400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: Баға. Сан. Құн.

Тексерілді:


Мұғалімі:

Сынып:


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

2.5.1.2 – Есептерді шығару барысында «баға», «мөлшер» (сан), «құн» шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану.


Сабақ мақсаттары:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: «баға» , «сан», «құн» ұғымдарын біледі.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:Есеп шығаруда «баға», «мөлшер» (сан) , «құн» шамаларының арасындағы тәуелділікті пайдалануды, 200тг, 500 теңгелік

купюролар мен монеталарды ажыратуды және олармен түрлі операциялар жүргізуді біледі.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

«Баға», «мөлшер» (сан), «құн» ұғымдарына байланысты есептер құрастырады және шығарады.

Тілдік мақсат:

Жаңа сөздер: баға, сан, құн, теңге, монета.

Бағалау критерийлері:

Есептерді шығару барысында «баға», «мөлшер» (сан), «құн» шамаларының өзара тәуелділігін пайдаланады.


Құндылықтарды дарыту:

Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылықты дамыту

Ресурстар:

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  кәдесыйлар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, монета тәттілері.

Пәнаралық байланыстар:

Музыка, дүниетану,қазақ тілі,дене шынықтыру.

АКТ қолдану дағдылары:

Ноутбук,интербелсенді тақта.

Бастапқы білім

Теңге, монета және қағаз ақшаны ажырата алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 3 мин



























3 минут


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал.

Қонақтарды әрдайым
Ізетпен қарсы аламыз.
Маңыз беріп оқимыз,
Математика сабағын.
Күшімізді саламыз,
Терең білім аламыз.


  • Ал,балалар бүгін бізде ерекше сабақ.Келген қонақтарға өзіміздің білімімізді көрсете білейік.Сіздерге сәттілік.

  • Уақыттың тығыздығына байланысты топқа бөлініп алдыңыздар.Топтарыңыздың атауларына назар аударайық!Сіздерге үйге әр елдің ұлттық валюталары туралы ақпарат ізденіп келуге тапсырма берілді.Алдарыңыздағы валютаға қараңыздар,қай елдің валютасы? Қандай мәлімет айта аласыздар бұл валюта туралы?

  • Балалар ізденіп келген мәліметтері бойынша жауап береді.

Оқушылар топ болып отырады.

1 топ –Теңге

2 топ - Доллар

3 топ - Рубль

4 топ – Лира


Алдыңғы білімді пысықтау.

«Теңге жинау» ойыны арқылы алдыңғы білімді пысықтай келе жаңа сабақты ашу.

№4.Тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр.

25=25 40<100

70=70 42>40

Дескриптор:

1. Тура теңдіктер құрастырады.

2. Теңсіздіктер құрастырады.

(Балаларға дұрыс орындалған тапсырма үшін монеталар/қағаз ақшалар беріледі.)



Слайд-презентация




















Валюта суреттері









Теңге суреттері

Сабақтың ортасы

Жаңа білім

20 минут




















Білу және түсіну.

Олай болса бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Баға.Сан.Құн. Біз бүгінгі сабақта монеталарды ажыратуды,сатып алынған зат және тауарға төлем төлеуді,монеталармен әртүрлі амалдар орындауды үйренетін боламыз.

№ 1 тапсырма.Ауызша орындау.

«Баға», «сан», «құн» ұғымдарын естеріне түсіру.


Балаларға ашық хатты көрсете отырып,1 дана ашық хаттың

100тг және 5 дана ашық хаттың неше тг болатыны сұрақ қою арқылы түсіндіу.

  • Жарайсыздар! Ендеше тақтаға назар аударайықшы.

(Балаларға дұрыс жауаптары үшін монеталар/қағаз ақшалар беріледі.)



  • Балаларға ережені сұрақ-жауап әдісі арқылы түсіндіру.



(Балаларға дұрыс жауаптары үшін монеталар/қағаз ақшалар беріледі.)





- Жарайсыздар балалар! Ал балалар біз әр түрлі елдерге қыдырып барғанда сол елдің өмірі мен тұрмысын бейнелейтін кәдесыйларды естелікке немесе сыйлыққа алып келеміз иә?!Міне бүгін сіздер менің кәдесыйлар дүкеніме келдіңіздер.

- Сіздер дүкеннен қандай кәдесыйларды көріп тұрсыздар?

- Сіздерге таныс елдердің кәдесыйлары бар ма?

- Бағаларын қараңыз.

- Көрсетілген бағаны қандай қағаз ақша және монеталардан жинауға болады?





- Тамаша,жарайсыздар балалар! (Балаларға дұрыс орындалған тапсырма үшін монеталар/қағаз ақшалар беріледі.)

№2.Топтық тапсырмалар.Кесте бойынша есептер құрастырып,оларды шығар.(Дәптермен жұмыс)

-Балалар сіздерге берілетін келесі тапсырмада сіздер кесте бойынша есеп құрастырасыздар! Яғни,қолдарыңыздағы қағаз ақша мен монеталарға менің дүкенімнен суреттегі затты сатып алғанда сіздерде неше теңге қалады?


TextBox 1

400теңге


TextBox 2

? Теңге




  1. Болғаны – 800тг

Сатып алынды -600тг

Қалды-?

Ш:800-200=600

Ж:қалды 200 тг.

  1. Болғаны – 800тг

Сатып алынды-300тг

Қалды-?

Ш:800-300=500

Ж:қалды 500тг.

  1. Болғаны – 1000тг

Сатып алынды – 900тг

Қалды-?

Ш:1000-900=100

Ж: қалды 100тг

  1. Болғаны – 600тг

Сатып алынды- 400тг

Қалды-?

Ш:600-400=200

Ж: қалды 200тг.


Дескриптор:

1.Ақшамен төлем жасауды біледі.

2. Кесте бойынша есеп құрастырады.

3.Есептерді шығарады.

(Оқушыларды монеталар/қағаз ақшалармен бағалап отыру).

№3.Теңдеулерді шеш.

Балалар біздің дүкеніміздің келесі тапсырмасы теңдеулер шешу.

  • Теңдеу дегеніміз не ? Есімізге түсірейікші.

  • Теңдеу дегеніміз белгісіз компаненті бар өрнек.

  • Иә,дұрыс айтасыңдар.

Ендеше балалар теңдеу шешуді есімізге түсірейік.Мұғалім 1 теңдеуді түсіндіре отырып тақтаға шығарады.

85-х=35

X=85-35

X=50

85-50=35

35=35


Келесі теңдеулер сіздерге топта бірлесе орындауға беріледі.


27+y=92 61-x=12

Y=92-27 x= 61-12

Y=65 x=49

27+65=92 61-49=12

92=92 12=12


  • Балалар теңдеулерді шешеді.

(Балаларға дұрыс орындалған тапсырма үшін монеталар/қағаз ақшалар беріледі.)


Оқулықпен жұмыс.

Слайд-презентация



















































Топтық

жұмысқа арналған ресурстар

Сергіту сәті

2 минут

Мен қазақпын.


Оқушылар

би билеп сергіп

қалады.

4 минут


Дүкеніміздің соңғы тапсырмасы берілген өрнектерді жылдам әрі дұрыс салыстыру.


№5.Есептемей салыстыр.


Кәдесыйлар дүкені берген тапсырмаларды тақтада орындау.


400+200=200+400 19+58< 58+20

38-16 >38-20 3*5>3*3

700-300 < 700+200 6*4 > 4*5


Дескриптор:

1.Өрнектерді салыстырады.

2. Салыстыруды тексереді.

(Балаларға дұрыс орындалған тапсырма үшін монеталар беріледі.)


Оқулық,

қабырғаға

ілінген

ватмандар,

түрлі-түсті маркерлер.

Топтық

жұмысқа

арналған ресурстар.

5 минут









Ой қорыту.

  • Жарайсыздар балалар.Ал, ендеше жинаған қағаз ақша мен монеталарымызды санайықшы ? Неше теңге жинадыңыздар?

  • Балалар топпен бірге есептейді.

  • Топтарды жинаған монеталары бойынша мадақтау.

  • Балалар бүгін сіздердің сабақты түсінгендеріңізді тексеру үшін мен әр топтан 1 оқушыдан шақырғым келіп тұр. Менің дүкенімнен жинаған қағаз ақша мен монеталарыңызды есептеп, қазақ халқының ұлттық тағамдарын сатып аласыздар.

  • Әр топтан 1 бала шығады да,кез келген тағамды немесе кәдесыйды сатып алады. Және неше ақша қалғанын анықтайды.

  • Жақсы,рахмет балалар!


Тақырып бойынша түйген білімдерін тексеру.

Сабақтың соңы

Кері байланыс

3 минут

  • Бүгінгі сабақта белсене атсалысқандарыңыз үшін менің кәдесыйымды қабыл алыңыздар.(Балалар монета тәттісі таратылады).

  • Байқасаңыздар кейбір тәттілерде сұрақтар берілген. Қане кімге түсті екен сұрақтар?

Балаларға бүгінгі сабақтан алған әсерлері бойынша сұрақтер беріледі.

  • Сізге бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

  • Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз?

Сабақтан

алған

әсерлері

бойынша өз ойларын айтады..

Үйге тапсырма: 49 бет №4 тапсырма




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі