп аузын бекітейік.. Біздің дорбаларымыздың іші ауаға толды. -Балалар, қараңдаршы дорбамыз үрленгеннен кейін қандай затқа ұқсайды? Ал енді дорбаның аузын босатып ауаны шығарамыз, енді қарайық, дорбаның ішінде бірдене бар ма? Ауаны қолмен ұстай алмаймыз. Дымбілмес: -Қандай керемет, ал ауаны көзбен көруге бола ма? Тәрбиеші: -Дымбілмес ауаны келесі тәжірибе арқылы көруге тырысайық. Ол үшін үстел басына отырайық. Дайын тұрған стақандағы суды түтікшемен үрлейміз, алдымен мұрын арқылы ауаны өкпемізге толтырып, аузымыздан түтікше арқылы суды үрлейік. Не байқадыңдар? Суда не болды? Шығып жатқан көпіршіктер ол ауа. Ауаның қозғалысын сезгілерің келе ме? Олай болса, үстел үстінде жатқан қатты қағазды қолымызға ұстап, бетімізге қарай желпітейік. Не сездіңдер? Осылайша ауа қозғалады. Дымбілмес: -Балалар, тәжірибе өте жақсы да қызықты өтіп жатыр, бірақ маған тағы бір сендердің көмектерің керек болып тұр. (Дымбілмес қолындағы суреттерді үстел үстіне қойып) -Сендер айтасыңдар, ауасыз өмір жоқ деп, сонда мына суреттегілердің бәрі ауаны қажет етеді ме??? Тәрбиеші: -Қанекей балалар, Дымбілмеске көмектесейік.Суреттерге мұқият қарап, ауа кымге қажет, солардың суретін алып магнипен тақтаға жабыстырайық. Дымбілмес: -Жарайсыңдар балалар! Сендер маған көрсеттіңдер ауа кімдерге қажет екенін, рахмет енді біліп жүремін.
Тәрбиеші: -Балалар, сендер ауаны адамдар қалай пайдалана алатынын білгілерің келе ме? Олай болса экранға назар аударайық. (экранда жел диірмені, батпырауық, желкенді кеме, дирижабль, парашют бейнеленген.) Осы суреттегінің бәрі желмен, ауаның көмегімен ұшады. Балалар парашютпен ұшқыларың келе ме? Олай болса «Парашют» ойынын ойнайық. Ойын «Парашют». Шеңбер бойымен айналамыз, Қолды жоғары көтереміз Парашютымыз ашылады, Астына бізді жасырады.
|
Амандасады
Балалар шардың ішінде ауа бар екенін айтады
Жоқ!
Өз ойларын айтады
Зертханада
-жастыққа, шарға ұқсайды. -«дорбаның ішінде ештене жоқ» деп жауап береді
Су көпіршіді
Балалардың жауаптары
-Жел сездік
Балалар орындарынан тұрып, тапсырма орындауға кіріседі.
Иә!
Иә!
|
Рефлексивті-түзетушілік/ Рефлексивно-корригирующий |
Тәрбиеші: Дымбілмес: Балалар, жарайсыңдар! Маған бүгін өте көңілді болды.Мен сендерден көптеген нарселерді үйрендім. Сендер ге құр қол келген жоқпын (сабын су таратады қолдарына) Тәрбиеші: Бәрекелді! Сабын сумен қалай пайдаланамыз, үрлейміз, оның ішіне ауа толып шар болып ауамен қалықтап ұщады.
|
Сыйлықты қуана қабылдайды.
|
Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:
Білу / Знать:ауа не үшін керек, ауа деген не?
Түсінуге тиіс / Иметь: ауаның қасиеттері жайлы ұғым болу керек
Істей білу керек / Уметь: өз әрекеттеріне түсінік беру, талдау, шағын ой тұжырымдарын жасай білу керек..

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген