жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ
Пән: Қазақ тілі |
|
||
Күні: |
|
||
Сынып: |
|||
Сабақ тақырыбы: |
Дене мүшелері. |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.1.1.1 ауызша тіл және тыңдау-көру материалын тыңдау және қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау. |
||
2.1.5.1 тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттау. |
|||
2.2.3.1 тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сухбаттасының не туралы айтқанын түсіну. |
|||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: қарапайым сөйлемдердің түсініп қайталау. |
||
Көбі: белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысады және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді. |
|||
Кейбірі: тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттайды. |
|||
Күтілетін нәтиже |
Қазақ тілінде дене мүшелері туралы ақпарат береді, сөздерді қазақ тіліне аударады, диалог құрайды. |
||
Жаңа сөздер: |
Көз, мұрын, құлақ, ауыз, тіс. |
||
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі заттардың суреттері, А4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, маркерлер, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер. |
||
Оқыту әдістері: |
Түсіндіру, сұрақ-жауап, диалог, «Шаттық шеңбері», «Кім тапқыр?» ойыны, постер, «Баспалдақ» тәсілі, «Кері байланыс» әдісі, сергіту жаттығуы. |
||
Дереккөздер: |
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік
|
||
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
Мұғалім сыныппен сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді. Балаларды «Шаттық шеңбіріне» тұрғызып бір біріне сабақта сәттілік тілейді. -Балалар, бүгінгі көңіл күйлерін қандай? -Сабаққа белсене қатысуға дайынсыңдар ма?
|
Мұғалім амандасады. Қойылған сұрақтарға жауап береді. Жақсы тілектер айтады. |
|
Өткен сабақты тексеру |
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. |
Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
|
І. Қызығушылықты ояту |
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан дене мүшелеріне қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: -Балалар, дене мүшелері жайлы не білесіңдер? Дене мүшелерін атап беріңіздерші.
|
Слайдтарды көреді, сипаттайды, дене мүшелерін атайды. |
|
ІІ. Мағынаны тану |
1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды, оқиды. |
|
Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады |
Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. |
||
2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді.
|
Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды, жаңа сөздерді қайталайды. |
||
3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. |
Жазылым. Сөйлем құрайды, сөйлемдерді толықтырып жазады. |
||
Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады. «Кім тапқыр?» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. |
Айтылым. Ойынның шарты бойынша суретке қарап, бірінші оқушы қай мүшені атаса, екіншісі сол мүшенің нөмірін айту тиіс. |
||
4. Мәнерлеп оқу. «Кел, жаттығайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады |
Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды. |
||
5. Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардың бойын жазу үшін орындарынын тұрғызып, сергіту жаттығуын жасатады. Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық! Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Бой сергітіп алайық! |
Орындарынан тұрып, сергіту жатығуын жасайды. Мұғаліммен бірге тақпақты қайталайды. |
||
Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады. «Дене мүшелері» тақырыбына постер жасатқызады. |
А4 парағына тақырыпқа қатысты постер дайындайды. |
||
ІІІ. Ойтолғаныс |
Жүптық жұмыс. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады. |
Айтылым. Диалог құрады. |
|
ІV. Бекіту |
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады. |
Айтылым. Суреттерді сәйкестендіреді. |
|
V. Бағалау |
Формативті бағалау. Баспалдақтың суреті салынған парақ таратады. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. |
«Баспалдақ» үлгісі бойынша оқушылар өзін бағалайды. |
|
VІ. Үйге тапсырма |
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау. |
|
|
VІІ. Рефлексия |
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді. |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл күйлерін білдіреді. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген