400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 19.02.2019 жыл


Бекітемін: Д Жармахан

Тақырыбы: Анамыздың әлдиі.

Ә дыбысы мен әрпі.

Мектеп /МҰ: №110 мектеп-лицейі


Педагогтың аты-жөні: Бейсенбиева Г

Тобы: мектепалды даярлық «Г»

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу

жəне сөзсіз жеке айту.

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз,

жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз,

тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

0.3.1.1 Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне

ұсынылған үлгілер негізінде жазу.

0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті

ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтеже

Барлық тәрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап беріп, əңгіме желісін құру. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.

Ə дыбысы – дауысты дыбыс, жіңішке дауысты. Ə дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ə дыбысының орнын ажыратады.

Ə əрпінің баспа түрін жазады.

Сөйлем түрлерін ажыратып, соңына тыныс белгісін қояды.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап береді.

Берілген суретке қарап, сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (ажыратады.

Сөздегі дыбыс санын, ондағы ə дыбысының орнын ажыратады. Ə дыбысына сөз ойлайды.

Ə дыбысына (дауысты, жіңішке дауысты) сөз құрайды. Жазу жолына ə əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Ə дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.

Ə əрпінің элементін өз бетінше жазады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер :

Суреттер бойынша сұрақтар құрастыру.

Сөйлем түрлерін ажырата отырып, сөздің санын анықтап, буынға бөлу.

Сызбаға қарап сөйлем құру.

Қостілділік: сәби-малыш-baby

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу:

Өлеңнен Ə дыбысы бар қандай сөздерді естідіңдер?

Бұл сөздер кімге айтылады?

Жуан дыбыстармен жасалған сылдырмақ саған ұнай ма?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Ə əрпімен танысып, сөздерден таныс əріптерді ажыратады. Сөздердге

дыбыстық талдау жасайды. Сызба арқылы сөйлем құрайды.

Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 мин.

Өмірлік тәжірбиені маңыздандыру.

Мақсаты болжам.

3-5 мин.

Амандасу.

Үлкенге де сіз

Кішігеде сіз

Үлкендерді құрметтеп

Бас иеміз біз!

Жылулық шеңбері.

-Балалар, ортаға шығып жылулық шеңберін жасайық, келіңдер, шыға қойыңдар!

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Топқа бөлу. Әріптер арқылы балаларды топқа бөлу.

Ереже жазылған плакат.

ҰОҚ-ның ортасы

Тақырып бойынша жұмыс.

6-27мин.

Өткен ҰОҚ-дан алған білімдерін ұлттық «Ханталапай» ойыны арқылы ұйымдастыру.

Ойын шарты: ойын балалар шығады.

Талапай- ау, талапай,

Табылды ойын, алақай!

Асықты алға шашамыз дегенде асықты шашып жіберем әр бала бір асықан алады да тақтадағы сұрақтарға жауап береді.

Ойын барысында алған асықтарына байланысты берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берген топ қоржынына асық салып отырады.

«Ханталапай»

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді, ата?

-Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді, ата?

— Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

-Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

-Өткен оқу іс-әрекетте қандай әріппен таныстық?

-З әрпі қандай санға ұқсайды?

— Қаз сөзіне сөйлем құра.

— Ана сөзін буынға бөл.

-З дыбысы қандай дауыссыз дыбысқа жатады?

Жаңа сабақ.

Тыңдалым.

Бесік жырын интерактивті тақтадан әнді тыңдау.

-Балалар, өлеңнен ә дыбысы бар қандай сөздерді естідіңдер?

-Бұл сөздер кімге айтылады?

-Дұрыс, сәбиге айтылады.

Қостілділік: сәби-малыш-baby

Салт-дәстүр туралы сурет арқылы балаларға түсіндіру.

Топтық жұмыс.

Ә әрпіне байланысты суреттер құрастыру арқылы : «Кім жылдам?» ойынын балаларға ойнату.

Ә әрпі мен дыбысына байланысты суреттер:

—Балалар, әтеш, әліппе, әже ,әке сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?

Ә –жіңішке дауысты дыбыс. Қызыл текшемен белгілейміз.

Ә әрпімен таныс болу.

Ә әрпінің жазылу үлгісін көрсету.

Әжем,әкем ,әніміз

Әрқашанда сәніміз.

Енді білдік әдемі,

Ә әрпінің мәнін біз.

Сергіту сәті.

Кел, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Шаңырақты көтеріп,

Керегені құрайық.

Уықтарша иіліп,

Шаңыраққа қосылып,

Қазақ үйді құрайық.

Ұжымдық жұмыс. «Тізбектеп оқу»

Ә-же ә-жем

ә-ке ә-кем

шә шә-лі

дә дә-рі дә-ке

кә кә-рі кә-де

Дәптермен жұмыс.

Әліппе-дәптердегі ә әрпін жазу.

Топтық жұмыс.

1-топ. Кеспе әріптермен әже, әке сөздерін құрастыру.

2-топ. Берілген сөздерді оқып, суреттермен сәйкестендіру.

3-топ . Берілген сөздерді оқып, суреттермен

сәйкестендіру.

4-топ. Кеспе әріптермен әтеш,әткеншек сөздерін құрастыру.

Әже

Әке

Дәрі

Әтеш

Сәбіз

Асықтар

Интерактивті тақтадан бесік жырының видеоролигін көрсету.


Әліппе-дәптер.

Кеспе әріптер мен карточка.

Əліппе-дəптер.

IY. ҰОҚ-ның қортындысы.

Рефлексия.

«Бір минуттық әңгіме» тәсілі. СТО

Оқушының бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру.

Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді.

Үйге берген тапсырма туралы әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.

-Бүгін қай әріппен таныстық?

-Ә қандай дыбыс?

-Ә дыбысынан басталатын қандай сөздерді білеміз?

-Ә дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

-Ә дыбысы қалай айтылады?

-Ә дыбысын қандай түспен белгілейміз?

БАҒАЛАУ.

Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.

Балалардан бағдаршам әдісі арқылы бағалату,түсті қарындашпен бояуын сұрау:Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын– жасыл қарындашпен.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
433
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі